Тау жыныстары туралы жалпы түсінік


Органогендік тау жыныстары



бет5/5
Дата06.04.2023
өлшемі47,73 Kb.
#79883
1   2   3   4   5
Органогендік тау жыныстары
Органогендік тау жыныстары, биолиттер (грек. organon – орган, genes – жаралған) – жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары және олардың тіршілік ету өнімдерінен жаралған тау жыныстары. Органогендік тау жыныстары құрамына қарай карбонатты, кремнийлі, көміртекті, фосфорлы болып бөлінеді. Карбонатты (карбонатолиттер) тау жыныстарына кальцит, кейде арагонит, доломиттен тұратын бор мен әктастар жатады. Бор – фораминифтер мен әкті балдырлардың қалдығы. Оны цемент, резина, қағаз өндірісінде пайдаланады. Органогендік әктастар зоогендік (теңіз жәндіктерінің қалдықтары) және фитогендік (теңіз балдырларының қалдықтары) болып бөлінеді. Олардан құрылыс материалы, әк, шыны, тыңайтқыштар алынады. Кремнийлі (силициттер) тау жыныстары опал, кристобалит, халцедон, кварц минералдарынан тұрады. Олар гидравликалық қоспалар, жылу өткізбейтін құрылыс материалдары, сүзгілер, катализаторлар, адсорбенттер ретінде және цемент өндірісінде қолданылады. Қазақстанда Сарыарқаның (Майсор, Атығай, т.б.) палеоген жыныстарында ұшырасады. Көміртекті немесе жанғыш (каустобиолиттер) тау жыныстары фитогендік шөгінді түзілімдерге жатады. Олар ыдырап өзгерген өсімдіктер мен микроорганизмдерден пайда болып, қатты, сұйық, газ күйлерінде кездеседі (мысалы, шымтезек, антрацит, қоңыр тас көмірлер, мұнай, жанғыш газ, қатты битумдар). Энергетика саласы мен химиялық өндірісте маңызы өте зор. Фосфорлы органогендік тау жыныстары өте сирек кездеседі.

Қорытынды
Жоғарыда айтылған тау жыныстарыньщ өзіне тән сырт белгілері болады, оған бір түсініп, көзі қанық қ а н адам оларды оңай ажырата алады. Мысалы, магмалық тау жынысының жер астында қатайған интрузивтік (тереңдік) түрі болса, ол түгелдей кристалл түйіршіктерінен тұрады (гранит, сиенит, диорит, габбро, дунит т.б.). Магмалық тау жынысы жер бетіне шығып төгілген лавадан пайда болса, яғни эффузивтер болса, олардың кристалдары жай көзге көрінбейді, олар тұтас шыны немесе шлак сиякты болады (вулкандық жыныстар). Кей жағдайларда эффузивтік шынынық ішінде кристалдары бар аралас шұбар түрлері болады, оларды порфирлер дейді.

Пайдаланған әдебиеттер



  1. Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69

  2. Елисеев Н.А., Метаморфизм, М., 1963; Бекботаев А.Т., Петрография және петрология, А., 1992

  3. Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет