Тарату электр


Диэлектрлік жабындардың сынақтары



Pdf көрінісі
бет118/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   331
5.2.7. Диэлектрлік жабындардың сынақтары 
 
1) Сыртқы түрі және өлшемдік бақылау 
Диэлектрлік  төсеніштің  жоғарғы  және  төменгі  бетінде  зиянды  ақаулар  болмауы  тиіс.  Олар 
тесік,  сызат,  жергілікті  көтерілу,  кесік,  ток  өткізетін  қоқыс,  қатпарлар,  қуыстар  немесе  майысқан-
дөңес  гофрлар  сияқты  болуы  мүмкін.  Үлгілер  көлемі  мен  кез  келген  ақаудың  болуы  тұрғысынан 
барлық құрылғы мен бекіту құрылғысын көзбен тексеру жолымен бірінен кейін бірі тексерілуі тиіс. 
Қалыңдығын  өлшеу  және  тексеру  барлық  кілемше  бойынша  бес  түрлі  позициядан  артық 
кездейсоқ таңдау жолымен стандарттарға сәйкес орындауы тиіс. Микрометрді немесе өлшеудің дәл 
осындай дәлдігімен кез келген басқа метрді пайдалану керек. Микрометрдің дәлдігі 0,02 мм шегінде 
болуы тиіс. Өлшеу бұрғысының диаметрі 6 мм құрауы тиіс, ал жазық қысу табанының диаметрі (3,17 
±  0,25)  мм  құрауы  тиіс.  Қысу  табанының  қысымы  (0,83  ±  0,03)  Н  көрсетуге  қабілетті  болуы  тиіс. 
Оқшаулағыш төсем жазық, оның микрометрмен өлшенетін беті тегіс болуы тиіс. [5]  
2) Электр-техникалық сақтықтық сынақтар 
Сынақ элементі айнымалы кернеуге сынақ өткізу болып табылады және сақтық сынақ циклі 6 
айдан аспауы тиіс. 
Шыдамды кернеуге сынауға арналған электродтар 5.12-суретте көрсетілгендей,  екі коаксиалды 
орналасқан  металл  цилиндрлерден  тұрады.  Цилиндр  жиектерінің  R  қисықтық  радиусы  3  мм  болуы 
тиіс. Электродтардың біреуінің биіктігі 25 мм және диаметрі 25 мм болуы тиіс; екіншісінің биіктігі 15 
мм және диаметрі 75 мм болуы тиіс. Сыналатын үлгі екі металдық элетродтар арасына бекітілуі тиіс 
және  барлық  құрылғы  оқшауланған  сұйықтыққа  (мысалы,  трансформатор  үшін  оқшаулайтын  май)  
батырылған болуы тиіс. Сыналатын үлгі май багына тимеуі тиіс. Стандартты сынау кернеулері 5.19-
кестеде берілген. Кернеуді берудің ұзақтығы 1 минутты құрауы тиіс. Егер сызаттар, тесіктер, ақаулар 
немесе қызу белгілері болмаса, диэлектрлік төсенішті білікті деп санауға болады. [6] 
 


110 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет