Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



бет1/2
Дата02.06.2023
өлшемі345,65 Kb.
#98105
  1   2
Байланысты:
11 тжб (1)


Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



  1. Нанотехнологиялардың қолданыс аясын сипаттап жазыңыз.

a) нанотехнология техникада:__________________________________________________


[1]
b) нанотехнология медицинада: ________________________________________________
[1]

2. а) физикалық шамаларды сипатталарымен сәйкестендіріңіз.


[2]




1

Жұлдыздың жарқырауы

A

жерден 10 пк қашықтықтағы жұлдыздың көрінерлік жұлдыздық шамасы



2

Абсолют жұлдыздық шама

B

аспан шырақтарының жасайтын жарықтарының өлшемі



3

Жұлдыздық шама

C

бірлік уақыт ішінде жұлдыз бетінен шығарылатын энергия



4

Көрінерлік жұлдыздық шама

D

ұғымын алғаш рет б.з.б. II ғасырда Гиппарх енгізген



b) абсолют жұлдыздық шама мен көрінетін жұлдыздық шаманың айырмашылығын жазыңыз; . [2]


3. Көрінерлік жұлдыздық шамасы m=2 болатын жұлдыз 250 пк қашықтықта орналасқан. Осы жұлдыздың абсолютті жұлдызды шамасын анықтаңыз.


[2]

4.Күннің абсолют шамасы M=+4,8m . Оның көрінерлік жұлдыздық шамасын


табыңдар. Күнге дейінгі қашықтықты 150 млн км деп есептеңдер.
[2]

5. Күн сәулесінің спектрін анықтау барысында оның энергетикалық жарқырауының спектрлік максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы 500 нм. (=5.67*10-8 Вт/м2K 4 , b=2.9*103 м*К) Күнді абсолют қара дене деп есептеп, Абсолют температурасын анықтаңыз.


[2]

6. Жоғарыда берілген (4) тапсырманың мәліметтерін қолдана отырып, абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауын анықтаңыз.


[2]

7. Суретте Герцшпрунг-Рассел диаграммасы бейнеленген.

а) төменде көрсетілген бес тұжырымнан дұрысын(тарын) анықтап дөңгелектеп белгілеңіз:
[1]
1) Ақ ергежейлердің массасы Күннің массасынан едәуір асып түседі;

2) Алыптардың жарықтығы Күннің жарықтығынан он мың есе көп;


3) Антарес жұлдызы негізгі тізбектегі Жұлдыздарға жатады, өйткені оның радиусы күн радиусынан 900 есе көп;


4) Күн O спектрлік класына жатады;


5) негізгі тізбекте жұлдыздардың шамамен 90% -ы орналасқан;


b) (а) тапсырмасында берілген бес тұжырымның қателерін анықтап, неліктен қате екендігін түсіндіріп жазыңыз.


[3]

8. Бақылаушыдан алыстап бара жатқан галактиканың сәулелену спектріндегі қызыл


ығысу 0,003.

a) галактиканың біздің Галактикамыздан алыстау жылдамдығын анықтаңыз;


[2]
b) оған дейінгі қашықтықты анықтаңыз;
[2]
9. a) Үлкен жарылыстың жалпылама теориясы бо­­йынша Әлемнің эволюциясын
төрт негізгі кезеңдерін жазыңыз:
[1]
1)___________________________

2)___________________________


3)___________________________


4)___________________________


b) Әлемнің заманауи модельдерінің авторларын атаңыз;


[1]
с) бұл модельдердің мәні неде?
[1]

10. Оқушы мыстың тығыздығын анықтау барысында төмендегідей мәліметтерді алған:


масса m=500±0.1 g


ұзындығы l=100.0±0.1 cm


ені w=20.0±0.1 cm


қалыңдығы t=0.30±0.01 mm


Төмендегі формуланы қолдана отырып


ρ= 𝑚/𝑤𝑙𝑡

а) алюминий тығыздығын анықтаңыз;


[1]
b) өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз;
[2]
c) өлшеудің абсолют қателігін анықтаңыз;
[2]




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет