Тасымалдауды ұйымдастыру және


Әуе көлігіндегі халықаралық жолаушылар тасымалы



бет31/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
Байланысты:
КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый

Әуе көлігіндегі халықаралық жолаушылар тасымалы.
Жолаушының авиакомпания немесе оның агентi авиакомпания ережесіне сәйкес ресімдеген және берген нақты билетi болғанда ғана тасымалдауға жiберiледi.
Билетке өзгерістер енгізуді авиакомпания немесе авиакомпанияның келісімі бойынша уәкілетті агент жүзеге асырады.
Билет жолаушы мен оның багажын онда көрсетiлген маршрут пен қызмет көрсету класы бойынша жөнелту пунктiнен межелі пунктке дейiн тасымалдау үшiн жарамды болып табылады. Әрбiр ұшу купоны жолаушы мен оның багажын, онда көрсетiлген бағыт учаскесі, қызмет көрсету класы, күнi мен орны броньдалған рейс бойынша тасымалдау үшін ғана жарамды.
Егер билет броньдау туралы белгiсiз (күні белгіленбей) берiлсе, онда орын жолаушының сұрау салуына сәйкес сұрау салынған рейсте бос орындардың болуына қарай броньдалады.
Билеттің сатылған жерi мен күнi оның барлық купондарында көрсетiледі.
Ұшу күнi белгіленбеген тасымалға берiлген билет, жолаушы мен оның багажын тасымалдау үшiн, тасымал басталатын күннен бастап бір жыл ішінде, ал егер бiрде бiр ұшу купоны пайдаланылмаса, онда билет берiлген күннен бастап жарамды.
Арнайы тариф бойынша тасымалдауға берiлген билет авиакомпания белгілеген мерзімде жолаушы мен оның багажын тасымалдауға жарамды.
Авиакомпания мынадай жағдайларда авиакомпания ережесіне сәйкес жолаушыны тасымалдауға жібермейді:
1) билеттің қандай да бір бөлігіне зиян келтірілсе;
2) купон билеттерінде белгіленген тәртіпте авиакомпаниямен (Агентпен) расталмаған түзетулер болса;
3) тиісті ұшу купоны жоқ болса;
4) кейінгі пайдаланылмаған ұшу купондары жоқ болса;
5) билетте (ұшу және жолаушы купондары) авиакомпания немесе агент валидаторының белгісі жоқ болса;
6) жолаушылардың билеті жоғалды деп жарияланғанда;
7) ұсынылған билет бұрын жоғалды (ұрланған) немесе жасанды деп танылған болса;
8) авиакомпанияның автоматтандырылған броньдау жүйесінде тапсырыс (броньдау) жазбасы жоқ болса;
9) жолаушының тегі мен жеке басын куәландыратын мәліметтер авиакомпанияның автоматтандырылған броньдау жүйесінде тапсырысты ресімдеу кезінде көрсетілген мәліметтермен сәйкес келмесе.
Билеттiң жарамдылық мерзiмi, егер жолаушы мына жағдайларда билет жарамдылығы мерзiмi iшiнде ұша алмаған болса, бастапқы төленген тарифке сәйкес келетiн сол қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар авиакомпанияның ең жақын рейсiне дейiн ұзартылады:
1) билетте көрсетiлген рейстiң кейiнге қалдырылуы немесе кешiктірілуі;
2) билетте көрсетiлген әуежайда әуе кемесiнің қонуды орындамауы;
3) билетте көрсетiлген рейс пен күнi бойынша орын ұсына алмау мүмкінсіздігінен жолаушының жөнелтілмеуі;
4) рейстi орындамаған әуе кемесiнiң жөнелту әуежайына қайтып оралуы;
5) кестеде көрсетілген әуе кемесі үлгісінің ауыстырылуы;
6) билетте көрсетiлген қызмет ету класының ұсынылмауы;
7) әуе кемесiнің амалсыз қонуы себебiнен рейске үзiлiс жасалуы;
8) әуе кемесiнде онымен бiрге ұшуға тиiс жолаушының ауырып қалуы;
9) жолаушы қарап тексеруге байланысты жөнелтудiң кешiктiрiлуi себебiнен ұшудан немесе ұшуды жалғастырудан бас тартқан жағдайда;
10) авиакомпанияның билетті дұрыс ресімдемеуі.
Егер тасымалдауға билетi бар жолаушы орынды броньдау жөнiнде өтiнiш жасап, ал авиакомпанияның билеттiң жарамдылық мерзiмi iшiнде орын ұсыну мүмкiндiгi болмаса, онда ондай билеттiң жарамдылық мерзiмi авиакомпанияның бастапқыда төленген тарифке сәйкес келетiн қызмет көрсету класы бойынша бос орын бар ең жақын рейсiне дейiн ұзартылады.
Жолаушы авиакомпанияға ұшу купоны бар билеттi көрсетеді. Пайдаланылған ұшу купондары бар билет жолаушыны тасымалдау және ақшаны қайтару үшiн жарамсыз.
Авиакомпания ұшу купондарын жолаушы купонында көрсетiлген жөнелту пунктiнен бастап жолаушы мен оның жүгiн тасымалдау үшiн тек қатаң жүйелілікпен қабылдайды.
Жолаушы пайдаланылмаған барлық ұшу купондарын тасымалдың бүкіл кезеңiнде сақтауы қажет және авиакомпанияның талап етуi бойынша көрсетiлуге және тапсырылуға тиiс.
Халықаралық тасымалдарда жолаушы еліміздің заңнамасына сәйкес талап етілген аумаққа, аумақтан немесе аумақ арқылы жүзеге асырылатын тасымалға шығу, кіру және тағы басқа құжаттарды ресімдейді.
Электрондық тикетинг (e-ticketing) билетті шығармай-ақ авиатасымалдарды сатуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жолаушыға шығарылған билетсіз рейске тіркелуіне және отыруына мүмкіндік береді.
Электрондық билет (e-ticket немесе ЕТ) қағаз купондар Е-ticket сервері (ETS) немесе авиакомпания серверінде сақталатын электрондық билет жазбасымен ауыстырылғанын білдіреді. Электрондық түрде ұшу купондары ғана сақталады.
Электрондық билетті сатып алу фактісін растау ретінде маршрут түбіртегі беріледі.
Электрондық билеттегі маршрутты шығарудың (ITR) бірқатар опциялары бар: принтерде шығару;
электрондық адреске жіберу.
Шетелге ұшу кезінде төлқұжаттық бақылаудан өту барысында маршрут түбіртегі кері билет айғағы ретінде қажет болады.
Жолаушы әуежайға ұшақ ұшқанға дейін тiркеу бойынша белгiленген рәсімдерді орындау үшін авиакомпания немесе әуежай белгілеген уақыттан кешiкпей келеді.
Егер жолаушы тіркелу белгіленген мерзімде келмесе, онда авиакомпания оған жасалған аталған әуежайдан ұшу бронын жоя алады.
Ұшатын жолаушылардың билеттерін тіркеу және багажын ресімдеу операциялық залда немесе тіркеудің басқа әдістері арқылы жүргізіледі.
Жолаушы интернет арқылы тіркелу кезінде немесе тіркелудің кез-келген басқа түрлерін пайдалана отырып, сәйкестендіру үшін электрондық билет нөмірін қолдана алады (өздігінен тіркелу бағаны немесе ұялы телефон арқылы тіркелу).
Билет немесе оның кез келген бөлiгi жоғалып, бүлiнген жағдайда немесе ұшу купондары жоқ билетті көрсетуі жағдайында, авиакомпания жолаушының өтiнiшiмен осындай билеттiң орнына билеттiң дубликатын береді.
Шетелдiк авиакомпания берген билет (немесе оның кез келген бөлiгi) жоғалған, бүлiнген жағдайда, жолаушы авиакомпанияға дубликатты толтыру үшін чек қоса берілген жазбаша өтініш жолдайды.
Бұл жағдайларда жолаушы тасымалдаушыға тиiстi маршрут бойынша ұшуға билет берілгендігі жөнінде қанағаттанарлық дәлелдер келтiруі керек.
Күні белгіленбеген билетті беру авиакомпанияның ережелерімен белгіленеді.
Авиакомпания жолаушыға дубликаттың көшірмесін беруден бас тартады, егер:
1) жолаушы бастапқы тасымал құжаты туралы нақты ақпаратты ұсынбаса;
2) жолаушы ұшуға дейін 3 сағат қалғанда немесе рейс ұшқаннан кейін сұрау салса;
3) бастапқы броньдау және сату броньдау жүйесінде расталмаса;
4) бастапқы билет интерлайн-партнер, бейтарап бланкісінде ресімделген болса.
Орындарды броньдау жолаушыларды тасымалдау шарты болып табылады және авиакомпанияның броньдау автоматтандырылған жүйесіне енгізу кезінде шынайы.
Жолаушы броньдауды жүзеге асыру және арнайы қызметтерді ұсыну мен ұшу қауіпсіздігі талаптарын орындау үшін қажетті мынадай мәліметтер мен құжаттарды ұсынады:
1) тегі, аты, әкесінің аты;
2) жолаушының құжаттары туралы деректер (оны ауыстыратын төлқұжат немесе құжат);
3) қосымша құжаттар туралы деректер (виза, медициналық анықтама, балаларды тасымалдауға арналған құжаттар);
4) тұрақты мекен-жайы;
5) межелі пункте болған кезеңдегі уақытша тұратын жерінің мекен-жайы немесе тұрақты мекен-жайы.
19. Жолаушы немесе жолаушының атынан броньдауды жүзеге асыратын тұлға авиакомпанияны мынадай жағдайларда 5 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді:
- жолаушының шектеулі қозғалысы;
- бала тасымалы;
- жолаушының нашар көруі (көрмеуі), естуі;
- бұл жағдайда жетектеуші итті алып жүру қажеттілігі;
- инфекциялық ауру;
- 28 аптадан астам мерзімдегі жүктілік;
- бөбектен бастап 7 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау;
- жануарларды (құстарды) тасымалдау;
- тасымалдау нормасынан жоғары немесе ірі габаритті, ауыр салмақты багаждың болуы;
- қару-жарақ, оқ-дәрілерді тасымалдау.
Авиакомпания көрсетілген ақпаратты алғаннан кейін, егер көрсетілген жағдайларда әуе кемесінің техникалық мүмкіндіктеріне байланысты тасымалдауды орындай алмаса, жолаушыны броньдаудан бас тартатыны туралы 1 күнтізбелік күн ішінде хабардар етеді.
Әуе кемесінде белгілі бір рейс пен күнге жолаушы орнын және жолаушыны, багажды, жүкті тасымалдау үшін тасымал сыйымдылығын бекіту әуе көлігімен жолаушыны, багажды, жүкті тасымалдаудың міндетті шарты болып табылады.
Жолаушыға тиісті түрде ресімделген билет берілмей броньдау алдын ала болып есептеледі және жойылуы да мүмкін.
Жолаушы броньдауды растау үшін (топты тасымалдау жағдайында – топ басшысы) байланыс құралдарын қолдана отырып, авиакомпания өкілдігінің немесе оның агентінің офисіне өтініш жасайды және авиакомпания билетті сатып алу күнін белгілейді.
Егер жолаушы (жолаушылар тобы) броньдалған орыннан бас тартса немесе тіркеу орнына авиакомпания белгілеген уақытта келмесе, онда жолаушының билетіне (жолаушылар тобының) тарифті пайдалану шарттары қолданылады.
Жолда аялдауға тек ол авиакомпаниямен немесе оның агентiмен алдын ала келiсiлген және билетте көзделген жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Егер билет тасымалдаушының арнайы тарифі бойынша төленген болса, жолаушының жолда аялдауы тарифті пайдалану шарттарымен реттеледі:
Жолда аялдау үшiн билет төлеудiң көрсетiлген жағдайларының кез келгенінде мына шарттар сақталуы қажет:
аялдама билеттiң жарамдылық мерзiмi шеңберiнде ғана жасалады;
аялдама авиакомпания және тиiстi елдердiң заңнамасымен рұқсат етіледі.
Жолаушының өтініші бойынша билетке өзгерiс енгізу тек авиакомпания ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Авиакомпания тасымалда оның кінәсімен орын алған өзгерістерге қатысты қосымша төлем талап ете алмайды. Алайда, егер жолаушы тарифі және өзгертілген маршрут бойынша тегін тасымалдау нормасынан жоғары багажды тасымалдау тарифы төленетін сомадан төмен болса, онда айырмасы жолаушыға қайтарылады.
Егер тасымалдаушы белгілі бiр себептермен жолаушыға жасалған броньға сәйкес тиiстi қызмет көрсету класы салонында орын тауып бере алмайтын болса, онда:
1) егер жолаушы бастапқы броньдауға сәйкес келетiн, тамақ беріліп және норма бойынша жүкті тегiн алып өту құқығы берiлетін басқа қызмет көрсету класы салонында ұшуға келiссе, төленген және ұсынылған қызмет көрсету класында тасымалдау құны айырмасы бойынша ешқандай қайта есептеулер жүргiзiлмейдi;
2) егер жолаушы төленген класпен салыстырғанда арзандау класс салонында ұшудан бас тартса, авиакомпания жолаушыға авиакомпанияның рейсiнде немесе басқа авиакомпанияның рейсiнде бастапқыда броньдалған класқа сәйкес орын тауып бере алатын уақытқа дейiн бұл жолаушыны қонақ үйде орналастыру, тамақтандыру, байланыс құралдарын пайдалану және әуежайға бару және әуежайдан келу үшін жер көлігін пайдалануға кететін іс жүзіндегі шығындардың шеңберіндегі шығындарды көтереді.
Авиакомпания жолаушының әуемен тасымалдау шартын біржақты тәртіппен мынадай:
1) жолаушы әуе кемесi ұшуының алдында «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 107-бабында белгiленген тексеруден бас тартқан;
2) жолаушы осы Қағида талаптарын бұзған және (немесе) әуе кемесiнiң ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретін iс-әрекет жасаған;
3) егер жолаушының алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен масаң күйде болуы және оның рухани немесе физикалық жағдайы өзінің денсаулығына немесе әуе кемесiнiң бортындағы адамдар мен мүлiктiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретін, сондай-ақ басқа жолаушыларға қолайсыз жағдай туғызатын болған жағдайларда тоқтатады.
Жолаушының алкогольмен, есірткімен, уытқұмарлықпен масаң күйде болуы денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен медициналық куәландыру арқылы расталады.
Егер жолаушыға осы Қағиданың 29-тармағында көрсетiлген себептермен тасымалдаудан бас тартса, оған осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес тарифті пайдалану шартын қолдану арқылы пайдаланылмаған билет немесе оның бөлiгi үшiн сомасы қайтарылады.

40. Авиакомпаниялар, авиакомпания ережесінде көзделген жағдайлардан басқа әуежайлар арасында немесе әуежай мен қала арасында жолаушылар мен багаждың жердегі тасымалын жүзеге асырмайды.
Жердегі көлікпен қызмет көрсетуді дербес ұйымдар орындаған жағдайлар болса, онда олар авиакомпанияның агенттері болып қаралады.
41. Авиакомпанияның кінәсінен тасымалдауда кідіріс болған немесе әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейс кешіккен, орындалмаған, тасымалдау маршруты өзгерген кезде тасымалдаушы жолаушылар үшін жөнелту пункттерінде және аралық пункттерде мынадай:
1) жеті жасқа дейінгі балалы (болған кезде) жолаушыға ана мен бала бөлмесін ұсыну;
2) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде ұзақтығы бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын шалу, оның ішінде халықаралық байланыс желісі бойынша қоңырау шалу немесе электрондық почта арқылы екі хабарлама жіберу;
3) рейстің жөнелтілуін екі сағаттан аса күткен кезде салқындатылған сусындармен қамтамасыз ету;
4) рейстің жөнелтілуін төрт сағаттан аса және әрі қарай күткен кезде:
күндізгі уақытта - әрбір алты сағат сайын;
түнгі уақытта әрбір сегіз сағат сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету;
5) рейстің ұшуын күндізгі уақытта сегіз сағаттан аса және түнгі уақытта алты сағаттан аса күткен кезде авиакомпания ұсынған қонақ үйге орналастыру;
6) қонақ үй қосымша ақысы алынбай ұсынылатын жағдайда авиакомпания ұсынған көлікпен әуежайдан қонақ үйге дейін және кері қарай жеткізу қызметтерін көрсетуді ұйымдастыруға міндетті.
Жолаушының сұрауы бойынша оған хат ұсынылады немесе авиакомпанияның арнайы тағайындалған лауазымды тұлғасы тасымалды кешіктіру себептері туралы билетке белгі қояды.
Авиакомпания жолаушыға көрсетілген қызмет көрсетуді ұсыну нәтижесіндегі немесе онымен байланысты залалдарды немесе шығындарды өтейді. Авиакомпанияның кінәсінен жолаушы тасымалы кідіртілетін кезде, соңғысы жолаушыға әрбір кідіртілген сағат үшін билет (кідіріс жасалған ұшу учаскесінде) құнының 3 % мөлшерінде айыппұл төлейді. Өндіріп алынған айыппұл сомасы сатып алынған билет (кідіріс жасалған ұшу учаскесінде) құнынан аспауы қажет.
Егер авиакомпания өзінің кез келген рейсін ұшырмаса, үзсе, қалдырса, кідіртсе, онда авиакомпания жолаушымен келісім бойынша осындай жолаушыны өзінің басқа рейсімен тасымалдайды немесе оны тасымалдау үшін басқа авиакомпанияға береді, немесе жолаушыға соманы қайтарады және шартты бұзумен келтірген шығындарды өтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет