Тапсырмалар Халықаралық стандарттау жүйесінің қажеттілігінің маңызы



Дата20.10.2022
өлшемі18,19 Kb.
#44455
Байланысты:
Халықаралық



Тапсырмалар
1.Халықаралық стандарттау жүйесінің қажеттілігінің маңызы.
2.Халықаралық стандарттау жүйесі және оны біздің елде қабылдау қажеттілігі.
1.Барлық елдердің арасында сауда, экономикалық,ғылыми-техникалық ынтымақтастығын құру үшін халықаралық стандарттау жүйесінің маңызы өте зор. Халықаралық стандарттардың қажеттілігі уақыт өткен сайын айқындалып келе жатыр, өйткені, халықаралық нарыққа шығарылатын өнімдер түрлеріне тағайындалған ұлттық және халықаралық стандарттардың арасындағы айырмашылықтар халықаралық сауданы дамытуға кедергі жасауда. Халықаралық сауданы дамытудың проблемаларын шешуде стандарттардың арақатынастық фцнкциясы анық көріне бастады.Халықаралық стандарттау адамдардың, энергияның және ақпараттфқ алмасуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты халықаралық стандарттар рыноктарды ашатын құлып деген ұғым қалыптасқан.Стандарттау саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың негізгі мәселесі - үйлестіру, яғни Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесін басқа елдердің халықаралық, аймақтың, ұлттық жүйелерімен қиыстыру. Мұның мақсаты отандық өнімдердің сапасын және әлемдік нарықта оның бәсекеге жарамдылығын жоғарылату.Стандарттау жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты халықаралық, аймақтық мекемелер жүзеге асырады.
2. 1992 жылдың 13 наурызында стандарттау саласында «Келісілген саясатты жүргізу туралы» ТМД елдерінің Келісіміне қол қойылып, мемлекетаралық стандарттау жүйесінің негізі қаланды. Бұл құжат бойынша мыналар танылды: қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттар мемлекетаралық стандарттар ретінде, бұрынғы КСРО эталондың базасы ортақ мүлік ретінде, стандарттау, сертификаттау және метрологияжүйелерін өзара тану үшін екі жақты келісімдердің қажеттілігі. Мемлекетаралық деңгейде стандарттау, сертификаттау және метрология бойынша мемлекетаралық кеңесқұрылды. Оның негізгі функциялары: стандарттау саласындағы қызметтің басты бағыттарын айқындау; мемлекетаралық стандарттардың жобаларын бекіту, стан- дарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларға қажетті шығынның сметасын талқылау және қабылдау. Мемлекетаралық стандарттар және оларға енгізілетін өзгерістер кеңес шешімімен қабылданады, ал кеңес жиналыстары жылына екі рет өткізіледі. Бес жылда (1992-1997 жж.) Кеңестің шешімімен 2500 нормативтік құжаттар қабылданды. Олар негізінде міндетті сертификаттауға жататын өнімдерге техникалық талаптарды белгілеу бағытталған. Қабылданған стандарттар халықаралық стандарттармен үйлестірілген, яғни ТМД елдерінің дүниежүзілік нарыққа шығуына мүмкіндік туғызады. Мемлекетаралық кеңестің атқарып отырған нәтижелі жұмыстарын бағалай отырып, стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ИСО) оны стандарттаудың халықаралық аймақтық мекемесі ретінде таныды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет