Тарихшы емес мамандықтарда «Қазақстан тарихы» ПӘнін оқытудың инновациялық Әдістері



Pdf көрінісі
Дата02.03.2017
өлшемі247,39 Kb.
#5136

ТАРИХШЫ ЕМЕС МАМАНДЫҚТАРДА «ҚАЗАҚСТАН  

ТАРИХЫ» ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ 

 

Ибраева А.Г. т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының 

доценті  

 

Тәуелсіздік  алғаннан  кейін  республикамыздың  білім  беру  жүйесіндегі 

ізденістер  мен  бастамалары  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  ықпалдастықты 

арттыру  мен  сапаны  кӛтеруге  бағытталды.  Білім  беру  нормаларын  ӛзара 

мақұлдау  жӛніндегі  Лиссабон  конвенциясын,  жоғары  білім  саласы  мен 

құрылымындағы  бірізділікке  қатысты  Сорбон  декларациясын  қолдап, 

белсенді  араласуға  талпыныс  жасаған  мемлекеттердің  арасында  Қазақстан 

алғашқылардың  қатарында.  Еліміздің  Болон  процесіне  қосылуы  отандық 

білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына 

толық  жауап  береді.  2004  жылдың  ақпан  айында  Үкіметтің  «Білімді 

дамытудың  2015  жылға  дейінгі  тұжырымдамасын»  қабылдауы  жоғары 

мектептегі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  мәселесіне  түбегейлі  ӛзгеріс  енгізіп, 

кредиттік  оқыту  жүйесіне  кӛшу  қолға  алынды.  Жаңа  жүйеге  кӛшу  жоғары 

оқу  орындарында  мамандықтар  бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті 

стандарт  және  оның  негізінде  құрастырылатын  типтік  оқу  жоспарларын 

қайта жасауды талап етті.  

Бүгінгі күні еліміздің жоғарғы оқу орындарының студенттері таңдаған 

мамандықтары  бойынша  2006  жылы  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі 

бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт және типтік оқу жоспарлары 

негізінде  білім  алуда.  Типтік  оқу  жоспарындағы  жалпы  білім  беретін 

пәндердің  қатарына  Қазақстан  тарихы  курсы  ерекше  мәнге  ие  болып, 

жоғарғы  оқу  орындарындағы  барлық  мамандықтардың  оқу  жұмыс 

жоспарына  енгізілді.  Пәннің  мәртебесін  ӛсіру  ең  алдымен  халықтың 

бұрмаланған  тарихи  жадын  қалпына  келтіру,  ұлттық  сана  мен  бірлікті 

қалыптастыру,  азаматтанушылық  пен  патриотизмге  тәрбиелеу  мақсатын 

кӛздеген  мемлекеттік  саясат  болып  отыр.  Сондықтан  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  шешімімен  жоғарғы  оқу 

орындарының студенттері “Қазақстан тарихы” пәнінен мемлекеттік емтихан 

тапсырады. Мұның ӛзі Қазақстан тарихын оқытатын оқытушылар мен білім 

алушы  студенттерге  үлкен  міндеттер  жүктеуде.  2005  жылдан  бастап  

университетімізде емтихан компьютерлік тестілеу әдісі арқылы алынады.  

Мамандықтар  бойынша  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартқа 

сәйкес  Қазақстан  тарихы  пәні  ежелгі  кезеңнен  бүгінгі  күнге  дейінгі  ірі-ірі 

тарихи  оқиғалар  мен  уақыт  ӛлшеміне  байланысты  мынадай  кезеңдер 

негізінде  оқытылады:  1.  Кӛне  заманнан,  палеолит  дәуірінен  ХІІІ  ғасырдағы 

монғол шапқыншылығына дейінгі кезең; 2. ХІУ-ХУІІІ ғасырдың басын, яғни 

Қазақ  хандығының  ұлттық  мемлекет  ретінде  құрылып,  дамуы  мен  қазақ 

этносының  қалыптасу  уақыты;  3.  ХУІІІ  ғасырдың  30-жылдарынан  1917 

жылға дейінгі кезең; 4. 1917 жылдан 1991 жылға дейін; 5. Тәуелсіз Қазақстан. 


Пәнге мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт бойынша 135 сағатқа тең 

3 кредит бӛлінген. Оның 45 сағаты (30 сағат – дәріс, 15 сағат – семинар), 45 

сағаты  студенттің  ӛздік жұмысы  (СӚЖ),  45  сағаты  студенттің оқытушымен 

ӛздік  жұмысы  (СОӚЖ)  түрінде  ӛтіледі.  Пәнді  жүргізу  Қазақстан  тарихы 

кафедрасының  белді  оқытушыларына  жүктелген.  Атап  айтсақ,  т.ғ.д., 

профессор  С.И.  Ковальская,  т.ғ.к.,  доценттер  С.Ә.  Мәкен,  Д.Н. 

Баймағамбетова,  К.М.  Жақыпова,  А.Қ.  Рақымбекова,  А.Ғ.  Ибраева,  А.М. 

Жәркенова,  Ӛ.Ж.  Бекмағанбетов,    семинар  және  СОӚЖ-на  аға  оқытушылар 

және  оқытушылар  Ж.О.  Хасенова,  Қ.О.  Сейтқазина,  Н.Ж.  Исабаев,  Д.М. 

Маратова,  Г.Қ.  Битниева,  Қ.А.  Сарин  және  Ә.М.  Молдашева 

жұмылдырылған.  Кафедра  меңгерушісі  т.ғ.д.,  профессор  Т.С.  Садықовтың 

жетекшілігімен  пәннің  оқу-әдістемелік  кешені,  Мемлекеттік  емтихан 



бағдарламасы  және  тест  сұрақтарының  базасы  қазақ  және  орыс 

тілдерінде әзірленді. (Проектордан көрсету)  

Болашақ  маман  жоғары  оқу  орны  аудиториясында  қалыптасады,  одан 

болашақ  түлектің  біліктілік  деңгейі  анықталады.  Оқытудың  дәстүрлі  әдісі 

студент  пен  оқытушы  арасындағы  қарым-қатынасты  ұсынады,  оқытушы 

студенттің оқу қызметіне үнемі бақылау жасап, оқу материалын студенттерге 

дұрыс  меңгертуі  керек.  Бір  сӛзбен  айтқанда  сабақтың  нәтижелілігі 

оқытушыға  байланысты.  Оқытудың  бұл  тҥрі  директивті  болып 



есептелінеді.  Директивті  оқытуда  білім  деңгейі  оқу  үрдісінің  мазмұнын 

ұйымдастыра  отырып  ақпарат  беру  үлгісіндей  саналады.  Бір  жақты  сұхбат 

(диалог)  болған  кезде  ақпараттың  кӛпшілігі  беріледі  бір  жағынан  оқытушы 

сӛйлейді.  Директивті  оқыту  ҥлгілерінің  негізгі  критерийлері  нақтылы 

қорытынды  бақылау,  сабақтан  тыс  уақыттағы  ӛзіндік  жұмыстарға  болжам 

жасау, жазба жұмысы қарастырылмайды. 

Қазіргі  таңда  компьютер  және  интернет  –  жаңаша  технологиялар 

Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  білім  беруде  маңызды  роль 

атқаруда.  Бұл  жағдайда  қазақстандық  студенттер  жастардың  жаңаша 

танымдық кӛзқарастары қалыптасатыны анық. Әсіресе инерактивті әдістерді 

оқу  үрдісінде  қолдануда  компьютер  және  интернет  технология 

пайдаланылады.  Жаңаша  әдістерді  түсінуде,  мүмкіндігінше  жаңа 

технологияларды 

пайдалануда, 

оқытудың 

интерактивті 

әдістері 

қолданылады.  

Сондықтан, бүгінгі таңда оқу үдерісіне енгізіліп жатқан инновацияның 

түріне  интерактивті  оқытуды  жатқызамыз.  Интерактивті  оқытудың 



ҥлгілері:  материалды  еркін  мазмұндауда    дисскуссия  ұйымдастыру,  дәріс 

санын  қысқарту,  семинар  санын  кӛбейту,  топтық  тапсырмалардың  түрлері, 

бақылау жасау, ауызша, жазбаша жұмыстар орындау т.б. жатады. 

«Интерактивті  оқыту»  1990  жылдары  интернет  желісінің  дамуымен 

байланысты  пайда  болған.  «Интерактив»  деген  сӛз  ағылшынның  «interact» 

(«inter»  –  «ӛзара»,  «act»  –  «әрекет  ету»)  деген  сӛзінен  шыққан.  Яғни, 

интеракция  –  жеке  индивидтердің,  топтың,  жұптың  ӛзара  біріккен  әрекетте 

бір-біріне  алма-кезек  әсер  етуі.  Интерактивті  оқыту  –  бұл  таным  әрекетін 

ұйымдастырудың  арнаулы  формасы.  Оқытудың  бұл  формасы  алдына нақты 



және  бағдарланған  мақсат  қояды.  Сондай  мақсаттарының  бірі  –  оқу 

процесінің ӛнімділігін арттыратын білім алушының ақыл-ой кемелділіктерін, 

ӛз жетістіктерін сезінетіндей жағдай тудыру 

Жоғары оқу орнында қолдануға болатын оқытудың қазіргі әдістерінің 

аспектілеріне  келетін  болсақ:  көкейкесті  –  мазмұнды  әдіс,  тұсаукесер 

(презентация) пікір-сайыс (дискуссия), кейс – стади, топта жұмыс істеу, 

мимен ойлау әдісі (мозговая стака), викториналар, сыни ойлау әдісі, кіші 

–  зерттер,  іскер  ойындар,  ролдік  ойындар,  Insert  әдісі  (студенттер  10 

минутта ассоциативті эссе  жазады),  блийц  –  сұрақ, дебат, анкета алу 

әдістері жатады. 

Қазақстан  тарихы  барынша  кең  ауқымды,  гуманитарлық  және  сӛз 

ӛнеріне  тоқталатын  пән.  Оқу  курсы  ретінде  тарихтың  мақсаты  –  танымдық 

тапсырмаларды  шешу,  студенттердің  тарихтың  ғылыми  түсініктерін 

қалыптастыру жолында жұмыстар жүргізу, онсыз тарихты жан-жақты түсіну 

мүмкін  емес.  Оқытушының  міндеті  бұл  жағдайда  белгіленген  білімнің  ара 

қатынасын  аша  білу,  бір  жағын  студенттің  ӛзге  жақтарын  біліммен 

байланыстыра  отырып  дамыту  болып  табылады.  Бұл  мақсатқа  жету  үшін 

кафедра  оқытушылары  жаңаша  (инновациялық)  әдістерді  қолдануды 

тәжірибеге  енгізуде.  Кафедраның  әдістемелік  секциясның  мүшелері 

Қазақстан  тарихын  оқытуда  белсенді  әдіс-тәсілдерді  қолдану  түрлеріне 

байланысты  семинар  ӛткізіп,  онда  т.ғ.д.,  профессор  С.И.  Ковальская  мен 

т.ғ.к.,  доцент  А.Ғ. Ибраеваның  арнайы  тақырыптар бойынша баяндамалары 

тыңдалып, тұсаукесер жасады.  



Қафедра  оқытушыларының  интерактивті  технологияны  оқыту 

ҥдерісінде  пайдалану  әдістерін  жан-жақты  зерделей  келе  ҥшке  бөліп 

қарастыруға болады:  

-

 



техникалық құрал-жабдықтарды қолданбай ӛту әдісі, 

-

 



техникалық құрал-жабдықтарды жарым-жартылай қолдану әдісі; 

-

 



техникалық құрал-жабдықтарды қолдана (аудиовизуалды) оқыту әдісі. 

Интерактивті 

технологияның 

техникалық 

құрал-жабдықтарды 

қолданбай ӛту әдісіне жұптасып жұмыс істеу, ротациялық (ауыспалы) үштік, 

карусель–айналмақ, шағын топтармен жұмыс, аквариум, аяқталмаған сӛйлем, 

миға  шабуыл  (мозговой  штурм),  броундық  қозғалыс,  есептеу  ағашы,  ӛз 

атынан  сот,  азаматтық  тыңдау,  ролдік  (іскерлік)  ойын,  сығымдау  әдісі,  ӛз 

позицияңды  ұстан,  пікір-сайыс  (дискуссия),  дебаттар  т.б.  жатады.  Кафедра 

оқытушылары  тарапынан  бұл  әдістер  неғұрлым  кеңінен  және  тиімді 

пайдаланылуда.  Атап  айтсақ,  т.ғ.к,  доцент  К.М.  Жакупова  «ХҤІІІ-ХІХ  ғғ. 



Қазақстандағы  ұлт-азаттық  көтерілістер»  семинар  сабағын  конференц 

сабақ  түрінде  ӛткізсе,  аға  оқытушы  Қ.О.  Сейтқазина  «Тәуелсіз  Қазақстан» 

семинар  сабағын  дебат  түрінде,  оқытушы  А.М.  Молдашева  «Тәуке  хан 

билігі  тұсындағы  Қазақ  хандығы»  СОӚЖ  сабағын  миға  шабуыл  әдісін 

қолдану арқылы ӛткізген. (Проектор арқылы көрсету)    



Интерактивті  технологияның  техникалық  құрал-жабдықтарды 

қолдана  оқыту  әдісіне  компьютерді,  мультимедиалық  проекторларды 

немесе 


бейнемагнитофондарды 

пайдалану 

жатқызылады. 

Аталған 


құралдардың барлығы білім беру секторларында, оқыту орталықтарында жиі 

қолданылады.  Осыған  байланысты  Smart  technologies  Inc.  компаниясы  1991 

жылы  дүниежүзінде  бірінші  болып  интерактивті  тақтаны  ұсынды. 

Интерактивті  тақта  оқу  пәндерін  түрлендіруге  кӛмегін  тигізіп,  оқытудың 

барлық  кезеңінде,  яғни  бастауыш,  орта  мектептерде  және  жоғарғы  оқу 

орындарында білім сапасын арттыруға ықпал етуде.    

Интерактивті  тақтаның  кӛмегі  оқу  барысында  ӛте  зор  екені  зерттеу 

жұмыстарында  айқын  кӛрсетіліп  жүр.  Бұл  –  жаңашыл  аудиовизуалды 

техникалық құрал-жабдықтар  мен оқытудың  үдемелі де  қарқынды  әдістерін 

қолдану  арқылы    тыңдаушыларын  қызықтырып,  сабаққа  белсенді  түрде  

қатысуын арттыратын, материалдарды меңгеруді жеңілдететін, студенттерге 

ауқымды  оқу  материалдарымен  кӛмектескісі  келетін  оқытушыларға  ӛте 

тиімді  таңдау.  Сонымен  қатар,  интерактивті  тақта  арқылы  Power  Point 

бағдарламасы  негізінде  оқу  файлдарын  және  бейне-роликтер  әзірлеуге,  оқу 

прцесінде  DVD,  бейне-кассеталарды  кӛрсетуге  мүмкіндік  береді.  Бұл 

мүмкіндіктер  2009  жылы  Қазақстан  тарихы  кафедрасына  интерактикті 

тақтасы бар кабинет бӛлінген кезде тиімді пайдаланылған еді. Ӛкінішке орай, 

бір  корпустан  екінші  корпусқа  кӛшу  барысында  кафедраға  тиесілі 

техникалық  жабдықтар  берілмегендіктен  кафедра  оқытушылары  оңтайлы 

мүмкіндіктен  қол  үзе  бастады.  Сонымен  қатар,  Л.Н.  Гумилев  атындағы 

Еуразия  ұлттық  университетінде  интерактивті  тақта  деканаттар  мен 

кафедраларға  берілгеніне  біраз  уақыт  ӛткенімен  іске  қосылып,  қызмет 

кӛрсетіп  жатқаны  шамалы.  Оған  бірнеше  себептерді  кӛрсетуге  болады:  1. 

Оқытушылар тақтамен жұмыс істеуді әлі де жете меңгермеген; 2. Қазақстан 

тарихы сияқты үлкен аудиторияларда ӛтілетін пәндердің ерекшеліктері сабақ 

кестесін  жасау  кезінде  мүлдем  ескерілмейді  және  сабақ  ӛтілетін 

аудиторияларда  тақта  түгілі  микрофон  да  болмайды;  3.  Кезінде  оқыту 

үдерісіде  интерактивті  тақтаны  қолдану  арқылы    ақпараттық  технологияны 

пайдалану деген жақсы бастаманың аяқсыз қалғаны. 

Дегенмен,  кафедра  оқытушылары  дәріс,  семинар,  СОӚЖ  сабақ 

материалын Elluminate Live және Power Point бағдарламасында слайд әзірлеу 

және  оны  тұсаукесер  (презентация)  түрінде  дайындауда.  Материалдардың 

құрамына  кесте,  сұлба,  диаграмма,  сурет,  басқарушы  батырмалар, 

гиперсілтемелер,  графиктер  ендіру  мүмкіндігі  бар.  Осыған  орай,  кафедра 

оқытушылары  тарапынан  тарихшы  емес  мамандықтардың  студенттеріне 

Қазақстан  тарихы  пәнінен  ӛтілетін  семинар,  СӚЖ  және  СОӚЖ 

тапсырмаларының  кесте,  сұлба,  тест  сұрақтары  түріндегі  әдістемелік 

нұсқаулары  жасалды.  (Проектор  арқылы  көрстеу).  ElluminateLive 

бағдарламасы  әр  түрлі  бағдарламаларды  (Паскаль,  Visual Mind,  офистік  т.б. 

бағдарламаларды)    бірлесіп  қолдану,  дауыс  беру,  тестілеу,  файлдармен 

алмасу  мүмкіндіктерін  беретіндіктен,  алдын-ала  қажетті  материалдарды 

басқа  бағдарламада  да  әзірлеп  қолдануға  болады.  Кафедра  оқытушылары 

тарапынан  жиі  қолданылатыны  Power  Point  бағдарламасы.  Себебі  бұл 

бағдарлама  арқылы  әзірленген  материалды  кӛрсету  үшін  кафедра  арнайы 

техникалық  жабдықпен  (ноутбук,  проектор)  қамтамасыз  етілген.  Осыған 


орай,  тарихшы  және  тарихшы  емес  мамандықтарда  сабақ  жүргізуші 

оқытушылар  Қазақстан  тарихының  бірқатар  тақырыптарын  аталмыш 

бағдарлама  негізінде  құрастырып,  жаңаша  әдіспен  дәріс,  семинар,  СОӚЖ 

сабақтарын  жүргізуде.  Мәселен,  т.ғ.к.,  доцент  А.Ғ.  Ибраева  «Қазақстан 



территориясындағы 

тайпалық 

бірлестіктер», 

«Қазақстан 

территориясындағы  ерте  ортағасырлық  мемлекеттер»,  «Ұлы  Отан 

соғысы  жылдарындағы  Қазақстан»,  т.ғ.к.,  доцент  А.Қ.  Рақымбекова 

«Кенесары  Қасымұлы  бастаған  ұлт-азаттық  көтеріліс»,  т.ғ.к.,  доцент 

Ӛ.Ж.  Бекмағанбетов  және  аға  оқытушы  Н.Ж.  Исабаев  «Ұлы  Отан  соғысы 



жылдарындағы  Қазақстан»,  аға  оқытушы  Ж.О.  Хасенова  «1986  жылғы 

Желтоқсан  оқиғасы»  тақырыптарындағы  дәріс  сабақтарын  ақпараттық 

технологияны  пайдалану  арқылы  интерактивті  түрде  ӛткізуде.  (Проектор 



арқылы  көрстеу  қажет).  Кафедраның  басқа  оқытушылары  тарапынан 

мұндай мысалдарды кӛптеп келтіруге болады.      

Қазақстан  тарихы  курсында  пайдалануға  тиімді  әдістердің  бірі  – 

(мәселелі)  проблемелы  оқыту  болып  табылады.    Бұл  әдісті  дәріс,  семинар, 

СОӚЖ  сабақтарында  қолдануға  болады.  Сабақтың  ӛтілу  барысы  диалогке 

(сұхбақа)  ұқсас  келеді.  Бұл  әдіс  студенттің  танымдық,  шығармашылық 

қабілеттерін  арттырып,  қызығушылық  тудырады  және  оқыту  үрдісіне 

енгізеді. Мәселені ашуда  қайшылықтар  туындап, студенттің білімін кеңінен 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Сабақ  алдында  студенттерге  проблемалы 

сұрақ қойылады немесе проблемалы тапсырма беріледі. Мәселені шешу үшін 

оқытушы  материалдағы  қарама-қайшылықтарды  студенттің  қабылдауына 

дайындайды. Мұның тиімділігі жеке мәселелерді студенттердің ӛзі кӛрсетеді. 

Бұл  әдістің  басты  жетістігі  оқытушы  аудиториядан  қойылған  мәселенің 

студенттің  «ӛзіндік  шешімін»  тыңдау  мүмкіндігіне  жетеді.  Проблемалы 

оқытуды ұйымдастыру – дәріс оқушының күрделі, маңызды дайындығының 

негізінде жүзеге асады. Қазақстан тарихы курсында проблемалы тақырыптар 

және  мәселелер  кӛп  болғандықтан  С.Ә.  Мәкен,  К.М.  Жақыпова,  Д.Н. 

Баймағамбетова,  А.Ғ.  Ибраева,  А.М.  Жәркенова,  Ж.О.  Хасеновалар 

тарапынан бұл әдіс дәріс кеңінен қолданылуда.  Мысалы, т.ғ.к., доцент К.М. 



Жақыпова  Халықаралық  қатынастар  факультетінде  шежіре  құрастыру, 

«Менің  туған  қалам»    атты  тақырыптарды  шығармашылық  тапсырмалар 

әдісін қолдану арқылы жүргізсе, т.ғ.к., доцент Д.Н. Баймағамбетова сабақта 

кӛрнекі  құралдарды  тиімді  пайдалану  арқылы  интерактивті  дәріс  сабағын 

ӛткізді.  Сонымен  қатар,  кафедра  оқытушылары  ҚР  Тұңғыш  Президенті 

музейіне, 

«АЛЖИР» 

мемориалды 

музей-кешеніне 

экскурсиялар 

ұйымдастыруды тәжірибеге айналдырып, студенттердің білімін жетілдіруде.   

Қазақстан  тарихы  кафедрасында  оқыту  үдерісінде  ақпараттық 

технологияларды  қолдану  мақсатында  050203  –  «Тарих»  мамандығын 

игеретін  студенттерге  «Тарихи  информатика»    және  6N0203  –  «Тарих» 

мамандығының  2  курс  магистранттарына  «Оқытудағы  инновациялық 

технологиялар»  таңдау  бойынша  пәндері  оқу  жоспарына  енгізілді. 

Аталмыш пәндердің оқу жоспарына енгізілу мақсаты – кредиттік оқу жүйесі 

бойынша  білім  алатын  студенттерге  ақпараттық  технологиялар  жӛнінде 


білім,  іскерлік  және  дағды  қалыптастыруды  теориялық  және  тәжірибелік 

тұрғыдан  негіздеуді  кӛздеп  отыр.  Мәселен,    «Тарихи  информатика»  пәні 

бойынша СОӚЖ Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныпта ӛтіліп, 

студенттердің  интернет  қорын  пайдалану  арқылы  реферат,  курстық  жұмыс, 

ғылыми жобаларды әзірлеуге мүмкіндіктерін әлдеқайда арттыратыны сӛзсіз. 

Тарих  мамандығын  игеретін  студенттерге  арналған  пәннің  оқу-әдістемелік 

кешені  оқу  құралы  ретінде  жарық  кӛрді  (С.И.  Ковальская.  Тарихи 

информатика.  –  Астана:  Изд-во  Национального  центра  археографии  и 

источниковедения. – 2007. – 120 с., 7,5 п.л.)   

   Дегенмен

Қазақстан 

тарихы 


кафедрасының 

оқытушылары 

студенттердің  білімін  жетілдіру  мақсатында  атқарып  жатқан  іс-әрекеттері 

қаншалықты қажет, әрі тиімді болғанымен әлі де болса шешімін табу қажет 

қордаланған мәселелер жеткілікті. Осыған орай, бүгінгі жағдайды пайдалана 

отырып, кафедра тарапынан мынадай ұсыныстарды білдіргенді жӛн кӛрдік: 



Біріншіден,  Қазақстан  тарихы  курсы  университет  кӛлемінде  бүкіл 

мамандықтарға  оқылатын  болғандықтан  сапалы  дәріс  сабақтарын  ӛткізу 

мақсатында  пән  оқытылатын  аудиториялар  қажетті  техникалық  құрал-

жабдықтармен  (микрофон,  компьютер,  проектор,  экран  т.б)  жабдықталуға 

тиісті. 

Екіншіден,  Қазақстан  тарихы  Мемлекеттік  емтихан  тапсырылатын 

мәртебесі жоғары пән болғандықтан оқытушының сбақты сапалы жүргізуіне 

және  студенттің  білім  салуына  қажетті  барлық  мүмкіндіктер  (сабақ  кестесі, 

аудитория  мәселесі,  оқулықтармен  қамтамасыз  ету,  кафедраға  карталар, 

кӛрнекі құралдар алу т.б.) жасалу қажет.   

Ҥшіншіден, басқа корпуска кӛшу барысында берілмеген интерактивті 

тақтаны кері қайтарып, техникалық құрал-жабдықтарды қою және пайдалану 

мақсатында  кафедраның  интерактивті  кабинетін  қайта  қалпына  келтіру 

қажет.  Онда  оқытушыларға  электронды  қор  және  оқу  кітапханасын 

жандандыруға мүмкіндік болар еді. 

Төртіншіден,  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-нің  корпустары  мен 

аудиторияларында  WiFi-ге  (желісіз  интернет)  шығу  кедергісіз  жүзеге 

асырылуы  керек.  Сонымен  қатар,  факультеттерде  шын  мәнінде  жұмыс 

істейтін,  казіргі  заманғы  техникалық  кӛрстекіштерге  сай  компьютерлік 

сыныптар бекітілуі қажет. 

Бесіншіден,  университет  кітапханасы  жұмыс  кестесінен  бастап 

оқырмандарға  қызмет  кӛрсетуінің  негізгі  бағыттары  бойынша  күрделі 

ӛзгертулерді  талап  етуде.  Ең  алдымен  бұл  оқырманға    кез-келген  уақытта 

пайдалануға мүмкіндік бетерін электрондық қорға (ресурстарға) байланысты 

болып отыр. 

Алтыншыдан,  ғылыми  зерттеулерді  жүзеге  асырып,  нәтижелі 

жетістіктерге жету үшін кафедраны диктофондармен (5 дана), сканерлармен 

(2  дана),  цифрлі  фотоаппараттармен  (5  дана),  ноутбуктармен  (5  дана), 

ақпаратты тасымалдаушылар 1 ден 8 мгб (10 дана), қатты дискілер (5 дана), 

бағдарламалы  жабдықтар  (аудармашылар,  сӛздіктер,  энциклопедиялар), 

лицензяиланған  вирусқа  қарсы  бағдарламалармен  қамтамасыз  етілуі  қажет. 



Мысалы,  бүгінгі  таңда  Қазақстан  тарихында  ауызша  тарихқа  ерекше  кӛңіл 

бӛлінгендіктен аталмыш жабдықтарға деген қажеттілік ӛсуде. 



Жетіншіден,  2009  жылы  5  ақпанда  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-нің 

логистика  бӛлімі  «Учприбор»  фирмасының  EIKI  LC  –  XIP200  интерактивті 

проекторының  тұсаукесерін  ӛткізді.  Бұл  проектор  жапон  технологиясының 

соңғы  жаңалықтарының  бірі  болып  табылады.  Кафедра  оқытушыларының 

университеттің  барлық  корпустарында  және  бүкіл  мамандықтарда  сабақ 

жүргізетінін  ескере  отырып,  салмағы  небары  3,3  кг,  тасымалдауға  және 

қолдануға  ыңғайлы,  әрі  әдістемелік  жағынан  неғұрлым  тиімді  құралды 

кафедра иемденсе білім сапасының әлдеқайда жетілетіні сӛзсіз.  

Проекторды  оқу  процесінде,  докторлық,  магистрлік  диссертациялар 

мен  студенттік  ғылыми  жобаларды  қорғау  бырысында,  ғылыми  және 

әдістемелік  семинарлар  мен  конференцияларды  ӛткізуде  пайдалануға 

болады.  Осыған  орай,  жоғарыда  айтылғандарды  ескере  отырып,  Қазақстан 

тарихы  кафедрасына  EIKI  LC  –  XIP200  интерактивті  проекторын  алып 

беруге  ұсыныс  жасалған  еді,  әлі  күнге  дейін  жауап  жоқ.  Осы  мәселе 

жылдамырақ шешімін тапса дейміз. 

Сегізіншіден,  Қазақстан  тарихы  пәнінен  мемлекеттік    емтиханды 

компютерлік  тестілеу  әдісінен  ауызша  формаға  кӛшіру  тиімді  болар  еді. 

Себебі, Қазақстан тарихы барынша кең ауқымды, гуманитарлық сӛз ӛнеріне, 

ғылыми  тұжырымдарға  негізделген  пән  болғандықтан  білім  алушы 

тарихымыздың  ӛзекті  мәселелері  бойынша  ӛз  ойларын  жан-жақты  жеткізе 

білуге тиісті. 



 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет