экспедицияларға қатысады, аты ұмыт болған ардагерлерді тауып, есімі мен
еңбегін қалпына келтіреді, оларға ескерткіш орнатуға қатысып, оны одан әрі
қамқорлыққа алады, мектеп музейі мен залдарын да ұйымдастырады, соғыс,
еңбек ардагерлерін, мүгедектерін қамқорлыққа алады. Осы жұмыстардың
бәрі оқушыларды өмірді шын мәнісінде түсінуге, қоғамдағы өзгерістер мен
жаңалықтарды бағалай білуге, осы қоғамда лайықты өмір сүріп, еңбек етуге
тәрбиелейді.
Жоғарыда аталып көрсетілген алуан түрлі сыныптан тыс жұмыстарды
орындау оқушыларды белсене әрекет жасауға, әр істе бастамашы болуға
тәрбиелейді.
Сыныптан тыс жұмыстардың бірқатарының мазмұны оқытылып жатқан
тарих сабақтарының мазмұнымен тікелей байланысты. Мәселен, қазақ
халқының сырттан болған шапқыншылыққа қарсы ерлік күресі, мәдениет
тарихы, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихы, отарлық бұғауға
қарсы жүргізген ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы және басқа да маңызды
тақырыптардың мазмұны сыныптан тыс жұмыстардың түрлі формаларында
жүргізілетін жұмыстарда қамтылып жатады.
Мектепте оқытылатын тарих пәні өзінің негізін тарих ғылымынан алады,
ал ол ғылымның аса маңызды салаларына жатады. Кез келген өркениетті,
дамыған елдер өз мемлекетінің барлық азаматтарын тарихи біліммен
қаруландыруға ұмтылады және де оны алдымен өз халқының, өз елінің
тарихын оқытып үйретуден бастайды. Тарихи білімді меңгерген адам өзі өмір
сүрген қоғамдағы орынын, атқаратын қызметін, басқа да іс-әрекеттерін дәл
анықтай алады. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президенті
жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңес бекіткен 1995
жылғы
Қазақстан
Республикасында
тарихи
сана
қалыптастыру
тұжырымдамасын қабылдаған болатын. Бұл тұжырымдамада оқу
орындарында тарихты, әсіресе Қазақстан тарихын оқытуды алдын-ала
межелеу жөнінде аса жауапты міндеттер қойылған. Ол міндеттер алдымен
жалпы білім беретін мектептерде жүзеге асады. Өйткені елдің барлық
азаматтарына жүйелі тарихи білім беретін оқу орны - мектеп. Ол пәңді
оқытатын - тарихшы мұғалімдер. Сондықтан да университеттер мен
пединституттардың тарих факультеттерінде болашақ тарихшылар 4-5 жыл
оқып, орта мектептің тарихшы мұғалімі деген мамандық алады. Осы
факультетте оқылатын пәндердің арасында "Тарихты оқыту теориясы мен
әдістемесі" (ТОТӘ) пәнінің орны ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: