Артқы бітеу ринолалия– мұрын жұтқыншақ қуысының тарылуы байқалады.
Балаларда жиі кездесетін тамақ көмей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, сирегірек - мұрын жұтқыншақтың қабынуынан, мұрын жұтқыншақ фибромасы немесе басқалай ісіктерден пайда болады.
Функционалдық бітеу ринолалиябалаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді.
Оның бір ерекшелігі - мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды ринолалияда мұрындық және дауысты дыбыстың үнінің әуезділігі органикалық бітеу ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі - жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезіндегі әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетіп дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар жүйке ауруына шалдыққан балаларда байқалады.
Органикалық бітеу ринолалияда ең алдымен мұрын қуысының тарылуының себептері жойылуы керек. Мұрынмен тыныс алуы қалай дұрысталса, ақаулықта солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де ринолалия көрінісі өзгермесе, онда функционалды бұзылыста қолданатын жаттығуларды пайдалану қажет.
Ринолалияны түзетуде логопедиялық жұмыстың тиімділігі мұрын жұтқыншақтың қалпы, uvula қызметі, баланың жасына байланысты.
Аралас ринолалия бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері қатар болған жағдайда байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын-жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде болады. Сөйлеу тілі бұзылысының түрі басымдылық бұзылысқа байланысты болады. Жұмсақ таңдайдың қысқа болуы, оның кілегей асты жарылуы және аденоидтардың ұлғайуының үйлесуі аралас ринолалияның көрінісі болып табылады.