Тастанбеков бекболат мутаевич криминалистика


Оқ ататын қару, оқ–дәрі оны қолдану іздерінің криминалистикада зерттеудің ғылыми негіздері мен маңыздары, түсінігі



бет37/63
Дата16.10.2023
өлшемі338,57 Kb.
#116323
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
лекция крим

1 Оқ ататын қару, оқ–дәрі оны қолдану іздерінің криминалистикада зерттеудің ғылыми негіздері мен маңыздары, түсінігі.

Атылудың негізгі іздері – ол тосқауылдағы Бұліну, зиян келу түрлері, тікелей өткен ойық, тесілмей қалған ойық және жанама майысық тайқып кетудің қортындысы болып саналады.


Іосымша – ол іздерге, мылтық атылған кезде ұңғының каналынан Үшып шыққан тосқауылда қызған газдар мен қатты Үшқындардың әсері.
Осы кезде тосқауылда күйенің жиналуы, үйтіліп қалуы, күйіп қалуы т.б. мүмкін.
Негізгі және қосымша атылған іздерге қарап оқ– ататын қарудың қғолданылған жерінде, көптеген тергеуге маңызы бар сұрақттады шешуге болады.
Ол сұрақтарға мыналар жатады:
- атылу бағыты,
- атылу қашықтығы,
- атушының түрған жері,
- қару қолданушының жүйесі (система),
- (атылған оқтың саны мен кезегін анықтау) сияқты кейбір басқа сұрақтар.
Атылу бағыты негізгінде кіру және шығу санылауларына қарап анықталады.
Бұл сұраққа жауап беру үшін оқ тиген екі тесіктің санылауының қайсысы кіру және қайсысы шығу боатынын анықтау маңызды.
Шығу санылауының көбінше тұрақты белгі нышаны болатындар:
а) мата ақауы немесе кіру санылауының орнындағы матат бөлшегінің жоқ болуы;
б) адамның денесіндегі жарақат айналасындағы 2-3 мм қызыл, қоңыр түсті белдеие шегінділердің бар болуы, теріге оқ тиген кезде механикалық және термиялық ықпал жасаудың қортындысы болып саналады (ол адам жарақат алған соң бірнеше сағаттан кейін пайда болады);
в) жақын ара қашықтықтан немесе тақап ату мылтық аузы кесіндісінің түрі сияқты, крест бейнелі терінің тамызық (порох), газмен жыртылу.
Шығу санылауы әр түрлі формада және размерде болады:
- қатты тосқауылдарды ұштары тегіс емес қайырылған жаңқалар т.б.
Тегіс емес ойықтарда атудың бағытын анықтау оңай себебі оқ тосқауылға қыстырыплып қалады немесе алдына түседі.


2 Оқ ататын қарудың іздерін іске асыру (қолдану).
Атудың аралығы (дистанция) дегеніміз – ол мылтықтың аузынан тосқауылдағы санылауына дейінгі қашықтық.
Атудың аралығыдағы төмендегіше ажырату қабылданған:
а) нысанаға тақап ату,
б) жақын қашықтықтан ату,
в) жақын емес қашықтықтан немесе алыс қашықтықтан ату.
Нысанаға тақап ату – оған қарудың аузы объектіге жанасып атылу жатады.
Тақап атудың белгі нысаны болатындар:
- кіру саналауының айналасындағы тканнің жыртылуы тамызық (порох) газінің әсерінен сұралып (крест бейнелі «Тң бейнелі, тесік кесінді) болуы;
- толық жанбаған тамызық (порох) және күйенің аз мөлшерде жиналуы.
«Жақын қашықтықтан атудың» аралығы қаурдың барлық түріне, әр түрлі:
- пистолет, тапаншалар (револьверлер) - 50-80 см;
- автоматтар, карабиндер – 100 см;
- аңшылар қаруы – 250–300 см.
Жақын қашықтықтан ату, объектідегі қандай бір нәрсеге бағытталған атудың қосымша іздерінің бар болуымен сипатталады:
- термиялық іздердің ёсер етуі – кіру санылауының айналасындағы, матасын немесе шаштың үйітілуі, күюі, тосқауылдық тамызық (порох) таздарынан өзінен – өзі қирауы;
- күйенің бар болуы жанбай қалған ұнтақтар және үңгір нүкте сияқты іздердің механикалық әрекеттері;
- белдеменің ысқылануы оқ материалының дақ немесе шашыранды түрдегі іздері.
Пытыраны атудың аралығын, шашулы көлемінен анықтауға болады. Тағы анықтама таблицалары қолданылады, ол пытыра шеңберінің диаметрін атудың аралығына тәуелділігін анықтайды. Жақын емес қашықтықтан атуға, жоғарыда айтылған құбылыстар байқалмаған қай болса да саналады.
Атқан адамның тұрған орнын – оқ ойықтарының бар болуын екі қозғалмайтын объектілерді нысаналау жолымен анықталады, олардың мәні мыналардан түрады.
Екі ойықты, жіп тарту арқылы қосса, ол оқтың ұшқан сызығына тура келеді. Жіпті байлай нысаналау ол оқтың қай жақтан атылған орнын анықтауға мүмкіндік береді.
Егер ойықтар бір–біріне жақын орналасқан болса, онда ойықтарға қағазға оралған түтікшелер қою керек. Сол түтікше арқылы нысаналау да, атқан адамның түрған орнын көрсетеді.
Үлкен арақашықтықтан атқанда, атушының шындығында түрған орнынан ёлде қайда жақын болуы, нысаналаумен айқындалады, себебі оқтың Үшу троекториясы түзу емес, қисық сызық болып көрінеді. Бүдан басқа атушының түрған орнындағы аяқ киім іздерінен, қарудан лақтырылған қауызлардың жатқан жерлерінен де анықтауға болады.
Аяқ киімдер ізінің қардағы, жҮмсақ, топырақ немесе дымқыл жердегі орналасуына қарап, үлкен мүмкіндікпен атудың бағытын анықтауға болады. Оқтың қабын (қауызсын) жүйесін мен өрнегін (моделіне) біле, анықтау таблициясының есебімен атушының түрған орнын анықтауға болады.
Қару қолданушының жүйелерін жобалап анықтау – алдында қаралғандай оқиға болған жерден табылып, атылған оқтарды, оның размерін, қҮрылысын, ұңғы каналының жиегінде кесілген іздерін т.б. зерттеу арқылы шығарылады.
Аңшылар қаруын қолданғанда оқтың қабына (қауызға) ғана көңіл аударып қоймай тығындарға да қарау керек. Себебі қылмыстарды тергеу практикасында көптеген оқиғалар белгілі, олар қылмыстың негізгі жағдайын ашуға мүмкіндік туғызады.
Оны мына мысалдар дәлелдейді:
(Перм обласы) қостанай обласы, Алғабас ауданы, Целинный совхозында Өз Үйінің жанында Андреев С.С. өлігі табылған. Оқиға болған жерді қарап шыққында өліктің жанынан жартылай жанып кеткен қағаз тығынның қалдығы табылған. Ол қағаз типографиялық және қол жазуымен арифметикалық мысалдар жазылған екінші-үшініші класстарға арналған парақ болып шықты.
Қолмен жазу таңбалары сараптама қортындысы тығындағы жазу тексті оқушы Николай Кузнецовтікі екенін анықтаған. Кузнцовтың үйін тінту барысында оқ-дәрілер алынған. Табылған тығындар мен оқиға болған жерден алынған тығынды салыстырғанда, бұл парақттар бұрын бұтін болғандығы анықталған. Тексеру барысында С.Андреевті атып өлтірген. Иванов С. деген сол совхоздың түрғыны болып шықты, өлтіру мақсатында Кузнецовтан қаруды сұрап алған.
Ауыр қылмыстарды ашудағы, оқ ататын қарудың іздердің қолданудың маңызы осындай. Осы көрсетілген оқ ататын қарудың іздері ереже бойынша оқиға болған жерді қарап шыққанда табылады. Барлық табылған заттар қаралып, алынып, жазылып қою керек, кейін айғақты зат ретінде іске тіркелу керек.
Қаруларды, оқ-дәрілерді, оқты, қауызды іздеп табу үшін, мынадай аспаптар қолданылады (метал іздегіш, магнитті көрсеткіштер, шуптар).
Заттарды алу және орау кезінде төмендегі ережелер сақталу керек:
- қару оқталмаған болуы керек, ұңғынық аузы жағы бірнеше ақ таза қағаздармен оралып қарудың өзіде қағазбен ұқыпты түрде оралу қажет;
- барлық айғақты заттар (оқтар, қауыздар, пытыралар) жеке ақ қағаздарға оралып, бөлек оралған пакеттер немесе коробкаларға үшінде қандай заттың барлығы туралы жазу жазылып, уақыты, орны, табылған жері көрсетіледі;
- (тақап немесе жақын аралықтан) атылған іздері бар бұйымдар бүтіндей немесе бөлшек түрде алынады.
Осы жоғарыда аталған айғақты заттардың барлығы сот-баллистикалық сараптамасының обьектілері болып, мына сұрақтарға шешеді:
- осы қару түзу және атуға жарамды ма?
- осы қарудан іске қосу ілмегін (крючок) баспай атуға бола ма, болса қандай жағдайда?
- осы оқ – дәрілер қарудың қандай түрінде арналған және атылуға жарамды ма?
- оқиға болған жерден алынған оқтар және қауызлар қарудың қандай жүйесінен немесе үлгісінен (моделінен) атылған?
- оқиға болған жерден табылған оқ (қауыздар) қарудың бір түрінен атылған ба?
- оқиға болған жерден табылған оқ (қауыз) осы көрсетіліп отырған қарудан атылған ба?
Оқ ататын қарудың іздерін қолдану туралы сұрақты талқылап шығып, қорытынды ретінде атап өту керек:
1. Қару бөлшектерінің қауыздағы және оқтағы іздерінен бөлек, үлгі (моделіне) және қарудың түп нұсқасына толығырақ көңіл бөлу керек, себебі ол хабарлар алып қаруды қолданғанды іздестүріп,мүмкіндік береді.
2 Негізгі және қосымша ату іздері, оқтың бағыты және ату қашықтығы, атушының түрған орны, қару қолданушының жүйесі сияқты аса маңызды жағдайда анықтауға мүмкіндік туғызады.
Осының барлығы жасалынған қылмыстың жағдайын жан-жақты, толық тергеу жүргізуге мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет