Тасымалдауды ұйымдастыру және


Флоттың жұмысын шұғыл есептеу



бет38/45
Дата25.01.2023
өлшемі1,01 Mb.
#62734
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45
Байланысты:
КЕШЕН 107d6c74-9374-11e5-ae2b-f6d299da70eeОПИУД КАЗ ЛЕКЦИИ готовый

Флоттың жұмысын шұғыл есептеу
Шұғыл жоспарлау мен реттеудің нақтылығы мен тиімділігі шұғыл бақылаудың алға қойылуына, флоттың жұмысын және тұтас алғанда, бүкіл тасымалдау үрдісінің барысын есепке алу мен талдап отыруға байланысты болады.
Шұғыл бақылау жұмысы мыналарды сипаттайтын негізгі параметрлерге бақылау жүргізуден тұрады: кеме жұмысындағы технологиялық үрдістің жеке элементтерінің – ең алдымен, айналма рейстің басталуы мен аяқталуы, бастапқы қосыннан жөнелту және ақырғы қосынға келу, аралық қосындардан жүріп өту, сондай-ақ белгілі бір сәттегі (тәуліктің соңындағы) кеменің тұрған орны мен жұмысының сипаты; жүктеме, жылдамдық, уақыт нормаларының орындалуы және т.с.с.
Шұғыл есепке алу жұмысы дегеніміз, тұтас алғанда, әрбір жеке кеме мен флоттың, сондай-ақ кемежайлардың белгілі уақыт аралығында – тәулік, онкүндік, ай, тоқсан, жүзу маусымы ішінде атқаратын жұмысын сипаттайтын ақпараттарды жинау, қорыту және өңдеу болып табылады.
Кеме шаруашылығының бас диспетчерлігінде тұтас алғанда осы шаруашылық бойынша тәуліктік және онкүндік жоспарлардың орындалу қорытындысы шығарылады. Диспетчерлік қосынға «бағыттардан» келіп түсетін және төмендегідей есеп беру-атқару құжаттамасы түрінде толтырылатын жедел ақпарат жедел есепке алу көзі болып табылады:
- флот жүрісінің атқарылған тәуліктік графигі;
- диспетчерлік тәуліктердің соңында флоттың (кемелердің, құрамдардың, салдардың) жүріс және жүкті өңдеу алаңында орналасуы;
- есепке алу журналдары: жүріс графигінің орындалуын; кемелердің жөнелтілуін, жүріп өтуін және келуін; өңдеу және қызмет көрсету (кемежайлардың диспетчерлігі); жөнелтілетін жүктердің мөлшерін; кемелерге қызмет көрсету өтінімдерін;
- авариялар мен оқиғалар, кезекшілікті қабылдау-тапсыру журналдары;
- диспетчерлік жарлықтардың көшірмелері.
Есеп беру-атқару құжаттамасы диспетчерлік ауысымның өз кезекшілігі тұсындағы флот пен кемежайлардың қызметін басқару жөнінідегі жұмыс нәтижелерін көрсетеді.
Кемелерді пайдалану уақытының және тасымалдау операцияларына кемелерді пайдаланудың есебін алу тоқтаусыз жүргізіледі.
Кеменің берілген есептік кезеңдегі (тәулік, онкүндік, ай, навигация) бүкіл жұмыс істейтін уақыты пайдалану уақыты мен пайдаланудан тыс уақытқа бөлінеді. Кеменің жүк, жолаушылар тасымалына, рейдтегі және ақылы жұмысқа, жалға пайдаланылған уақытыпайдалану уақыты деп есептеледі. Кеменің резервте, яғни бос тұруы, аяқталмаған қысқы жөндеуде, шлюзде (докта), жөндеуде тұру уақыты пайдаланудан тыс уақытқа жатады (егер олардың ұзақтығы жоспарлы кезеңнің бес тәулігінен кем болмаса). Мұнда кеме үстінде оның командасы болмауы тиіс, өйтпейінше кеме пайдалануда тұрған болып есептеледі. Есеп беруде мыналар пайдалану уақытына қосылмайды: кемені қарусыздандыру және қаруландыру уақыты, флоттың қысқы тоқтау қосындарында оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оны күзетуге және құтқаруға жұмсалған уақыт, мұз жару жұмыстары, шығанақтағы кезекшілік, осндай-ақ жүк кемелерінің іс жүзіндегі рейске шығу сәтіне дейінгі қысқы жұмсалған уақыт.
Шұғыл талдау жүргізу тасымалдау жұмысының жоспарлы мерзімінен ауытқуын анықтап, оның себептерін түсіндіруді, жалпы және жекелеген элементтері бойынша мұндай ауытқушылыққа сандық баға беруді, сондай-ақ тасымалдау жұмысы барысында анықталатын жасырын резервтерді тауып, бағалауды көздейді. Шұғыл талдау нормалау мен болжау жасаудың негізі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет