«Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-нұсқа
Оқылатын шығарма
Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»
Оқу мақсаты
10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады;
шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді.
Ойлау дағдысының деңгейлері
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұловтың бейнесі арқылы дәріптелетін ұлттық құндылықты анықтап, шығармадан мысал келтіріңіз.
Ұлттық құндылық
Драмадан мысал
«Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы Сізге жетпей жатыр...Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам Сізге хат жазған. Бірақ...хат ұсталған...»