Тіл анықтамасы
Өмірде алуан түрлі құбылыстар бар. Олар табиғат құбылыстары және
қоғамдық құбылыстар болып екіге бөлінеді. Тіл қоғамдық құбылыстардың
қатарынан орын алады. Ол – қыр сыры мол, күрделі құбылыс. Тілдің
табиғатын (мәнән) танып білу үшін оның басты қасиетін айқындап алудың
маңызы айрықша. Тілдің табиғатын айқындайтын еңбасты қасиеті делініп,
әдетте, оның қатынас құралы болу қызметі аталады. Тілдің қызметін түсінуде
бұл анықтаманың үлкен маңызы бар. Тіл – адам баласы қоғамында қатнас
құралы, сөйлесіп, пікір алысудың құралы ретінде пайда болады. Тарихта
мұндай коллектив алғашында ру, таипа түрінде, кейінде халық тілі, ұлт
болып өмір сүрді, осыған орай ру тілі, таипа тілі халық тілі болады. Адамдар
ұжымына – мейлі ол ру немесе таипа болсын, халық немесе ұлт болсын -–
осылардың бәріне де тіл қатнас құралы ретінде қызмет атқаруы, оның
табиғатын мәнін айқындайтын басты қасиеті деуімізде осыдан.
Тіл мен қоғамның өзара тығыз байланысы – екі жақты байланыс. Біріншіден
тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. Тіл жоқ жерде адамдардың қоғамда
бірлесіп еңбек етуі, қоғамдық өндірісті ұйымдастыруы оны дамытуы мүмкін
емес. Демек қоғамның өмір сүруі адамдардың бірлесіп еңбек етуі үшін қатнас
құралы, пікір алысудың құралы – тіл қажет. Тіл – адам баласы қоғамының
өмір сүруінің және дамуының қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде
ғана өмір сүреді. Қоғам – тілдің өмір сүруінің шарты, қоғамнан тыс,
адамдардың ұжымынан тыс тіл жоқ. Қоғамның өмір сүруі адамдардың
бірлесіп еңбек етуі үшін қоғам соншалықты қажет.
Сонымен, тілге анықтама беруде ең алдымен оның әлеуметтік қызметі яғни,
қоғамдағы адамдардың қатнас құралы болу қызметі негізге алынады. Тіл
қатнас құралы ғана емес, сонымен бірге ойлаудың, ойдың жарыққа
шығуының да құралы. Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен
сөйлемдер арқылы айтылып, белгілі алады. Ол және оның мазмұны тіл
арқылы көрініп, сол арқылы ұғынылады. Демек, ойлаумен тіл бір –бірімен
өзара тығыз байланыста болады (бұл жайында толығырақ мағлұматты келесі
параграфтан қараңыз). Осылай болғандықтан, тілдің табиғатын айқындауда
оның (тілдің) қатынас құралы болу қызметімен бірге ойлаудың және ойды
жүзеге асырудың құралы, ойдың материалдық формасы екендігі де ескерілуі
қажет.
Тілдің қатнас құралы болу қызметі мен ойлаудың құралы болу қызметіне
қоса тағы бір қызметі бар: ол – экспрессивті қызмет. Тілдің экспрессивті
қызметі делініп, әдетте, оның адамның субьективті қатынасын, сезімі мен
эмоциясын білдіру қызметі аталады. Тілдің экспрессивті қызметінің, ондағы
эмоциальды – экспрессивті құралдар мен тәсілдерінің ойды көркемдеп
әсерлеп жеткізуде, әсіресе көркем әдебиетте маңызы айрықша күшті.
«Сөз барлық фактілердің, барлық ойдың киімі» Шынында да, тіл – халықтың
тарихы, шежіресі, халықтың күллі өмірінің жаңғырығы мен ізі: онан сол тілді
жасаушы халықтың арманы мен үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани
өмірінің үні естіліп тұрады. К.Д.Ушинский тілдің осы бір қасиеттері
жайында былай деп жазады: «Тілде бүкіл халықтың, оның бүкіл елінің рухы
көрінеді, онда халықтық рух творчества қуатымен ойға, суретке айналады,
отан аспанының дауысы, оның ауасы, физикалық құбылыстар, оның
климаты, оның даласы, таулары мен жазықтары, оның ормандары мен
өзендері, оның дауылдары мен найзағайлары көрінеді… Халық тілінің айқын
да тұнық тереңінде туған елдің жалғыз табиғаты ғана емес, сонымен бірге
халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы сәулеленіп көрінеді».
«Тіл – көркем әдебиеттің бірінші элементі». Халық тілінің байлығынан
суырылған, оны творчестволықпен игере білген, оның күші мен қуатын
бойына сіңіре алған жазушы ғана нағыз көркем, нағыз әсерлі шығарма жаза
алады. Тіл – қуатты құрал. Оның қуаты мен құдіреті ғажайып бейнелелігі мен
алмас қылыштай өткірлігі, әсіресе, көркем әдебиет пен публицистикада
көрінеді
де,
айрықша
әсерлі
күшке
айналады.
А.М.Горкийдің
«Дауылпазының» өткір тілі қаншама қуатты десеңізші! Жамбыл Жабаевтың
пафос пен патриотизмге толы «Ленинградтық өрендерімнің»Ұлы Отан
соғысында кеңес жауынгері мен халқына күш, жігер беріп, жауға қарсы
аттандыруында еткен әсері, әрбір сөзінің қуаты, дауылпаздай саңқылдаған
дауысының құдіреті баршамызға аян! Ол ешқашан да ұмытылмақ емес. Ол
Кеңес Одағы халықтарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі теңдесі жоқ ерлік
істерінің шежіресінде жазулы тұр!
Көркем сөздің баурап алатын күші ерліккі, Отанды сүюге, адамгершілікке
тәрбиелейді. Тілдің әсерлі күшке айналуы үшін оның ашық, айқын, әрі өткір,
әрі көркем болуы шарт:М.Горкий: «Тілдің күші тәрізді әрекет ететін шынай
әдемлігі дәлме – дәлдік, айқындылық, сөздің үнділігі арқылы жасалады» дей
келіп, тілдің тазалығы, дәлме-дәлдігі үшін күресу керек деген талап қойды.
Айтайын дегеніңді дәлме-дәл, ашық, айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру
әрқашан оңай бола бермейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын,
көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағнасы мен өткірлігін, эмоциональды
бояуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру үшін көптегенөкөп
жаттыға білу қажет.
Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты
белгі оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ
тілдің қоғамға қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы базис
пен қондырманың,қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға
экономикалық қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық
және басқа идеялар арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың
нормалын жасап береді. Демек тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы,
базис пен қондырма, қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа
қоғамдық құбылыстардан айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі
мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде, адамдардың қатнас құралы, пікір алысу
құралы, бірін-бірі түсіну құралы ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің
барлық саласында: өндіріс пен экономикалық қатнастар саласында да, саясат
пен мәдениет саласында да, қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да
бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет етеді. Демек,
тіл адамның ісі әрекетінің барлық саласын қамтиды, осыған орай, оның
қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады. Тілдің бұл ерекшелігі оның ең
басты қызметі – қатнас құралы болуынан келіп туады.
Тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына енгенімен, оны басқа қоғамдық
құбылыстармен, мысалы, қондырмамен немесе мәдениетпен теңдестіруге
болмайды. Н.Я.Маррдың және оны қолдаушылардың тілді қондырмалық
құбылыстардың қатарына жатқызуды тіл біліміде елеулі қателіктерге
соқтырады. Тіл білімі жайындағы 1950 жылғы дискуссияда ол қателіктер
сынға алынып, тіл туралы теріс қағидалар түзетілді.
Қондырма белгілі бір базистен тус және базистің өгеруінен қондырма да
өзгеріп, жаңа базиске сай жаңа қондырма туса, тіл ескі не жаңа базис
тарапынан туған емес, ол талай заманның жемісі. Бір базиспен оның
қондырмасының ғана емес, бірнеше базистің және соған сәйкес бірнеше
қондырманың туып, жойылуы да тілдің жойылуына әкеліп соқтырмайды.
Демек тіл қандай базистен, қандай қондырмадан болса да анағұрлым ұзақ
өмір сүреді. Мұның бәрі тілдің тұрақты құбылыс екендігін көрсетеді.
Тіл қатнас құралы ретінде жалпы халықтық қасиетін сақтайды.Тіл
мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен
теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса, тілді мәдениетпен
теңестіру, бірдей деп есептеу де соншалықты қате болмақ. Мәдениет
идеологиялық, яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай,
ол буржуазиялық та, социолистік болуы мүмкін. Ал тіл қатнас құралы
ретінде әрқашан жалпы халықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке
де, социолистік мәдениетке де бірдей қызмет ете алады. Тілдің өндіріс
құралдарымен
қызмет
ету
жағынан
ұқсастығы
бар.
Тіл
мен
өндірісқұралдарының ұқсастығы мынада: тіл де, өндіріс құралдары да әр
басқа қоғамдық құрылысқа бірдей қызмет етеді, қондырмаға қоғамдағы
таптарға талғаусыз қарайды. Дегенмен, тіл мен өндіріс құралдарын теңестіру,
оларды бірдей деп есептеу қате болар еді. Бұлардың арасында түбірлі
айырмашылық бар: өндіріс құралдары материалдық игілік өндіреді, ал тіл
ештеңе өндірмейді, адамдардың қатнас құралы, сөйлесу, түсінісу құралы
ретінде қызмет етеді.Тіл – адамдардың қатнас құралы болуымен бірге, пікір
алысатын, бірін-бірі түсінісетін құралы, қаруы.
Достарыңызбен бөлісу: |