Тас дәуірі Ежелгі Қазақстан тарихына жатпайтын тарихи үдеріс: Ислам дінінің таралуы



бет171/221
Дата14.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#113890
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   221
Байланысты:
Толық Жаңа форматтағы Жубанышев Қ тарих-1-2

Ғазнауи әулеті – Ғазнауи мемлекетіндегі түріктерден шыққан әулет.
Ғаныш – бор тасты күйдіру арқылы алынатын құрылыс материалы. Ол қалау жұмысына және сылаққа қолданылған.
Ғибадатханажалбарыну, сиыну, Құдайға құлшылық ететін орын.
Ғылыми-техникалық прогрессғылым мен техниканың бірегей, бір-бірімен сабақтаса, біртіндеп дамуы.
Даруғ, даруғаханның қаладағы әкімі, салық жинайтын т.б жұмыстар атқаратын өкілі.
Дастан – Орта және Таяу Шығыс халықтарының жазба және ауызша әдебиетіндегі көлемді батырлық немесе махаббат поэмасы.
Дәнүккіш – ұн жасау мақсатында бидайды үгітуге қолданылған тас құрал
Дәстүр (лат. tradition – беру) – ұзақ уақыт бойы белгілі бір қоғамдар мен әлеуметтік топтарда сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік және мәдени мұралардың элементтері.
Декабристер – 1825 жылы Петербургтағы Сенат алаңында болған көтеріліске қатысушылар.
Декларация (лат. жариялау) – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының бағыты, партиялармен халықаралық ұйымдардың бағдарламалық ережелері жөніндегі ресми мәлімдеме.
Декрет (лат. қаулы) – мемлекеттік жоғарғы органдардың заңдық күші бар құжаты (мысалы, Бітім туралы декрет, Жер туралы декрет – 1917 жылы 27 қазанға (9 қарашаға) қараған түні Кеңестердің ІІ съезінде қабылданды).
Делегация – мемлекеттің өкілетті-құқықты өкілдігі.
Демобилизация – әскери қызметкерлерді міндетті қызметтен босату не отставкаға, резервке шығару.
Демобилизация – соғыс үшін, сонымен бірге халық шаруашылығының барлық саласын бейбіт қалпына көшіру.
Демография халықтың құрамын, санын және өсуін зерттейтін статистика саласы.
Демократияландыру – қандай да бір шараларды демократиялық (немесе неғұрлым демократиялық) негіздерде ұйымдастыру.
Депортация (лат. қуу) – 1920-1940 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін кезеңінде КСРО-ның бірқатар халықтарын тарихи мекендеген жерлерінен қуу. Депортация ауыр қылмыстардың қатарына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет