Тапсырма:«Кім және не мейірімді?»



Дата18.06.2023
өлшемі20,7 Kb.
#102062
түріСабақ
Байланысты:
Сынып сағатв


Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы “Мейірімділік” Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.
«Мейірімді адам» бойындағы қасиеттерді атар өтсек: жақсы адам, ақкөңіл, жаны таза, шыдамды, рақымшыл, жылы жүректі. Енді осындай адам деп кімді айтар едіңдер?
– Әрине мейірімді жандардың қатарында ең бірінші біздің аналарымыз тұрады екен.
– Адамзат ненің,кімнің мейіріміне бөленген?
– Күн, табиғат, ана, ұстаз, дәрігер және тағы басқалардың мейіріміне бөленеді. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп көрейікші:
«Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар?


Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)
Күлімдеген …. мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ …. мейірімді! (қар)
Таза мөлдір…. мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған …. мейірімді! (жер)
Аяулы …. мейірімді! (анам)
Қадірлі …. мейірімді! (әкем)
Әлпештеген …. мейірімді! (әжем)
Еркелеткен …. мейірімді! (атам)
Жылы жүзді …. мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті …. мейірімді! (достарым)
Жағдаяттарды шешу:
1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?
2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты , сен не істер едің?
3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?
4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?
Мұғалім: -Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.
Сабақты бекіту: -Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер? Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, не үйрендіңдер? (оқушылар жауабы)
-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет