A ‐ 2.5.1.3 Оқшаулағыш электр қорғау құралдарын оқшаулауға қойылатын талаптар 1) Негізгі оқшаулау ретінде пайдаланылатын оқшаулағыш электрқорғау құралдары үшін
оқшаулау құбырлары және тақталар қолданылады, олардың оқшаулау қабаттары кернеудегі
бөліктермен тікелей түйіседі, 3.1.1-тарауда көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс. Резеңке
немесе пластиктің электр беріктігі оның қалыңдығының ұлғаюымен артады, бірақ материал
қалыңдығының өзгеруінен аз пропорционалды электр беріктігінің ұлғаюын атап өту қажет.
2) Оқшаулағыш элеткр қорғау құралдарының сыртқы бетінде электромонтерлер жанаса
алатын аймақты белгілеу маңызды. Кернеудегі бөліктерге жұмыс аймағынан оқшаулағышты
жабудағы кернеу сондай-ақ 3.1.1-тарауда көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
3) Егер оқшаулағыш құралдар кернеудегі бөліктерден белгілі бір қашықтықта тежелсе, осы
қашықтықтағы оқшаулау беріктігі (ауа саңылауы) электрқорғау құралын композиттік
оқшаулаумен бірге (оқшаулау тақталарынан және құбырларынан тұратын) А-2.3.1.1-тарауда
көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
4) Егер пластик пленкалар диэлектрлі кілемшелер ретінде пайдалану үшін ламинирленсе
олар сол материалдан жасалуы тиіс. Егер әр түрлі материалдарды ламинирлеу керек болса, осы
материалдардың тұрақтылары қатты ерекшеленбеуі тиіс.
A ‐ 2.5.1.4 Оқшаулау құралдарының қосылыстарына арналған электр қасиеттеріне