Тас ұсатқыш зауыттар



Дата03.10.2024
өлшемі0,7 Mb.
#146727
түріСабақ
Байланысты:
Практика №2

Практикалық сабақ №2 Тас материалдарын ұсақтау және ұнтақтау машиналарының классификациясы


ҰСАҚТАУ ЖӘНЕ ҰНТАҚТАУ дегеніміз тау жыныстары дәндерінің өлшемдерін механикалық әсер ету нәтижесінде кішірейту. Ұсақтау нәтижесінде алынатын өнімдер өлшемдері кесек болады, ал ұнтақтағанда өнімдер өлшемдері 0,5мм-ден кіші болады. Сондықтан ұнтақтау үшін диірмендер (шаровые, стержневые мельницы,) ал ұсақтау үшін ұсақтағыштар (щековые, конусные, валковые, молотковые дробилки) қолданылады.
СҰРАПТАУ (ЕЛЕУ)дайын өнімдерді ірілігіне байланысты елеуіштерде бөлу.
Қиыршықтас пен малтатасты ЖУУ кесек балшықты, шаңды және сазды бөлшектерді жою мақсатында жүзеге асырылады және електерде немесе жуу машиналарында жүргізіледі.
Құмды ЖІКТЕУ (КЛАССИФИКАЦИЯ) ЖӘНЕ БАЙЫТУ (ОБОГОЩЕНИЕ) гидроклассификаторлар мен гидроциклондарда осы операцияларды орындай отырып, дәнділік құрамын мемлекеттік стандарттар талаптарына жеткізу үшін пайдаланылады.

Тасты өңдеудің технологиялық процестерін механикаландыру


Ұсақтауға және ұңтақтауға арналған машиналар техникалық-конструктивтік белгілері және оларда жүзеге асырылатын ұсақтаудың негізгі әдісі бойынша бес класқа бөлінеді: жақты, конусты, білікті, роторлы соққылы-ұңтақтағыш ұсақтағыштар, барабанды диірмендер
Диірмендер (шарлы, өзекті)
Сурет 1– Ұсатқыштардың принциптік схемалары:
а - жақты; б – конусты, ірі ұсақтау; в – конусты, орташа және ұсақ ұсақтау; г – білікті; д – тісті білікті; е – балғалы; ж – роторлы
Сурет 2- Ұсақтау-ұнтақтау жабдығының жіктелуі::
а) жақты ұсақтағыш; б) конусты ұсақтағыш; в) білікті ұсақтағыш; г) соқылы ұнтақтағыш; д) шарлы (сырықты) диірмен:
1 - жылжымалы тақта; 2 - қозғалмайтын тақта; 3 - жылжымалы конус; 4 - қозғалмайтын конус; 5,6 - біліктер; 7 - балғалар; 8 - ротор; 9-металл шарлар (сырықтар); 10-айналмалы барабан
Тас материалдарын байыту мен жақсартудың технологиялық процестері
Тас материалдарын байыту және жақсарту процестері бөлінеді:
  • жуу;
  • гидравликалық жіктеу;
  • қиыршық тастарды пішіні бойынша байыту;
  • сусыздандыру;
  • қиыршық тас пен малтатасты беріктілігі бойынша байыту;
  • ауыр ортада қиыршық тасты байыту.

Сурет 3– ұсақтау циклдарының жүйелері:

Сурет 3– ұсақтау циклдарының жүйелері:

а – ашық цикл; б – жабық цикл; 1 – пластинка тәрізді қоректенгіш; 2,4 – елеуіштер (грохоты) 3 – ұсақтағыш.

Сурет 4– Ұсату стадиясының сұлбалары:

Сурет 4– Ұсату стадиясының сұлбалары:

а — бір стадиялық; б — екі стадиялық; в — үш стадиялық; 1 — қоректенуші; 2 — алғашқы ұсақтайтын жақтық ұсақтағыш; 3 — елеуіштер (бір және үш електі); 4 — бункерлер; 5 — ұсатудың екінші стадиясындағы конусты ұсатқыш; 6 — ұсатудың үшінші стадиясындағы конусты ұсатқыш.

Сурет 5– Ұсату, сорттау және жуу технологиялық сұлбасы:

Сурет 5– Ұсату, сорттау және жуу технологиялық сұлбасы:

I – таза өте берік жыныстарды өңдегенде; II – шөгінді жыныстарды өңдегенде; III – аз габаритті біртексіз жыныстар; + белгісі дәндердің берілген өлшемнен кесек екенін білдіреді

Сурет 6– тас өңдеудің санды-сапалы сұлбасы

Сурет 6– тас өңдеудің санды-сапалы сұлбасы

Бақылау сұрақтары

Бақылау сұрақтары

1. Құрылыста қандай уатқыш кең таралған?

2. Құрылыс материалдарын өндіруде сұрыптаудың қандай түрлері қолданылады?

3. Жіктегіштер не үшін қолданылады?

4. Қиыршықтас-құмды қоспаларды және малтатастарды жуу және сұрыптау үшін не қолданылады?

5. Қоспаларды құру түріне байланысты араластырғыштарды қалай классификациялайды?

6. Гравитациялы араластырғыш қандай қоспаларды алу үшін қолданылады?

7. Күштеп араластырғыш қандай қоспаларды алу үшін қолданылады?

Пайдаланған əдебиеттер

1.Сергеев В.П. Строительные машины и обо-рудование.- М.: Высшая школа.2012. – 855 с. ISBN 978-5-89035-674-1.

2.Борщевский А.А, Ильин А.С. Механическое оборудование для производства строитель-ных материалов. М.: Высшая школа. 2016. – 649 с. ISBN 978-5-89035-826-4.

3.Силенок С.Г. Механическое оборудование предприятий строительных материалов, из-делий и конструкций. М: Транспорт,2013. – 132 с. ISBN 978-5-7883-1317-74.

4.Никифоров А.Д.. Бойцов В.В, Инженер-ные методы обеспечения качества в ма-шиностроении, 2019. 412 с. ISBN 978-5-907055-99-5.

5.Р.А.Козбагаров, Н.С.Камзанов, С.К.Кожатаев. Құрылыс машиналары: Оқу құралы.– Алматы: ЛКА, 2022.-276 б



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет