Тарату электр


 Аспалы тіректерді керме тіректерге ауыстыру



Pdf көрінісі
бет198/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   331
Байланысты:
e78184c9d558274295412f714cb179e2 original.8467165

7.3.3 Аспалы тіректерді керме тіректерге ауыстыру 
     
1) 
Жұмыс тобының құрамы және міндеттерді бөлу  
1) 
Барлық  жұмыс  жоспарын  дайындауға,  қауіпсіздік  талаптарына,  қызметкерді  ұйымдастыруға, 
қауіпсіздікті  бақылауға  және  жұмыс  уақытында  еңбекті  қорғауға  жауапты,  жұмыстардың  бір 
басшысы. 
2) 
Құрал-саймандар  мен  материалдарды  беруге  және  жұмыс  алаңын  басқаруға  жауапты,  екі 
жердегі жұмысшы. 
3) 
Оқшауланған себеттегі төрт электрмонтер. Олардың екеуі жұмыстарды жүргізуге жауапты, ал 
басқа екеуі жұмыста көмекші болады. 
2) 
Жұмыс құрал-саймандары мен материалдары 
Аспалы тіректі кермеге ауыстыруға қажетті құрал-саймандар мен материалдар 7.13- 
кестеде келтірілген. 
3) 
Жұмыс кезеңдері 
1) 
Құрал-саймандар  мен  материалдарды  тексеру  және  қорғайтын  қоршаулар  мен  белгілерді 
орнату. 
2) 
Жұмыс  басшысы жұмыс учаскелерінің соңында сымдардың бекітілуін  тексереді.  Қажет  кезде 
алдыңғы  және  артқы  сымдар  және  аспалы  тіректегі  оқшаулағыштар  берік  бекітілуі  немесе 
оқшаулағыштардан құлауды болдырмау үшін басқа шаралар қабылдануы тиіс. 
3) 
Оқшаулайтын бөлімі бар көтергіш құрылғыны алдын ала белгіленген жерге тұраққа қою және 
жұмысқа қабілеттігін тексеру керек. 
Оқшаулауды тудыру үшін кернеулі жердегі бөліктер мен жерге тұйықталған бөліктерді жабу 
керек.  Тірек  7.12(а)  -суретте  көрсетілген.  Оқшауланған  себеттегі  төрт  адам  7.12(b)-суретте 
көрсетілгендей,  қауіпсіз  қашықтық  туралы  талаптарға  жауап  бермейтін,  кернеулі  жердегі 
бөліктерді  және  жерге  тұйықталған  бөліктерді  экрандау  мен  оқшаулау  үшін  (траверсті, 
оқшаулағыштарды және перифериялы желілік сымдардың алдын ала орнатылған траверстерін; 
оқшаулағыштарды  және  жоғары  вольтты  ажыратушы  ауыстырып-қосқыштарды  қоса  алғанда) 
сымның экрандаушы жабынын қолданады. Оқшаулайтын жабынның және оқшаулаудың көлемі 
электрмонтер жұмысының аясынан 0,4 м кеңірек болуы қажет. 
 
 
 


187 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет