БАЛА МЕН СУРЕТТЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН АРЫСТАН
Эзоптың мысалы
Дүниеде жасқаншақ бір шал өмір сұріпті, оның жалғыз ұлы болыпты. Әкесі бәрінен де баласыныңаң аулауға құмарлығы мен оның батылдығынан қорқыпты. Бірде оның түсіне оның арыстан өлтіретіні кіріпті. Түсі орындалатынынан қорқып, әкесі ұлына өте үлкен, әсем үй салып, баласы әрқашан көз алдында болу үшін, оны биік жерге қойыпты. Ұлының көңілін аң аулаудан басқа жаққа қалай аудару және оның ынтасын қанағаттандыру үшін әкесінің өтініші бойынша жаңа үйдің қабырғаларына әртүрлі жануарлардың суретін салдырыпты, солардың біреуі арыстан болыпты. Бірақ бұл суреттерді қарай жүріп, жас жігіт бойын билеген қамығуды жеңе алмапты.
Бір күні ол қабырғалардың біріне жақындап, ондағы арыстанмен ұрысады: «Ah, сені ме, сайтанныңқұбыжығы! Мен сен үшін және әкемнің түсіне бола осында, мына түрмеге қамалдым. Сағаннне істесем екен?»
Осыны айтады да, ол арыстанның көзін шығару үшін қабырғаны жұдырығымен ұрады. Бірақ оның тырнағының астына тікен тұрып қалып, ол оны суырып ала алмайды. Саусағы қатты ауырып, ісіп кетеді. Қызуы көтеріліп, безгек басталады. Безгегі қатты болғаны сонша, жас жігіт одан өліп кетеді.
Арыстан тек суретте бейнеленгенімен, шынында, оның әкесіне сәуегейлік етілгендей, жас жігітті өлтіріпті.
Сұрақ 6: ЭЗОП
Мысалда не туралы жазылған?
А) Баласы әкесін құрметтеуге лайық
В) Әкесі баласының махаббатына ие бола алмады
С) Әкесі баласын сақтап қалғысы келді
D) Баласы әкесіне бойұсынуға үйренгелі жатыр
Сұрақ 7: ЭЗОП
Төменде осы мысалды оқыған екі адамның әңгімесінің бөлігі берілген
Қалай ойлайсыз: суреттегі арыстан жігітті өлтірді ме, жоқ па?
Мысалдың мағынасын қалай түсінгеніңізді көрсетіп, жазыңыз.
Сұрақ 8: ЭЗОП
Әңгіме екі жарым мың жылдан астам уақыт бұрын жaзылғaн.
Қалай ойлайсыз, әкесінің баласына деген сезімі мен әрекеттері біздің заманға сай ма? Оның баласына қарауын біздің заманымыздағы ата-аналардың балаларына қарауымен салыстырыңыз. Жауабыңызды осы әңгімеге сүйене отырып беріңіз.
Әке – баланың қамқоршысы, ақылшысы, өмірдегі тірегі. Ол баласына тек қана жақсылық тілейді. Әрине, қанша уақыт өтсе де, ата-ананың мейірімі секілді асыл қасиеттер еш уақытта жоғалмайды. Сондықтан әңгімедегі негізгі идея осы заманның да өзекті мәселелерін танытады.
Тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |