Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік Университеті
Тарих және Дінтану Кафедрасы
Қарақұм және Ордабасыдағы құрылтайлар: мақсаттары мен тарихи маңызы.
Дайындаған . Жұмабеков Мейрамбек. 301
Қарақум құрылтайы, Қарақұм жиыны – 1710 жылы үш жүз өкiлдерiнiң жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшiн құрылған жиын. Ол Арал теңiзiнiң солтүстiгiндегi Қарақұм алқабында өттi.
Бұл бас қосуға ықпал жасаған Тәуке хан болды. Ол қазақ жасақтары мен қазақ руларын басқаруды құрылымдық тұрғыдан қайта ұйымдастырудың жоспарын ұсынды. Қазақтардың қорғаныс қабiлетiн нығайту үшiн сұлтандар билiгiн шектеп, үш жүздi жауапты билер арқылы басқаруға ұмтылды. Жиынға қатысушылардың пiкiрлерi ортақ болған жоқ. Олардың бiр бөлiгi жоңғарларға бодан болуды жөн көрсе, кейбiреулерi аңысын аңду пиғылын ұстанды. Дегенмен Бөкенбай Қараұлы батыр халықты жоңғарларға қарсы шабуыл жасауға көндiрдi. Бұл басқосуда хандар арасынан жоғарғы қолбасшы сайлау туралы мәселе көтерiлдi. Оған үмiткерлер Қайып сұлтан мен Әбiлқайыр хан болды. Жасақтарға Бөкенбай жетекшi болып сайланса, хан билiгi Әбiлқайырға берiлдi.
Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты Үш биге ескерткіш орнатылған.
Қарақұм құрылтайы, Қарақұм жиыны – 1710 жылы үш жүз өкiлдерiнiң жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыру үшiн құрылған жиын. Ол Арал теңiзiнiң солтүстiгiндегi Қарақұм алқабында өттi.

Достарыңызбен бөлісу: |