Тарих 125 сұрақ Эф-22-5к1


-1966 жылдардағы экономикалық реформалар



Pdf көрінісі
бет88/103
Дата02.06.2023
өлшемі1,52 Mb.
#97946
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   103
103. 1965-1966 жылдардағы экономикалық реформалар 
Кеңес Одағында ел өмiрiнiң барлық саласын қамтыған тоқырау 1960 жылдардың 
ортасынан басталып 80 жылдардың ортасына дейiн жалғасты. Тоқырау деп ел 
экономикасының ешбiр өзгерiссiз тоқтап қалғанын емес, экономикалық даму қарқынының 
жылдан жылға құлдырап келіп, 1980 жылдардың ортасында терең кризиске әкелгенi 
айтылады.
Кеңес Одағы бойынша өнеркәсiп өнiмiнiң жылдық өсiмi 1961-70 жылдары орта есеппен 8,7 
пайыз болса, 1981-1985 жылдары 3,7 пайыз болып құлдырады. Мұндай көрiнiстi Қазақстан 
экономикасынан да байқауға болады. 81-86 жылғы бес жылдық жоспарды Қазақстанның 
әрбiр 4 кәсiп орны орындамады, 1986 жылға дейiнгi 9 жылдың iшiнде орнаған 334 
кәсiпорынның тең жартысы нормативтiк қуатына жетпедi. Мүндай көрiнiстi Қазақстан 
экономикасының басқа саласынан, оның iшiнде ауыл шаруашылығынан да байқауға 
болады.
60-жылдардың ортасында экономиканы интенсивті дамуына жол ашуға әрекетінде жаңа 
шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. 1965 жылы жаңа экономикалық реформа 


бойынша аймақтық халықшаруашылық кеңестер таратылып, салалық одақтық-
республикалық министрліктер арқылы өнеркәсіпті басқаруға көшірілді.
Жаңа жүйеге сәйкес шаруашылық есеп кәсіпорындарға дербестік берді. Өндіріс орындар 
шаруашылық есеп жүргізуде шығындарды үнемдеу арқылы материалдық ынталандыру 
және марапаттау сияқты шараларға қол жеткізетін болды.
Өндірісті механикаландыру мен автоматтандыру жоспарлары қабылданды. Әйтседе 
реформалар бір жағынан экономиканы дамытуда біраз көрсеткіштерге жеткізсе, екінші 
жағынан орталық өктемдік жоспарларға директивалық түзетулер мен толықтырулар 
енгізуді тоқтатпады. Коммунистік партияның дербес басшылығы, мемлекеттік меншік 
үстемдігі КСРО-ның экономикалық іргесін өзгерте алмады. Халықтың табысы төмендеп, 
тауар тапшылығы өсті. Республика шаруашылық салаларының шикізаттық сипаты
одан әрі тереңдеді. 70-ші жылдардың ортасына қарай кеңестік экономикасы жүйесінде 
дағдарыс белгілері айқын ашылды.
Экономикалық әлеуетті арттыру республиканың қорын пайдалану, шикізат және отын-
энергетикалық ресурстарын айналымға енпзу арқылы жүрді. 1970-1985 жылдар арасында 
өнеркәсіп енімінің жалпы көлемі екі есеге өсті, ал машина жасау, химия ---өнеркәсібі өнімі 
үш есе артты. Мыңға жуық өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды. Олар Қазақ газ 
өңдеу зауыты, Шевченко пластмасса зауыты, Қарағанды резеңке-техникалық бұйымдарын 
шығаратын зауыты, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары, Қарағанды 
металлургия комбинатындағы ақ қаңылтыр шығару цехы, Екібастұз және Ермак ГРЭС-І, 
Қапшағай ГЭС-і, Жәйрем тау-кен комбинаты және т.б. болды. Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл 
және Павлодар-Екібастұз аумақтық-өнеркәсіптік кешендері құрылды.
Кеңестік экономика негізінен директивалық ұстаным мен орталықтың жоғарыдан
бұйрық беру әдісі арқылы басқарылды. Қазақстан өнеркәсібінің 50%-ы одақтық 
министрліктердің қарауында болды. Одақтық министрліктер республиканың
мүддесін көздемеді, әлеуметтік салада, ұлттық кадрларды дайындауда, қоршаған ортаны 
қорғауда (Семей полигоны мен Аралдың экологиялық апатқа ұшырауы) қиыншылықтар 
туындады. Мысалы, сол кезеңде Арал теңізінің деңгейі 14 метрге, аумақтық көлемі 40%-ға, 
су келемі 60%-ға төмендеді. Тартылған теңіз түбі тұз ошағына айналды. Мұндай жағдай 
гепатит, туберкулез сияқты эпидемиялық аурулардың өсуіне әкеп соқты, сонымен қатар 
онкологиялық аурулардың көрсеткіші бұл елді мекенде одақ көрсеткішінен 15 есе асып 
түсті. 6717 км2 аумақты алып жатқан Байқоңыр ғарыш айлағында да экологиялық мәселе 
өте күрделі болды. Қазақстан территориясының
4,6 млн га аумағы оның пайдаланылған зымырандар қондырылатын жерге айналды. 
Онымен қоса Семей атом полигонында зиянды 200 жер асты нысаны (штолня) болды. 
КСРО-да жасалынған 715 ядролық жарылыстың 470-і Қаэақстанда жасалды. Каспий маңы 
ойпатындағы Азгир полигонында 17 жер асты жарылысы, республиканың басқа 
жерлерінде тағы 21 жарылыс іске асырылған.
70-80-жылдары Қаэақстанның экономикасында шикізат өндіру басымдыққа ие 
болғандықтан, халық тұтынатын тауарлардың 60%-ы басқа одақтас республикалардан 
әкелінді, ал оның көпшілігі Қазақстанда өндірілген шикізаттардан дайындалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет