29. Саяси сенімсіздік пен жекеленген халықтарды Қазақстанға еріксіз қоныс аудару – ұлттық намысты қорлаудың нақты мысалы ретінде көрсетіңіз Саяси қуғын-сүргін тарихы, халықтарды жазықсыз жер аудару мәселесі кеңестік кезеңде құпия сақталып келді. Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу түгілі оларды баспасөз бетінде атауға тыйым салынды. Осынау қуғын-сүргін науқанының жалпы көлемі туралы алғашқы пікірлерді сондықтан да шетелдік әріптестеріміз айтты. Қолдарында нақты архив деректері болмаса да, олардың негізінен, бұл мәселеге әділ тарихи баға бергенін айта кеткен жөн. Мысалы: Италияның марксист тарихшысы 1979 жылы Милан қаласында жарық көрген «Кеңестер Одағының тарихы» деген еңбегінде (орыс тіліндегі аудармасы 1994 жылы Мәскеуде жарық көрген) аталған науқанды төмендегідей сипаттап жазды: «... Алғаш ескертпе соғыстың басында Еділ бойы немістерінің автономиялық республикасы жойылды. Олар тарапынан «басқыншылар көмек және қолдау алулары мүмкін» деген күдікпен республиканың барлық халқы (Екатерина ІІ кезіндегі ескі колониядан шыққан 300 мыңнан астам адам) өз жерлерінен қуылып, Сібір мен Қазақстанның әртүрлі облыстарына жер аударылды. Осындай шаралар бұл жолы жазалау ретінде Еділдің төменгі жағындағы оңтүстік далаларды және Каспий теңізі жағалауларын мекендеген қалмақтарға 1943 жылдың желтоқсанында, біраз кейінірек, 1943 жылдың соңы мен келесі жылдың көктемі аралығында кейбір Солтүстік Кавказ халықтары – қарашайларға, шешендерге, ингуштарға және басқаларға (сандары бірнеше ондаған мыңнан тұратын, шешендер болса шамамен 400 мыңдай); ақыры, 1944 жылғы маусымда Қырым татарларына әзірленген еді. Бұл халықтардың бәрі өздерінің автономиялық мемлекеттік құрылымдарынан айырылды. Жазалау талдаусыз, жекелеген жауапкершілікті анықтауға әрекет ретінде жазалаусыз, бәрін қамтып кетті. Олардың барлығы жастарына немесе мінез-құлқына қарамастан, сондай-ақ коммунистер немесе жергілікті кеңестердің жоғарғы басшылары да күшпен Сібірдің және Орта Азияның аз мекендейтін аудандарына айдалды. Онда олар бөлшектенген топтар түрінде орналасты. Бұл Сталин басқарған жылдардағы қатал жазалау операцияларының бірі, болашақтың барып тұрған қатерлі нышандарының өзі еді. Аталмыш шараны қоғамның көз алдында, тіптен соғыс талаптарына сілтеме жасаумен де анықтауға болатын еді. Сондықтан да ол қандай да бір болмасын ресми мәлімдеулерсіз жүргізілді: арада 12 жыл өткен соң ғана, ол туралы Хрущев өзінің атақты «құпия баяндамасы» арқылы партияның ХХ съезінде айтқанда ғана, барып жариялылыққа ұласты.
Күштеп жер аударылған халықтар еңбек саласында ауыр жұмыстарда жүріп, қиын кезеңдерді басынан өткізді. Ол кезең соғыс жылдары, одан кейінгі жылдарда да жалғасты деуге болады. Бірақ олардың әр салада істеген еңбектері мен атқарған жұмыстары көбіне жалпы түрде баяндалады. Жоғарыдағы шолудан олардың Батыс Қазақстандағы күштеп қоныс аударылғандардың халық шаруашылығы саласында атқарған жұмыстары мен тұрмыстық жағдайлары мәселесін қарастырған еңбектер аз екен. Айтулы мәселеге байланысты Қазақстандағы тарихи демографиялық үрдістердің орны айрықша. Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңінде халықтың демографиялық құрамы өзгерістерге ұшырап отырды. Соғыс жылдарында халықтардың лек-легімен республикамызға күштеп қоныстандырылды, олардың тууы мен өлімі, олардың сандық, жыныстық көрсеткіші жөнінде ғылыми талдаулар жасалды. Бұл мәселе А.Н.Алексеенконың, М.Тәтімовтың, Л.Т.Қожекееваның, М.Н.Сдықовтың, М.Х.Асылбеков пен А.Б.Галиевтің, А.И.Құдайбергенованың зерттеулерінен көрініс тапты.