Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан



бет1/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40


ТАРИХ ГОС ОТВЕТЫ
1-билет. Абдреева Аружан
Қазақстан тарихының пәні: мақсаты мен міндеттері. Тарихты кезеңдеу - тарихи процестерді жүйелеу.
1.Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі мақсаттары мынадай:
- тарихи дәуірлерге талдау жасау;
- этностық тарихқа талдау жасау;
- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;
- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.
Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
o оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
o оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
o гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
o оқушыларда тарихты оқып-үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
o оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
o Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
2. Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы 3 кезеңге бөліп қарастырылады:
I кезең- көне дәуір. Оның шекарасы 2,5 млн жылдан бастап б.з V ғасырға дейін, яғни адамзат жаратылысынан бастап Рим империясының құлауы, ғұндар бастаған ұлы қоныс аударумен қатар сәйкесті;
II кезең - орта ғасырлар. Оның шекарасы ұлы қоныс аударудан бастап Еуропада капитализмнің дамуы,қазақ жерінде Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталады;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет