Тарих, саясаттану


ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата17.02.2022
өлшемі1,57 Mb.
#25765
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Дверь усыпальницы Ходжи Ахмеда Ясави и потерянные дверные молотки

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ

№3 (121), 2021

 

ISSN-p 2306-7365 

ISSN-e 2664-0686 

 

 

163 



 

 

өрнекті  есіктерді  атауға  болады  [3,  252-б.].  «Әзірет  Сұлтан»  мемлекеттік  тарихи-мәдени 



қорық-музейінің  қорында  тізімге  алынған,  Қожа  Ахмет  Ясауи  кесенесінде  Әмір  Темір 

кезеңінен  жеткен  құнды  жәдігерлер  оларды  жасаған  шебердің  есімдерінің  жазылуы, 

тапсырыс  беруші  Әмір  Темірдің  екендігі  және  жасалған  уақытының  күніне  дейін 

көрсетеліген жазбалармен де аса құнды. Біздің бүгінгі мақалаға арқау болып отырған Қожа 

Ахмет Ясауи қабірханасының есігі осындай бірегей туындылардың бірі.  

1913  жылы  кесенеде  болған  Алаш  арысы  Міржақып  Дулатов:  «Үлкен  дарбазадан  бір 

зор  бөлмеге  кіресің,  бұл  бөлменің  ортасында  мыс  (бронза)  қазан  бар.  Қазанның  алыбы  бес 

қанат  үйдің  шаңырағындай,  айналасында  арабша  сөздер  жазылған  һәм  «Әмір  Темірдің 

жарлығы  бойынша  бұл  қазанды  құйған  шебер  Абдулгазиз  Шарафуддинұлы  Термезден» 

деген  жазуы  бар.  Бұл  үлкен  бөлменің  төріндегі  есік  Хазіреттің  өзі  жатқан  (қабірі)  бөлмеге 

кіргізеді»,  –  деп  жазады  [4].  «Бөлек-бөлек  сүйек  оюдан  құрап,  жыпырлата  нақыштаған, 

нақышына  ми  жетпестей  ғажап  есіктің  құлпын  ашқанда,  алдында  биігірек  жерде,  есікке 

мінбелеп,  қызылды-жасылды  шүберек  жапқан.  Кісі  бойындай  жота  қабір  тұр.  Бұл  –  

Әзіреттің раузасы (көрі)» [2, 74-б.], – деп жазады Жүсіпбек Аймауытов.   

Қазандықта  Қожа  Ахмет  Ясауи  қабіріне  апаратын  есік  орналасқан  солтүстік  ойық 

ерекше әспеттелген. Ойық қабырғасы төменде көк түсті алты қырлы сырлы қаптамалармен, 

аса көрікті мозаикалық медальондармен әшекейленген. Ойық қабырғасына биіктігі шамамен 

8  м,  басында  оймышты  қоладан  құйылған  ұшы  бар  ту  сабы  сүйеп  қойылған.  1885  жылы 

кесенені көрген Н.И. Веселовскийдің жазбаларына қарағанда ағаш сапта жасыл түсті жалау 

ілулі  тұрған  екен.  Сондай-ақ,  автор  кесене  ішінде  болған  алты  адамның  туды  төмен  түсіре 

алмағандығын  жазған  [5,  239-б.].  Көне  суреттерге  қарағанда  тудың  сабына  ілінген  жасыл 

түсті материал қабірхана есігін жауып тұған  перде рөлін де атқарған сияқты. М.Е. Массон: 

«...жол  сілтеуші  шейх  пердені  ақырын  ғана  бір  шетке  ысырады,  зияратшылардың  көз 

алдында керемет сақталған және ұсақ сүйекпен көмкерілген, үлкен ойма есік ашылады» [6, 

18-б.] деп жазады. Массон есіктің көз тартар көркемдігін, жақтаулардағы алтын жалатылған 

діни  жазбаларды  суреттеген.  О. Дастанов  болса,  «Есіктің  топсалары  шегесіз 

орналастырылған.  Қысқасы,  көрхананының  (қабірхананың)  есігі  сыртқы  үлкен  есіктен  де 

әсем»  [7,  20–21-бб.]  деп  қысқа  қайырады.  Бөлек-бөлек  сүйек  оюдан  құрап,  жыпырлата 

нақыштаған,  нақышына  ми  жетпестей  ғажап  есіктің  құлпын  ашқанда,  алдында  биігірек 

жерде, есікке мінбелеп, қызылды-жасылды шүберек жапқан. Кісі бойындай жота қабір тұр. 

Бұл – Әзіреттің раузасы (көрі) [2, 76-б.].  

Cолтүстік ойық ортасындағы оюлы өрнек түскен, сүйектелген XIV ғасырдың ағаш есігі 

Қазандық  бөлмесін  Қабірханамен  жалғап  тұр.  Есік  жақтауы  темір  қаңылтырмен  қапталып, 

бетіндегі  созыңқы  нақыштар  ішіне  Құран  мәтіндері  алтын  әріптермен  жазылған  [8,  13-б.]. 

Есік үстіне ғимарат Темірдің әмірімен тұрғызылған деген жазу түскен тас тақта орнатылған 

[3, 253-б.]. 

Қабірхана  есігінің  жоғарғы  жағына  орнатылған  керамикалық  тақтаның  биіктігі  60  см, 

ені 170 см. Тақтада сулс қолтаңбасымен жазылған екі қатар жазуда кесенені соқтырған Әмір 

Темірдің  ата-тегі,  оған  айтылған  игі  тілектер  орын  алған.  Текстолог  Б.М. Бабаджановтың 

пікірінше,  бұл  жазу  эскиз  болуы  мүмкін  деп  топшылайды.  Қазақ  тіліндегі  аудармасы:  Бұл 

шарапатты раузаның [мазардың ]соғылуына ұлық әмірші, көп елдің тізгінін қолына ұстаған, 

Рахымды  Патшаның  [Құдайдың]  айрықша  қамқорлығын  иеленуімен  ерекшеленген  Әмір 

Темір Көреген ибн Әмір Торғай/Тарағай ибн Әмір Буракил ибн Әмір Ілінгір ибн Әмір Ижил  

ибн Әмір Қаражар бұйрық берді. Алла Тағала оның билігі мен патшалығын мәңгілік етсін!  

Қабірхана  есігінің  оң  жағы  және  сол  жағында  да  тақташа  жазбалар  бар.  Бұл 

жазулардың  кейбірінде  жазылу  уақыты  көрсетілмегеніне  қарамастан,  барлығы  дерлік  ХІХ 

ғасырдың  бірінші  және  екінші  жартысында  жазылған  деп  жорамалдауға  болады.  ХІХ 

ғасырда  кесенеде  болған  орыс  зерттеушілері  мұндай  жазбалардың  көп  болғандығын, 

сондықтан олардың көшірмелерін алмағандығын жазады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет