«Тарих» бб


Пәннің қысқаша сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата13.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#67562
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
sillabus turki hal ktar n n tarih

Пәннің қысқаша сипаттамасы 
Пән 4 семестрде оқытылады, ұзақтығы 15 апта. Пәннің жалпы жүктемесі 135 
сағатты құрайды, оның ішінде 45 сағат аудиториялық сабаққа және 
студенттердің өздік жұмыстарына 90 сағат бөлінеді. Сабақ уақытын сабақ 
түрі бойынша бөлу күнтізбелік жоспарда көрсетілген. 
Пәннің мақсаты: «Түркі халықтарының тарихы» пәнінің мақсаты: түркі 
халықтарының бай тарихы мен мәдениетін оқып үйренуге студенттерді 
дагдыландыру, түркі қауымдастығының бірлігін жан-жақты ашу, отан 
тарихының туысқан халықтардың өткені және бүгінгісімен тығыз 
байланысын көрсету. Студенттердің бойында әлем тарихының құрамдас 
бөлігі ретіндегі түркі халықтарының тарихы туралы біртұтас кешенді білім 
жүйесін қалыптастыру.
Кеңестер Одағы тарағаннан кейін, тәуелсіз түркі тілдес мемлекеттердің пайда 
болуына байланысты, түркі тілді этностар мен ұлттардың тарихи толыққанды 
тарих пәндерінің бірі ретінде оқыту. Түркі халықтарының мемлекеттік 
құрылымы, мәдениеті мен экономикасын, түкілер мәдениетін әлем 
мәдениетімен ара қатынастарының тарихын ашып көрсету. Пән студенттерді 
түркі әлемінің дамуының шыңдық бет-бейнесін іздену нәтижесінде түркі 
халықтарының тарихын жүйелі және дәйектілікпен пәндік білімін терең 
таныстыруды көздейді.  
Курстың міндеттері: 
 - түркі тайпаларының және халықтарының қалыптасу тарихын көрсету; 
- ортағасыр мен жаңа кезеңдегі түркі мемлекеттерінің құрылуын меңгеру; 
- түркі әлемінің идеясын ашып көрсету; 
- қазіргі кезеңдегі түркі мемлекеттерінің қоғамдық саяси өмірін қарастыру; 
- Түркі халықтарының әлемдік аренадағы орнын ашып көрсете отырып Түрік 
өркениетінің әлемдік өркениетке тигізген әсерін талдау. 
Құзыреттіліктер: 
жалпы мәдени құзіреттіліктер: 
- әлеуметтік өзара әрекеттесу кезінде білім беру процесіне қатысушылардың 


этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарын ескере білу; 
- моральдық нормалар мен моральдық мінез-құлық негіздеріне ие; 
- ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың қағидаларын, ғылыми білімге қол 
жеткізу және қалыптастыру жолдарын түсінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет