9
негіздері – геология заңдары мен принциптерінің басқа ғылымдар заңдары мен әдістерімен
қатынасы. Геологиядағы кеңістік пен уақыт мәселесі. Геологиялық кеңістік пен уақыттың мәні
мен қасиеті.
2.2.12 Техниканың философиялық мәселелері. Техника философиясы және техникалық ғылымдар
методологиясы. Техника және техникалық ғылымдарды философиялық пайымдаудың ерекшелігі.
Техника философиясының пәні, негізгі мақсаты және негізгі салалары. Ғылым философиясы мен
техника философиясының арақатынасы. Техника анықтамасы. Техника философиясы және тарихы:
ұғымдардың шығу көздері мен эволюциясы, олардың қазіргі қағидалары. Техниканың инженерлі
және гуманитарлы философиясы. Техникалық білім табиғаты. Техника және өнер. Техника мен
технология әлеуметтік құбылыстар ретінде. Техникалық құралдардың дамуы. «Технократиялық
концепция» ілімі туралы. М.Хайдеггер еңбектеріндегі техника бейнесі.
2.2.13 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардағы философиялық мәселелер.
Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы ғылымдардың қалыптасу тарихы.
Философия қоғам
,
мәдениет, тарих және адам туралы ғылыми білімдердің интегралды формасы ретінде (Платон,
Аристотель, Кант, Гегель, Гоббс, Локк және т.б.). Қоғам, мәдениет, тарих және адам туралы
білімнің ғылымға дейінгі, ғылыми емес, парағылыми, жалғанғылыми және антиғылыми
формалары. Әлеуметтік-гуманитарлы циклдегі ғылыми пәндердің қалыптасуы: эмпирикалық
мәліметтер мен тарихи-логикалық реконструкциялар.
Ғылыми білімнің пәндік құрылымын әлеуметтік-мәдени негіздеу: әлеуметтану, экономика,
саясаттану, мәдениеттану танымда қоғамның салыстырмалы жеке саласы бейнесінде бейнелеу.
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың әлеуметтік контекске тәуелділігі: классикалық,
классикалық емес және постклассикалық емес кезеңдер. ӘГҒ (әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар)
жалпыадамзаттық маңызы бар Батыста қалыптасқан құбылыс ретінде. Қазақстандағы әлеуметтік
білім мен әлеуметтік әдіснаманың жаңа парадигмасы.
2.2.14 Математика ғылымындағы философиялық мәселелер. Математиканың ғылым ретіндегі
бейнесі: философиялық аспект. Математика методологиясы мен философияның мәселелері, пәні,
әдісі және қызметі.
Математика және жаратылыстану. Математика ғылым тілі ретінде. Математика моделдер жүйесі
ретінде. Математика және техника. Философтар мен ғалымдардың математикаға көзқарасындағы
айырмашылықтар (И. Кант, О. Конт, А. Пуанкаре, А. Эйнштейн, Н.Н. Лузин).
Математика адамзаттық мәдениет көрінісі ретінде. Математика және философия. Математика
және дін. Математика және өнер.
Математика пәніне көзқарастар. Математика пәнін
талқылаудағы синтаксистік
, семантикалық
және прагматикалық аспектілер: ерекшеліктері. Математиканың шындыққа қатынасы.
Математикадағы абстракциялар және идеальдық объектілер.
2.2.15 Ақпараттық философиялық мәселелер. Ақпараттың қалыптасуы тарихы ХХ ғасырдың 2-ші
жартысындағы пәнаралық бағыттар ретінде. К.Шеннонның ақпараттық ілімі. Норберт Винер, Росс
Эшбидің кибернетикасы. (Уорренг Мак-Каллока, Алана Тьюринга, Джулиана Бигелоу, Джона фон
Нейман, Грегори Бэйтсон, Маргарет Мид, Артуро Розенблют, Уолтер Питтс, Стаффорда Бир
ілімдерінен). Л. фон Берталанфи, А.Раппорттың жүйелерінің жалпы ілімі. Ваневар Буштың
гипертекст ілімі. Хайнц фон Ферстер және Валентин Турчиннің конструктивті кибернетикалық
эпистемалогия. Информатикадағы синергетикалық жол, әдіс. Герман Хакен и Дмитрий Сергеевич
Чернавский концепциялары. Постклассикалық емес ғылымдар контексіндегі ақпарат (В.С.
Степин).
Достарыңызбен бөлісу: