Цифрлік сауаттылық - бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.
|
Жетістікке апаратын қадамдарды көрсету арқылы әр тақырыпты түсіндіру барысында оқушыларға неғұрлым түсінікті тілде жеткізу, информатика пәні компьютермен байланысты болғандықтан цифрлі жүйені түсіну, қолдану, ағылшын тілін меңгеру, ұғыну барысында оқушылармен бірге талқылау, ең бастысы алдында орындалған жұмыс пен салыстыру арқылы өзін-өзі жетілдіруді тексеру.
|
оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады;
– оқушының білімі қысқа мерзімде және кез келген уақытта бағаланады;
– орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады;
– интерактивті тақтаны еркін қолданады;
– ақпараттық мәдениетін дамытады;
– сабақта уақыт та үнемделеді;
– оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды;
– зерттеу дағдылары дамиды;
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады.
|