Тарихи перспективадағы экономикалық даму



Дата05.12.2022
өлшемі194,23 Kb.
#54827
Байланысты:
соц презент саясат

Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат

Орындаған: Умаров Нурсултан

2-013 топ

«Саясат»

Саясат адамзат қатынастары арасындағы өте күрделі сала. Оны көпшілік ғылым деп атап көрсетіп жатса, өнер деп есептейтіндер де кездесіп жатады. Саясаттың ең маңызды міндеттерінің бірі – түрлі әлеуметтік топтар мүдделерін ескере отырып қоғамды басқару. Саясат түсінігі ежелгі грек философы Аристотельдің ұғыммен аттас еңбегі арқылы ғылымға кеңінен тарала бастады. Ғұлама ғалым саясатты отбасылар мен тайпалардың бақытты, ізгілікті өмір сүру түрлерінің ізденісі ретінде қарастырды. Оның пікірінше, адам саяси жануар және ол саяси қатынастарға түрлі деңгейде қатысады: мемлекет азаматы, әлеуметтік топ мүшесі, саяси қайраткер. Саясат – мүдделер күресі (қоғамның барлық өкілдері мүдделерін ескере отырып басқару өнері). Түсінік гректің πολιτικός, яғни πολι (поли) жиынтық, көптеген деп айдарылса, τικός (тикос) — мүдде; (тікелей аударсақ «мүдделер жиынтығы, көптігі»). Ежелгі Греция қалаларындағы мемлекеттік қызметкерлерді политикос деп атаса, өз қаласындағы саяси өміріне қатыспайтын және қызығушылығы жоқ азаматтарды ιδιοτικός (идиотикос) деп атаған

Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу.

Саясаттың негізгі элементтеріне билік және оның субъектілері, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар мен саяси мәдениет жатады. Өз кезегінде қоғамдық өмір салаларына сәйкес саясаттың мынадай түрлері бар: экономикалық – экономикадағы азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; әлеуметтік – қоғамдағы орнына байланысты азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; ұлттық – ұлттар арасындағы қатынастарды реттеу; мәдени – рухани өмірдегі азаматтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарды реттеу; мемлекеттік-әкімшілік – мемлекеттік-әкімшілік құрылымының саясаты, билік-саясат саласындағы қатынастарды реттеу.

Саясаттың деңгейлеріне және көлеміне қарай бөлінуі

Деңгейлеріне қарай бөлінеді: жергілікті – жергілікті құрылымның (аудан, ауыл, қала) дамуымен байланысты мәселелерді реттеу; аймақтық – аймақтың (облыс) дамуымен байланысты сұрақтарды реттеу; жалпымемлекеттік – қоғамның дамуына бағытталған мәселелерді реттеу; халықаралық – халықаралық сахнадағы мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттеу; әлемдік – жаһандық заманауи мәселелерді шешуге байланысты мәселелерді реттеу. Көлеміне қарай бөлінеді: - стратегиялық – қоғамдық жамудың маңызды басымдықтары, ұзақмерзімді стратегиялық бағыттарды таңдау, негізгі бағыттарға жетудің жолдары мен тәсілдерін айқындау; тактикалық – ағымдағы мәселелерді шешу, жедел шешімдерді әзірлеу және жүзеге асыру.

Саяси өмір

Саяси өмір – бұл мемлекеттік билік, оның қызметтері, институттары және билікті жүзеге асыру тәсілдерімен тығыз байланысты әлеуметтік өмірдің ерекше түрі. Саяси өмір түрлі әлеуметтік таптар мен топтар, партиялар мен қоғамдық бірлестіктер қызметіндегі мүдделерді біріктіреді. Бұл өте күрделі, жан-жақты, қарқынды және өзгермелі құбылыс ретінде әлеуметтік кеңістікте дамиды және саясат әлеміндегі саяси қатынастар, институттар, үдерістер мен адам санасын қамтиды. Әлеуметтік кеңістікте түрлі саяси күштер, топтар, ұйымдар, уақытша және тұрақты одақтар қызмет атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешудегі осы барлық күштердің өзара байланысы саяси өмірдің мазмұны мен түрлерін анықтайды. Адам баласы саяси өмірді күнделікті өмірдегі түсінікпен қатар, теориялық және ғылыми деңгейде ұғынуы керек )

Саясат-адамзат баласы мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол қоғамдық өзара байланыстар мен құрылымдарда көрініс табады, адамның қоғамдық және жеке өмірін қалыптастырады. Қоғамдық өмірдегі саясаттың рөлі мынадай қызметтермен анықталады: қоғамның барлық топтары мен таптарының қоғамдық маңызды мүдделерін көрсету; қоғамда пайда болған қарама-қайшылықтарды оңтайландыру; қоғамдық үдерістеріді басқару; қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік ресурстарды жұмылдыру; әлеуметтік қақтығыстарды алдын алу және өркениетті түрде шешу; түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін біріктіру; қоғамдық дамудың инновациялық тәсілдермен қамтамасыз ету; жалпы құндылықтарды жүзеге асыру үшін мәжбүрлеу мен күштеу тәсілдерін қолдану. ).



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет