Тарату электр



Pdf көрінісі
бет87/331
Дата06.04.2022
өлшемі8,07 Mb.
#30054
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   331
4.7--суретДиэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімдер: (а) қолғаптың ішкі жағы; (b) қолғаптың 
сыртқы жағы; (с) бәтенкелер. 
 
Диэлектрлік  қолғаптар  мен  аяқ  киімді  қолдану  және  сақтау  төмендегі  нұсқауларға  сәйкес 
жүзеге асырылады.   
1)  Әрбір  қолданар  алдында  диэлектрлік  қолғаптар  мен  бәтеңкелердің  зақымдалғандығын, 
тозғандығын, тесіктің немесе сызаттың бар-жоғын тексеру.  Тесіктер немесе саңылаулар анықталған 
жағдайда  пайдалануға  тыйым  салынады.  Диэлектрлік  қолғаптарды  тексерген  кезде  оларды 
саусақтарға қарай бағыттап айналдырыңыз. Белгілі бір күйге дейін айналдырған кезде ауа көлемінің 
азайюына және ондағы қысымның күшеюіне байланысты қолғаптың саусақтары қампиып тырсияды. 
Егер ауа шықпайтын болса, қолғаптардың жарамды күйде болғаны.  
2) Диэлектрлік қолғаптың астынан екі қолға мақта қолғап киеді. Қолғаптың ішкі жағы жұмыс 
жасау барысында қол терлеген кезде болатын қолайыздықтың алдын алады, сондай-ақ қыста қолды 
жылытады. Күрткенің жеңдері қолғаптың ұзартылған манжетасының ішіне салынады.  
3) Әрбір қолданғаннан кейін, қолғапты тазалап кептіру қажет және жабысып қалмас үшін, ең 
дұрысы тальк ұнтағын себу керек. 


76 
 
4)  Диэлектрлік  қолғаптар  мен  аяқ  киімдерді  саусақтарды  ұстағышта  немесе  арнайы  бөлінген 
жәшіктерге  жоғарғы  бөлігін  төмен  қаратып  қою  арқылы  құрғақ  және  салқын  жерде  сақтау. 
Диэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімді басқа құралдардан бөлек қойыңыз және олардың үстіне қандай 
да бір заттар қоймаңыз. 
5) Диэлектрлік қолғаптар мен аяқкиімдердің мұнай майының әсеріне ұшырауына жол бермеңіз. 
Жұмыс  жасаған  кезде  шатастырып  алмас  үшін  оларды  зақымдалған  қолғаптармен  және 
бәтеңкелермен қатар қоймаңыз.  
6)  Диэлектрлік  бәтеңкелерді  жаңбырға  арналған  бәтеңке  немесе  басқа  аяқкиім  ретінде 
пайдаланбаңыз.  
4) Диэлектрлік қорғаныс каскасы 
Диэлектрлік  қорғаныс  каскасы  беріктігі  жоғары  пластик  немесе  шыны  пластик  сияқты 
оқшаулағыш  материалдардан  жасалған.  Сыртқы  пішіні  жағынан  кәдімгі  каскаға  ұқсас.  Жұмыс 
алаңында қызметкердің басына бөтен заттардың құлап кетуінен қорғаумен қатар, қорғаныс  каскасы 
басты  жабдықпен  өзара  жанасудан  сақтайды.  Сондықтан,  ол  жеңіл  болуы  тиіс  әрі  механикалық 
соққыға,  отқа  жақсы  төзімді  және  электрден  қорғайтын  күшті  қасиеттерге  ие  болуы  тиіс.  Тексеру 
кезінде  касканың  ішкі  және  сыртқы  беті  сызаттарсыз,  жарықтарсыз  немесе  тесіктерсіз  тиісті  жай-
күйде болуы тиіс. Өлшемі қолданыстағы стандарттарға сәйкес келуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   331




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет