Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?



бет7/13
Дата06.01.2022
өлшемі109,01 Kb.
#15701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Оқушыларға кеңес


  1. Нұсқауды оқыңыз. Әдетте тапсырмаларда екі тізімде/бағанда сәйкестендіруді қажет ететін элементтер болады. Қарым-қатынасты/тәуелділікті/заңдылықты анықтау үшін екі тізімге де назар аударыңыз.




  1. Сәйкестікті табу үшін бірінші тізімді бастапқы нүкте ретінде қолданыңыз және екінші тізімге ауысыңыз. Бұл үдеріс сіздің ойлауыңызды ұйымдастырады. Ол сондай-ақ сіздің жауап беруіңізді тездетеді, себебі сіз екінші тізіммен танысасыз және алдыңғы ретте тізімді қарау кезінде көргеніңіздей, арақатынасты анықтауға мүмкіндігіңіз болады.




  1. Сәйкестікті анықтамас бұрын барлық тізімге көз жүгіртіп шығыңыз. Егер сіз бірінші мүмкін жауаппен арақатынасты анықтайтын болсаңыз, қате жіберуіңіз мүмкін, себебі тізімдегі жауап кейінірек дұрыс сияқты көрінуі мүмкін.




  1. Дұрыс жауапты тапқаныңызға сенімді болсаңыз, екінші тізімдегі элементтерді сызып тастаңыз. Бұл сіздің сеніміңізді арттыруға және жинақы болуыңызға көмектеседі.




  1. Барлық сәйкестіктерді түгел анықтамайынша, дұрыс жауап туралы болжам жасамаңыз. Егер сіз жауапты басында тапсаңыз, онда бұл жауапты келесі таңдау үшін қарастырмайсыз.

21


Жабық тапсырмалардың бірқатар артықшылығы мен кемшіліктерін атап көрсетуге болады.
Балл қоюдың оңайлығы мен оларды есептеу жеңілдігі, осы мақсатта АКТ қолдану мүмкіндігі, жауап үлгілерінің ұсынылуы, тапсырманы орындауға аз уақыттың қажеттігі жабық тапсырмалардың артықшылығына жатады.
Ал олардың кемшілігіне тапсырмалардың тар ауқымдағы білімді тексеретінін, оқушылардың дұрыс жауапты кездейсоқ анықтау мүмкіндігін, тапсырманы орындауда оқушының қалай ойлағанын байқау мүмкін еместігін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет