Тарих факультеті


Хронология Хронология – хронос



бет33/86
Дата29.04.2023
өлшемі0,88 Mb.
#88482
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Байланысты:
силлабус қосалқы тарих

Хронология
Хронология – хронос – время, логос – слово, учение деген сөздерден шыққан. Уақытты өлшейтін ғылым деген мағынаны білдіреді. Ол негізінен екі бөліктен тұрады: астрономиялық (математикалық) және тарихи (техникалық). Біріншісі, аспан денелерінің қозғалысын, астрономиялық жағдайларды есептей отырып, нақты астрономиялық уақытты анықтайды. Екіншісі, әр халықтардың әр кездегі уақытты қалай өлшегенін, өлшем жүйелері қалай дамығанын (календарлар) зерттейді.
Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы календарлық жүйелердің сәтті элементтері Ежелгі Грек, Ежелгі Рим календарларына енді, жаңаланды.
Хронология ғылым ретінде қалыптасуы ХVІ ғасырдың соңы – ХVІІ ғасырдың басына жатқызылады. Француз гуманист-ғалымы Жозеф Скалигер өзінің «Об улучшении счета времени» (1583), «Сокровище времен» (1606) т.б. еңбектерінде календарға григориандық реформа жасауға сын айтты, жылсанау жүйелерін бір жүйеге салуды қарастырды. Оның «юлиандық кезең» деп аталатын календарында санақ жылға бөлінбейді, бұл әр түрлі календарлардың дәуірін біріктуге қол жеткізді. Скалигер айналасындағы тартыс осы саладағы мәселелерге байланысты көптеген әдебиеттердің пайда болуына себеп болды.
Осы материалдарды ХVІІІ-ші ғасырда француздар д’Антин- және Дюран «Искусство проверки дат», оның соңғы баспасы 44 томнан тұрды. ХІХ – ХХ-ғасырдың басында ғылыми хронология өзінің даму шыңына шықты.
Қазірге дейін неміс астрономы және хронологы Христиан-Людвиг Иделердің «Справочник по математической и технической хронологии» еңбегі маңызын жойған жоқ. Осы аттас Ф.Гинцельдің еңбегі жаңа негізде жазылған. Неміс ғалымдары Х.Гротефенд («Леточисление немецкого средневековья и нового времени») және Ф.Рюльдің («Хронология средних веков и нового времени»), француз авторы А.Жиридің («Учебник дипломатики») және венгр И.Сентпетеридің («Справочник по хронологии») еңбектері ортағасырлық хронологияны дипломатикамен тығыз байланыстыра отырып қарастырады. Австриялық ғалым Р.Шрамның «Календариографические и хронологические таблицы» еңбегі Скалигердің жүйесін пайдалана отырып, юлиандық күндер арқылы әртүрлі календарлық стильдерді байланыстырды.
Кеңестік авторлардың ішінен Н.И.Идельсон, С.И.Селешников, И.А.Климишин, Е.И.Каменцова, Я.И.Шур, В.В.Цыбульский, М.Я.Сюзумов еңбектері белгілі. Орыс техникалық хронологиясының негізгі элементтері «Вспомогательные исторические дисциплины» под ред. В.Г.Тюкавкина. – деген еңбектің «Хронология» деген бөлігінде жазылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет