Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы. Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Студенттерге қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағының талаптары және жаңа педагогикалық технологияларға сай сабақты ұйымдастыру жолдарын игерту.
Әдістемелік нұсқау: Тарих сабағы бойынша новаторлар еңбегімен танысу, пікір-алмасу, тарих сабақтарында тиімді нәтижеге жету жолындағы жаңа технологияларды қолдану:
«Модульдік оқыту технологиясы
«Оқытудың проблемалық технологиясы»
Тақырып: «Ойын технологиясы»
«Дебат технологиясы»
«Тірек-сызбалар арқылы оқыту технологиясы»
«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»
Ұсынылатын әдебиеттер:
В.П. Бесполько «Слагаемые педагогической технологий», М-1989 г.
Н.Р. Юсуфбекова «Общие основы педагогической инноватики» М-1991.
В.Монохов «Проектирование и внедрение новых технологий обучения» М-1990 г.
М.В.Кларин «Педагогическая технология в учебном процессе», М-1989.
Байғазиева Гүлнұр «Педагогикалық технологияларды меңгеру- міндет» |Қазақстан мектебі №1, 2006ж|.
Мусина Сапура “Оқыту технологияларын енгізу жлдары”, Қазақстан мектебі №86 2002ж|.
Бұзаубақова Клара «Жаңа педагогикалық технолиялар», ||Қазақстан мектебі №4, 2005 ж.
Қажығалиева Ажар «Модулмен оқытуды ұйымдастыру», ||Қазақсьан мектебі №26 2006ж
Құрмансейтова Г. «Жаңа технологияны жандандыру жолында», ||Қазақ тарихы №56 2004ж..
«Тарихты оқыту әдістемесі»пәні бойынша ОСӨЖ орындауға әдістемелік нұсқау ОСӨЖ тақырыбы: Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттары.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының нормативтік-құжаттарын білім берудің негізгі көзі ретінде оқыту
Түрі: Жарыс сөз.
Әдістемелік нұсқау: Білім беруді анықтайтын құжаттарға: Қазақстан Республикасының Конституциясы;Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы, білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады. Қазақстан Республикасы президентінің жаңа ғасыр- жаңа ұрпақ тәрбиелеудегі ой түйіндері, «Жаңа әлемдегі- жаңа Қазақстан» негізгі басымдықтар, білім берудегі мәселелер туралы ой толғаныс, пікір білдіру.