Байланысты: Ашық және жабық тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек
Ашық тапсырмалардың сапасын бағалауға арналған сұрақтар:
Тапсырма оқу мақсатына, бағалау критерийлеріне, көрсетілген ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Сұрақтың немесе тапсырманың берілуі түсінікті ме (бірін-бірі терістеу, қажетсіз қиын сөздер, күрделі синтаксис, сленг, диалект сөздер, жаңылтпаш сөздердің қолданылмауы, т.б.)?
Тапсырманың шартында дұрыс жауабына (тура немесе/және жанама түрде) меңзейтін тұстары жоқ па?
Тапсырмалардың күрделілік деңгейі жеткілікті ме?
Суреттер, диаграммалар, сызбалар және т.б. анық па?
Грамматикалық және орфографиялық қателер жоқ па?
Дескрипторлар/бал қою кестесі тапсырмаға сәйкес анықталған ба?
Тапсырманы орындауға бөлінген уақыт жеткілікті ме?
Тапсырманың (сұрақтың) шартында оқушылардың жауабында ескерілетін шектеулер берілген бе?