Байланысты: 3.Тарихи фонетика, зерттеу обьектілері
Тірек сөздер:
Тілдің фонетикалық жүйесі туралы, тарихи фонетика тілдің фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік заңдылықтарының қалыптасу, даму ерекшеліктерін зерттейді, көне түркі тілі, қыпшақ тілі фонетикалық жүйесінің негізгі ерекшеліктері, фонетика тарауындағы жаңа дыбыстар туралы.
Тілдің фонетикалық жүйесінің тарихы немесе тарихи фонетика жеке дыбыстардың немесе фонетикалық құбылыстардың өзгеру, даму тарихы ғана емес, ең алдымен фонетикалық заңдылықтар, фонетикалық құбылыстар жүйесінің тарихы болып табылады. Тарихи фонетика бүгінгі тіліміздің фонетикалық жүйесінің құрылымы мен жүйелік заңдылықтарының қалыптасуын, даму ерекшеліктерін түсіндіруі қажет.

Тарихи фонетика сөйлеу тілінің дыбыстарын, дыбыстық заңдылықтарын қарастырмайды. Ол тек тілдік дыбыс жайлы ұғымды негізге алады, ал дыбыс жайлы ұғым фонетикалық белгілерді салыстыра қорытындылау барысында қалыптасады.