Тасыма л сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы тасымал



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі411 Kb.
#19023
1   2   3   4   5
Байланысты:
ереже қазақ тілі

Етістер

Жұрнақтар

Мысалдар

Негізгі етіс

-

жазу, қию,құю

Өздік

-ын, -ін, -н.

жу-ын-ды, ки-ін-ді, ойла-н-ды

Өзгелік

-қыз, -кіз, -ғыз, -гіз, -ыз, -із, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -т.

айт – қызды, бер-гіз – ді, күткіз.

Ортақ

-ыс, -іс, -с

жаз – ыс, -айт – ыс, әкел – іс

Ырықсыз

-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н

жыз – ыл, жібер – іл – ді,

сал – ын – ды



Е С І М Ш Е

Есімге де, етістікке де тән грамматикалық белгілерді қамтитын етістіктің түрі есімше деп аталады.

Есімше көптеледі, тәуелденеді, септеледі, жіктеледі.

Есімшенің үш түрі бар: өткен шақ есімше, келер шақ есімше, ауыспалы шақ есімше.



Түрлері

Жұрнақтары

Мысалдар

Өткен шақ есімше

-ған, -ген, -қан,

-кен


ал-ған, кел-ген,

аш-қан, кес-кен



Ауыспалы шақ есімше

-атын, -етін,

-йтін, -итін



бар-атын, кел-етін, ойна-йтын, биле-йтін

Келер шақ

а) болжалды келер шақ
ә) мақсатты келер шақ

-р, -ар, -ер
-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек

оқы-р, айт-р, бер-ер
ал-мақ, сүй-мек, тоң-бақ, мінбек, төк-пек



К Ө С Е М Ш Е
Тиянақсыз тұлғада келіп, көмекші етістіктермен тіркесу арқылы күрделі етістік тудыратын етісітктің түрі көсемше деп аталады.

Тұлғалық белгілеріне қарай көсемше үш түрлі болады: өткен шақ көсемше, келер шақ көсемше, ауыспалы шақ көсемше.



Түрлері

Жұрнақтар

Мсылдар

Ауыспалы көсемше

-а, -е, -й

жаз-а, көр-е,

сөйле-й


Өткен шақ көсемше

-ып, -іп, -п

жаз-ып, кел-іп, сөйле-п

Келер шақ көсемше

-қалы,-келі,-ғалы, -гелі

айт-қалы, сеп-келі, ойна-ғалы, жүр-гелі



Ш Ы Л А У

Өз алдына толық, дербес мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланысытырып немесе оған қосымша мағына үстеп тұратын көмекші сөздер шылау деп аталады. Шылаудың басқа сөз таптарына қарағанда мынадай айырмашылықтары бар:



  1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.

  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.

  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей алады.




Шылау

Септеулік

Жалғаулық

Демеулік

туралы, арқылы, сияқты, үшін, дейін, бері, бірге

мен, бен, пен, менен, пенен, да, де, та, те, және, әрі, тағы

ма, ме, ба, бе, па, пе, -ақ, -ау,

-ай, қой, ғой,

-ды, -ді, -ты,

-ті,- қан, ғана, тек, тұрсын, түгіл, -мыс, -міс, -екеш





Ү С Т Е У

Сөйлемде қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жан-күйін білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздер үстеу деп аталады.





Түрлері

Мысалдар

Тұлғасына қарай

Негізгі

қазір, бүгін, ерте, кешке, дәл, сәл, тым, әрең

Туынды

күздей, жаңаша, босқа, соншама, шетінен

Құрамына қарай

Дара


ерте, тым, кеш, мүлде, қазір, тікелей

Күрделі


а) биыл, бүгін, біраз, бірталай

ә) бірте-бірте, анда-санда

б) күні бүгін, жеті түнде, ала жаздай





Мағынасына қарай


мезгіл

қашан?

қашаннан?

кеше, бүгін, ертең, қыстыгүні, биыл, күні бойы

мекен

қайда?

қайдан?

әрі, бері, сыртта, тысқары, төмен, алға, ішке

мөлшер

қанша?қаншалық?

қаншадан? нешеден?

онша, сондайлық, бірталай, талай, зорға, азғантай

сын – бейне

қалай? қалайша?

қайтіп?

көзбе-көз, бірге, зорға, аздап, қолма-қол

күшейту

қалай? қандай? қайтіп?

нағыз, ең, өте, тым, кілең, нық, дәл, барынша

мақсат

неге? не үшін?

не мақсатпен?

жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра

себеп-салдар

не себепті? қалай? неге?

босқа, текке, құр босқа, жоққа, әншейін

топтау

қалай? қаншадан?

екеулеп, аз-аздан, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен

Ү С Т Е У Д І Ң Ж А С А Л У Ж О Л Д А Р Ы


Үстеу жасайтын қосымшалар

1

-ша, -ше

адамша, көзінше

2

-лай, -лей, -дай, -дей,

-тай, -тей



шикілей, жастай, жібектей, күздей

3

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін

тотыдайын, бөрідейін, түлкідейін

4

-ша(-лық), -ше(-лік), -ша(-ма)

соншалық, мұнша, сонша, соншалық

5

-лап, -леп, -дап, -деп, -тап,

-теп


темірлеп, жаяулап, оңдап

6

-шы(-лап), -ші(-леп)

өлімшілеп, Асаншылап, бәленшелеп

7

-сын, -сін, -ын, -ін

кешкісін, жасырын, үстіртін

8

-майынша, -мейінше

бармайынша, келмейінше, қоймайынша

9

-қары, -кері

сыртқары, тысқары, ішкері




Жалғаулармен түбірмен бірігіп жасалған туынды үстеулер

1

Барыс септік жалғауымен

бірге, кешке, алға, артқа

2

Жатыс септік жалғауымен

артта, алда, қапелімде, лезде

3

Шығыс септік жалғауымен

шалқасынан, жүрісінен, төтеден

4

Көмектес септік жалғауымен

ретімен, шынымен, жөнімен

Күрделі туынды үстеулер

1

Сөздің бірігуінен, кірігуінен

жаздыгүні, бірталай, бүгін

2

Сөздің қосарлануынан

енді-енді, күнде, күнде, әрең-әрең

3

Сөздің тіркесуінен

күнара, күні кеше, ала жаздай


С Ө Й Л Е М

Біршама тиянақты ойды білдіретін сөздер тобы сөйлем деп аталады.

Сөйлемнің белгілі бір интонациясы (хабарлау интонациясы, сұрау интонациясы, т.б.) болады.

Бір ғана ойды білдіріп, бір ғана интонациямен айтылатын сөйлем жай сөйлем деп аталады.



Ж А Й С Ө Й Л Е М

Хабарлы

Сұраулы

Бұйрықты

Лепті


Туған жерім гүлденіп келеді.

Геральдика дегеніміз не?

Табиғат тазалығын сақтаңдар!

Кең далам!

Құрамына қарай


Жақты

Жақсыз

Жалаң

Жайылма

Өзгерістер көп.

Бұл жерде суға түсуге болмайды.

Жұмыс жүріп жатыр.

Уақыт факторы әрбір істе маңызды.


Толымды


Толымсыз


Атаулы

Адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт.

Ол алтыннан да қымбат.

Аппақ қар.

С Ө Й Л Е М М Ү Ш Е Л Е Р І
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы, белгілі бір сұраққа жауап беретін және сөйлемдегі басқа сөздермен байланысып тұратын сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.

Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш тұрлаулы мүшелер деп аталады.

Сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді анықтап тұратын сөзлер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері деп аталады.

Т Ұ Р Л А У Л Ы М Ү Ш Е Л Е Р
Б А С Т А У Ы Ш.

Сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? кімім? нем? Қазақ халқы егемендік алды.
Б А Я Н Д А У Ы Ш.

Қай сөз табынан болса да, сол сөз табына жауап береді.



Гүлназ мектепте оқиды.

Т Ұ Р Л А У С Ы З М Ү Ш Е Л Е Р


А Н Ы ҚТАУ Ы Ш.

Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?

Таңғажайып табиғаты бар ел.

Т О Л Ы Қ Т А У Ы Ш.

Сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімнен? неден? кіммен? неден? кіммен? немен?

Табиғатты қорғауды үйренейік.
П Ы С Ы Қ Т А У Ы Ш.

Сұрақтары: қайда? қайдан? қалай қарай? қашан? қашанна бері? қалай? қалайша? қайтіп? неліктен? не үшін? неге? не мақсатпен?

Еліміз үшін бұл аймақтың маңызы жоқ.



П У Н К Т У А Ц И Я

НҮКТЕ

Хабарлы сөйлемнен қойылады.

Маңайда тірі жан көрінбейді.

Жай, екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемнен кейін қойылады.

Кітабыңды маған бере тұршы.

ЛЕП БЕЛГІСІ

Көтеріңкі дауыспен айтылған сөйлем мен бұйрықты сөйлемнен кейін қойылады.

Шіркін, қандай керемет!

СҰРАУ БЕЛГІСІ

Сұраулы сөйлемнен кейін қойылады.

Ақшам қайда? Менің бұл ісім сауап емес пе?


ҚОС НҮКТЕ

Бірыңғай мүшелердің алдындағы жалпылауыш сөзден кейін

Жиналыста сөз сөйлегендер: Асанов пен Қалиева.

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласта салдар мәнді сөйлемнен кейін

Оларды жазықсыздан-жазықсыз сөгуге болмайды: қыз ұзату оңай емес.

Жалғаулықсыз түсіндірмелі салаласта жай сөйлемдердің арасына қойылады

Оның мұңаюына екі түрлі себеп бар: біріншіден, ағайынымен араздасып қалды, екіншісі-оны түсінетін адамның жоқтығы.

Төл сөздің алдында келген автор сөзінен кейін қойылады

Сағит ең алдымен Ботагөзге: Сүйінші!-деді.

КӨП НҮКТЕ

Айтылуға тиісті ой аяқталмай қалғанда қойылады

«Иә, көз – қорқақ, қол – батыр Бісміллә, береке ...» Сонымен бастап та жіберді.

Сөйлеуші қысылып сөйлей алмай қалғанда, асығыс айтқанда, ойдың бөлінуіне байланысты дауыс ырғағындағы кідірісті білдіру үшін

- Е, не қыл дейсің маған. Бала ...ыһ... тартып жіберші мына шетін, көтерсейші басыңды... мықтап ұста ... ешқайда кетпес.

Біреуден алынған цитататның не алдынан, не соңынан немесе сөйлем, сөз қалдырылған жерге қойлады.

... Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

Айтуға қолайсыз тұрпайы сөздің орнына

Қарашы мына .... бүлдіргенін!

Ескі қолжазбаларда көрінбей өшіріліп қалған жерлерге

Қиын тиді оларға

Аз кісі – ақ қайтып санарға.

(А)


ҮТІР

Бірыңғай мүшелер жалғаулық шылаусыз келгенде

Қайрат, ақыл, жүрек – үшеуі ғылымға жүгініпті.

Бірыңғай мүшелердің арасындағы жалғаулық шылау қайталанып тұрса

Не дүниеде, не ахиретте не пайдалы болса, не залалда болса, білетұғын – мен.

Оңашаланған айқындауыштың екі шетіне

Мен, Әсетов Орман, осы істі мойындаймын.

Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдер арасына

Қазанға қарамай асықса да, әңгімемен біраз отырып қалды.

Төл сөз хабарлы сөйлем болса, автор сөзі алдынан (артынан) үтір, сызықша қлйылады.

- Жеңеше, - деді кетерінде, - кірпіш тауып қойыңыз.

Оқшау сөз (қаратпа сөз, қыстырма сөз, одағай) сөйлем басында келсе, одан кейін; сөйлем ортасында келсе, екі шетіне; сөйлем соңында келсе, алдына қойылады.

Балам, ертерек кел.

Әрине, ертең сабақ болады.

Жүрегім, ойбай, соқпа енді.

НҮКТЕЛІ ҮТІР

Санамалап айтылған, мағынасы ыңғайлас сөйлемдердің арасына қойылады

Қасым ханның ережелерінде мынадай түйінді әдет – ғұрыптық қағидалар қамтылған:

  1. Мүлік заңы;

  2. Қылмыс заңы, т.б.

Өлең шумақтарында, құрмалас сөйлемде мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдер арасына

Ұл менқыздың қызығы –

Тілі анық шыққанша;

Мергендіктің қызығы –

Көздеген аңын жыққанша.

Сөздікте сөздердің түсініктемесінен кейін

Майе.араб. 1. ағатын сұйық;

2. сұйықтық

СЫЗЫҚША

Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан

Мен, Әсет, Самат – үшеуіміз доспыз.

Жалпылауыш сөзбен келген бірыңғай мүшеден кейін басқа сөздер келсе

Мыналар: Сырдария мен Амадария – Аралға құяды.

Оңашаланған айқындауыштың екі жағынан

Заман жаршыларының – баспасөз, эфир, экран – үндері құлақтан кіріп бойда алар.

Түсіндірмелі салаласта баяндауыш сондай, сонша, соншалық сөздерінен болса

Кешегі жарыстан шаршағаны соншалық – бүгін кешке дейін орнынан тұра алмады.

Жалғаулықсыз қарсылықты салалас

Бас болмақ оңай – бастамақ қиын.

Жалғаулықсыз ыңғайлас салалас іс, оқиғаның тез арада өткенін білдірсе

Есікті ашып қалды – маңдайына тас келіп тиді.

Төл сөз, автор сөзі диалогта қойылады.

- Қойдым, Тәуке, қойдым, - деді де Сыздық күлкіге булығып шығып кетті.

ТЫРНАҚША

Дәйнексөз тырнақшаға алынады

«Абай – қазақтың бас ақыны» деген Ахметтер де дүниеден өтті.

Төл сөз тырнақшаға алынады.

шешесі қызынан сұрады: «Ақшаны қайда қойдың?»

Біреудің айтқанына алынған алынған жеке – жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Әжемнің маған айтқан «алтыным», «қошақаным» деген сөздері әлі күнге дейін есімнен кетпейді.

Қалжыңмен айтылған астарлы мәндегі сөздер тырнақшаға алынады

«Жаны тәттілердің» жағдайын жасап жүре беремәіз бе?


ҚАБАТТАСА КЕЛЕТІН ТЫНЫС БЕЛГІЛЕР

Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрай мен леп белгілері қабат қойылады

Айналайын Ақ жайық,

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда

Еңкейе кірер күн қайда?!

Жалғаулықсыз қарсылықты салас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдері арасына үтір, сызықша қойылады

Ол өтініп сұрады, - бермедім.

Төл сөз бен автор сөзі арасына сызықща үтірмен, леп белгісімен; тырнақша мен үтір, нүкте, сұрау, леп белгілері, көп нүкте қабаттаса қойыла береді.

- Онда... – не дерін біле алмады.

- Солай, солай, шырағым, - деді.

- Неге? – деді Сағит тұрған үйінен кемдік көрді ме деген оймен.

Сұраулы және лепті сөйлемнен кейін ой аяқталмаса, сұрау мен леп белгілерінен кейін көп нүкте қойылады.

Алған сыйлығың құтты болсын!...

Болсын!... Біз қашан алады екенбіз, ә?...


О Д А Ғ А Й
Толық мағынасы жоқ, сондықтан затты, құбылысты, әрекетті нақты білдірмей, тек адамның әр-түрлі көңіл-күйін, сезімін білдіретін немесе жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер одағай сөздер деп аталады.

Одағай сөздер таңырқау, қуану, шаттану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, жекіру, күрсіну, сияқты көңіл-күйін білдіретін немесе жан-жануарларды, малды шақыру, қуу үшін қолданылады.



Көңіл-күй одағайлары

ой, бәрекелді, ойпырмай, құдай – ай


Ой, қандай тамаша!

Жекіру, ишарат одағайлары

жә, тәйт, тек

Жә, күңкілдеме!

Тәйт! Кет! Жоғал!




Шақыру одағайлары

Әй, әлди-әлди, аухау


Әй, Еркін, қайдасың? Әлди-әлди, әй, бөпем!




Тұрмыс-салт одағайлары

Ассалаумағалейкум, кеш жарық, рахмет.


Ассалаумағалейкум, Абай аға! Кеш жарық!




К Ө М Е К Ш І Е С І МД Е Р

Өзіндік мәні жоқ сөздер тобы көмекші есімдер деп аталады. Көмекші есімдер негізгі есімдермен ілік септігі арқылы байланысып, заттардың кеңістіктегі орналасу қатыстарын көрсетеді.




Зат есім+ілік септік

Көмекші есім

(тәуелдік жалғаудың ІІІ жағы)

Үй + дің

іш – і

Бөлме + нің

орта – сы



Е Л І К Т Е У С Ө З Д Е Р

Айналадғы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады.




Мағынасына қарай

Еліктеуіш

тарс-тұрс (етті), гу-гу (сөйледі), бырт-бырт (шайнады)

Бейнелеуіш

жалт (қарады), бүл-бүлк (қайнады), желп (етті), дір-дір (етіп тоңды)

Тұлғасына қарай

Негізгі

күрс, тарс, жылт, жалт, солқ

Туынды

арсалаң, томпаң, көлбең, қорбаң, жылтың

Құрамына қарай

Дара

арс, гүрс, қайқаң, көлбең, сырт

Күрделі

а) маң-маң, бот-борт, арбаң-арбаң

ә) арс-ұрс, жарқ-жұрқ, былқ-сылқ

б) мырс ету, бүлк ету, жалт-жұлт ету


Л Е К С И К А
Лексика – тіл білімінің сөз және оның мағынасын зерттейтін саласы. Лексика – белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы.

Сөздің затты я құбылысты білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.

Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып туады.

Сөздің екі я одан көп мағынаға ие болуы сөздің көп мағыналығы деп аталады.

Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа – басқа сөздердің тобын білдіреді.

Мағынасы бір – біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобы синонимдер деп аталады.

Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.

Сөз мағыналары

Сөздің тура мағынасы

Сөздің ауыспалы мағынасы

Сөздің көп мағыналылығы


ашық есік

ашық мінез

адамның басы, судың бас, таудың басы


Омонимдер


Антонимдер


Синонимдер

Айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер. Түс, қас, ай

Тілдегі мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөздер.

Биік – аласа, ақ – қара, жаман – жақсы, үлкен – кіші, кең – тар



Мағыналары жағынан бір – біріне жуық, дыбысталуы әр түрлі сөздер.

Тез – жылдам; сұлу - әдемі; кір – лас.



Ф Р А З Е О Л О Г И З М Д Е Р

(Тұрақты тіркестер)

Құрамы өзгермейтін сөз тіркесі болады. Ондағы сөздерді ауыстыруға болмайды. Сондықтан олар тұрақты тіркестер немесе фразеологизмдер деп аталады.



Фразеологизмдер

Мағынасы

Бес саусақтай білу

Өте жақсы білу

Құлақ түру

Тыңдау

Бармағынан бал тамған

шебер


С И Н Т А К С И С

Синтаксис тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым – құрылысы, басқа да ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы.

Сөйлемде кем дегенеде екі толық мағыналы сөздің бірі екіншісіне сабақтаса байланысқан сөз тізбегі сөз тіркесі деп аталады.

Синтаксис

Сөз тіркесі

Сөйлем

Есімді сөз тіркесі

Етістікті сөз тіркестері

Жай сөйлем

Құрмалас сөйлем

Мынау хатты Абай ағам Әбішке жазып еді.

Сөйлемнің сөз тіркестері: мынау хатты, хатты жазды, жаңа жазды. Әбішке жазды, Абай ағам жазды. Бұлар – етістікті сөз тіркестері. Мынау хатты деген – есімді сөз тіркесі.

Бүгін мен мектепке барамын.

Кітаптарын жоғалтып алғандықтан, оның бүгін мазасы болмады.

Сөздердің байланысу түрлері




қиысу

матасу

меңгеру

қабысу

жанасу




Ашынған әйел мән-жайын айтады.

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік.

Ел жайлаудан қайтып, күзекке беттеп келе жатқан.

Бұл шетте жыртық, шоқпыт лашықтар, құрым қара қостар, кішкене күркелелер бар.

Бүгін келді, кештете келді.




С Ө З Т І Р К Е С І Н І Ң Т Ү Р Л Е Р І
Сөз тіркесінің екі түрі бар: есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі.

Басыңқы сөз зат есім, сын есім, сан есімнен болса, есімді сөз тіркес, етістіктен болса, етістікті сөз тіркесі деп аталады.




1.

Зат есімді тіркестер

Ағаш күрек, аласа төбе

2.

Сын есімді тіркестер

Үлкен денелі, сөзге шешен, іске шебер

3.

Сан есімді тіркестер

Екіден бірі, онның екісі, тамыздың бесі

4.

Етістікті тіркестер

Мектептен шығу, апасымен келу

СӨЗ ТІРКЕСІНІҢ ЛЕКСИКА – ГРАММАТИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ


Анықтауыштық қатынас

1.

Байланыстың матасу және қабысу түрлерімен

Баланың ойыншығы, қара тон

2.

Басыңқы сөзден бағыныңқыға кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? Сұрақтарымен

Үйдің терезесі, алты дәптер

3.

Лексика – грамматикалық мағына даралық, нақтылық мәнді

Айымның досы, бөлменің есігі. Көкшетау қаласы

Толықтауыштық қатынас

1.

Меңгеру арқылы жасалған байланыс түрі

Сөзге шебер, гүлді суару

2.

Басыңқы сөзден бағыныңқыға кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? септіктерінің сұрақтарымен

Көзбен көру, менен алды

3.

Лексика – грамматикалық мағына сандық сапаның затқа қатыстылығы; қимылдың негізін білдіру; қимылға қажеттізатты білдіру; бағыт – бағдарды анықтау.

Оқуға ынталы, отқа жану, қағазға орау, мектептен шығу

Пысықтауыштық қатынас

1.

Меңгеру, қабысу, жанасу байланысытарындағы етісітктерден

Ауылда ашылды, былтыр ашылды

2.

Қайда? қайдан? қашан? қалай? сұрақтары қойылады

Кеш бару, Астанадан келу, баяу айту, тез жүру, қасақана істеу, ұялғаннан келмеу.


Қ Ұ Р М А Л А С С Ө Й Л Е М

Екі немесе бірнеше сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.



Құрмаластың жасалуына қарай түрлері


Салалас құрмалас сөйлем

Сабақтас құрмалас сөйлем

Аралас құрмалас сөйлем

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысады.

Құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, екінші сөйлемге бағына байланысады.

Кемінде үш сөйлемнен құралып, бір – бірімен салаласа да, сабақтаса да байланысады.

Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.

Ол келгенде, кино басталды.

1857 жылы Энгельс ауырып жатқанда, Маркс медицинаны зерттеп, досын дерттен емдеудің жолын іздеген.

С А Л А Л А С Қ Ұ Р М А Л А С С Ө Й Л Е М


Ыңғайластық

Қарсылықты

Себеп – салдар

Кезектес

Талғаулы

Түсіндірмелі

және, әрі, да, де, та, те

біра, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, сөйткенмен, әйтсе де, әйткенмен

өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, неге десеңіз, сол себепті


бірде, біресе, кейде

не, немесе, яки, не болмаса, әлде, әйтпесе

жалғаулығы жоқ

Есік тарс ашылды да, отырғандар түгел жалт қарасты.

Нұрбек пен Бектес көл жағасына дейін жүгірді, Санжар кетіп қалыпты.

Үлкендер қатты қорыққан болуы керек, себебі үйдегілер дауыстарын шығара алмай жаншылып, егіліп жылайды.

Кейде тамақтв біз дайындаймыз, кейде олар әзірлейді.

Өлеңді не Ермек өзі айтсын, немесе бәріміз айтайық.

Оқушыларына екі нәрсені үйретті, бірі – еңбек, екіншісі – адалдық.


САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ


Түрлері

Жасалуы

Мысалдары

Шартты бағыныңқы

-са, -се, -ған, -ген, -қан, -кен, және көсемше арқылы

Механик келсе, кино басталады.

Қарсылықты бағыныңқы

Шартты рай тұлғасы, есімші, көсемше -а,-е, жұрнақтары арқылы

Күн жылынса да, қар ерімейді.

Себеп-салдар бағыныңқы

-ған, -п, -й жұрнақтары

Қуанышым қойныма симай, үйден шыға жүгірдім.

Мезгіл бағыныңқы

-ақ, ғана шылаулар, -ар, -ер, -р,, кезде, шақта, соң, сайын, дейін, шейін, -а, -е, й, -қалы, -келі, -гелі, -ып, -іп, -п жұрнақтар

Әсел сабақта болғанда біз оны көшеде күттік.

Мақсат бағыныңқы

үшін, деп шылаулары, -ар, -ер, -р, қосымшалары

Істің аяғы тәтті болу үшін, басы қатты болу керек.

Қимыл-сын бағыныңқы

-а, -е, -й, -ып, -ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе, -с.

Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды.

Салыстырмалы бағыныңқы

қандай, қалай, қанша сұрау есімдігі

Көше қандай таза болса, аула сондай жинақы

Түсіндірмелі бағыныңқы

ол, бұл есімдіктері

Сенің сөзің осы болса, ол – мықтылығың емес.

Ыңғайлас бағыныңқы

көсемше, шартты рай арқылы

Келіншектер бауырсақ пісіріп, балалар отын жинады.

О Қ Ш А У С Ө З Д Е Р
Сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, өздеріне тән ерекше интонациямен айтылатын сөздер оқшау сөздер деп аталады.


Мағыналары мен грамматикалық белгілеріне қарай

Қаратпа сөз

Қыстырма сөз

Одағай сөз

Кел, балалар, оқылық!

Домбырам, күйден жаңылма!

Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!

Әрине, оның айтқаны дұрыс.

Ой, байғұс бала – ай!

Әттең, осылардың бәрі біздің ауылда өсетін болса!

Т Ө Л С Ө З.

А В Т О Р С Ө З І

Біреудің сөзінің бұлжытпай, өзгеріссіз берілуі төл сөз деп аталады.

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана берсе, ол төлеу сөз деп аталады.

Төл сөздің айналасында пайдаланып отырған жазушының немесе сөйлеушінің өз сөздері қоса қолданылады. Ол автор сөзі деп аталады.



Төл сөздің орын тәртібі және тыныс белгілері

Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.

Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.

Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.

Төл сөзді автор сөзі ортадан жарып келеді.

«Келешек- өткен тарихты қорғау»,- дейді Олжас Сүлейменов.

Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті»

Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді.

«Дат, тақсыр! - деді кенет жырау қобызын көтеріп, қаралы хабар айтушының жазасы - өлім!»


Төлеу сөз

Ол менен: «Сен қайда барасың?» - деп сұрады. –Ол менен қайда баратынымды сұрады.

Д И А Л ОГ

Екі кісінің бір – бірімен тікелей сөйлескен сөзі диалог деп аталады.

Сөзге қатысқан жеке адамның сөзі, сұрауы ескертпе (реплика) деп аталады. Ескертпелер де төл сөздің бір түрі.

М О Н О Л О Г

Монолог – бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпта баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсатта көзделеді.

С Т И Л Ь

Стиль – сөйлеушінің белгілі бір тақырыпқа қатысты сөз саптауы. Қазақ тіліндегі стильдердің бастылары:


Ауызекі сөйлеу стильдің мақсаты – қатынас жасау

- Мереке құтты болсын!

- Рахмет, сағат да ұлыс құтты болсын!



Ғылыми стильдің мақсаты – заттар мен құбылыстардың ерекшелігін ашып, мәлімет беру.

Заттың атауын білдіретін сөзді зат есім дейміз.

Ресми іс-қағаздар стилі – хабарлау, анықтау, мәліметтер береді.

Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.

Публицистикалық стиль – көпшілікке әсер ету, құбылыстардың, оқиғаның мәнін ашу, оларға көпшіліктің назарын аударады.

9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңындаЕлбасымыз Жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы»атағы берілді.

Көркем әдебиет стилінің мақсаты – құбылыстар мен заттарды суреттеу, жанды суретін көрсету, бейнелеу арқылы оқырманның сезіміне әсер етеді.

Ақ қасқыр айналып жіберіп, ағызып келіп алдына түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет