Тау жыныстары туралы жалпы түсінік


Метаморфтық тау жыныстары



бет4/5
Дата06.04.2023
өлшемі47,73 Kb.
#79883
1   2   3   4   5
Байланысты:
user file 5828108a4de64

Метаморфтық тау жыныстары
Метаморфтық тау жыныстары (грек. metamorpho – өзгеру), метаморфизм әсерінен пайда болады. Егер метаморфизмде бастапқы тау жыныстарының химиялық құрамы өзгеріске ұшырамаса, онда қалыптасқан Метаморфтық тау жыныстарын метаморфиттер, ал өзгеріске түскендерін метасоматиттер деп атайды. Метаморфтық тау жыныстары геологиялық қалыптасу жағдайына қарай катаклаздық, жапсар-термалық, аймақтық және метасоматоздық болады. Катаклаздық Метаморфтық тау жыныстары тектоникалық қозғалыстарға байланысты туатын қысымның әсерінен қалыптасады. Уатылу дәрежесіне қарай олардың тектоникалық брекчиялар, катаклазиттер, милониттер сынды түрлері пайда болады. Жапсар-термалық Метаморфтық тау жыныстары интрузиялардың сыртында жылудың әсерінен қалыптасады. Онда силикатты тау жыныстары мүйіз тастарға, карбонаттылар мәрмәрлерге, кремнийлілер кварциттерге айналады. Олардың минералдық құрамы бастапқы тау жыныстарының құрамы мен температурасына байланысты әр түрлі болып келеді.
Аймақтық метаморфизмде жылудың, қысымның, ерітінділердің әсерінен тақтатастар, гнейстер, гранулиттер, амфиболиттер, мәрмәрлер, кварциттер, мигматиттер, эклогиттер қалыптасады. Оларға тақтатастық, сирек шомбал бітім, әркелкі түйірлі құрылым, кордиерит, андалузит, силлиманит, кианит, ставролит, омфацит, альмандин, пироп сияқты типоморфтық минералдар тән.
Магмалық және шөгінді жыныстар жердің терең қабатына түссе немесе жаңадан көтерілген магмалық ыстық лебіне ұшыраса, олар қысым күшінің және ыстық лептің әсерінен әр турлі өзгерістерге ұшырап, өзінің бастапқы құрылыс түрін жоғалтады, сонымен қатар олардың минералдық және химиялық құрамы да өзгереді. Осындай өзгерістен пайда болған жыныстарды метаморфтық жыныстар деп атайды. Мысалы, ізбестас метаморфтық әсерден кристалданып, тығыздалып мраморға айналады. Демек, мрамор — метаморфтық жыныс. Сазтастар әсерінен жаншылып, кристалды тақтатасқ а айналады. Граниттер мен құмтастар метаморфизм әсерінен жаншылып, кристалданып тақталанады, оны гнейс деп атайды. Габбро өзгергенде онан амфиболит атты жыныс шығады. Қазақстан жеріндегі де кембрийлік белдемдерінің кешендері эпидот – амфиболиттік, жасыл тастық фациялардың түзілу темп-раларына сәйкес орта, жоғарғы қысым жағдайларында пайда болғаны анықталған. Бұл кешендер белдеулік (Үлкен Қаратау, өлытау) және тең өлшемді Мақбел (Мақпал), Шу, Көкшетау көтерілімдері] болып бөлінеді.
Әрбір тау жынысы белгілі бір жағдайда пайда болатынын көрдік. Сол жағдайлары езгеретін болса, ол жыныс та соған қарай бейімделіп өзгермек. Сонда тау жыныстарының сырт бейнесі де, минералдық құрамы да және ішкі құрылысы да езгереді. Тау жыныстарын өзгертуші әрекеттердің негізгі түрлері мыналар: 1) жоғары температура, 2) жоғары кысым, 3) магмадан бөлінген заттардың әсері, 4) су ерітінділерінің әсері. ұлардың алғашқы үшеуі магманың әсері болып табылады және олар бір-біріне байланысты келеді. Сонымен қатар жоғарғы қысым магмасыз жерде де, тау жынысы қалың қабаттар астына түскенде де немесе тау қ ұрылу әсеріне ұшырағанда да болады. Осы айтылған әсерлердің басымдығына және түріне қарай метаморфизм мынадай түрлерге бөлінеді: 1) термалық (пиро) метаморфизм — яғни қызу әсерінен болатын метаморфизм. Бұл магманың ыстық лебінен болатын өзгеріс; 2) контактылық метаморфизм — магманыд айнала жапсарында, соған жанасу әсерінен болатын метаморфизм. Мұнда термалық та, қысым да, магмалық заттар әсері де бірдей болады; 3) динамометаморфизм — тау жынысы тереңге түскенде немесе тау құрылу қозғалыстарына ұшырағанда болатын қысымдық метаморфизм; 4) гидратометаморфизм — су ерітінділерінід әсерінен болатын метаморфизм. Метаморфизм басталған орнынан әрі қарай қашықтаған сайын жыныстың өзгерісі әлсірей береді, ақыръінда ол езгермеген бастапқы жыныстарға жалғасады. Метаморфтық жыныстардың басында қандай жыныстан шық қанын осы арқылы білуге болады. Метаморфтық жыныстар басында шегінді жыныстан шықса, оның алдына «пара» деген жұрнақ қосады, мысалы парагнейс. Ал егерде бастапқы жыныс магмалық болса, оған «орто» деген жұрнақ жалғанып, ортогнейс болар еді. Кысым күшінен жаншылып өзгерген кезде жыныстың структурасы да, текстурасы да өзгереді. Сонымен, қысым кезінде пайда болған минералдар, кристалдар сол қысымның бағытына қарай созылып, соған бейімделіп өседі. Осының арқасында метаморфтық жыныстардың структурасын зерттеуге, олардың жаратылысын тануға және сол жсрде болған қозғалысты айыруға болады. Метаморфизм әрекеті әр түрлі дәрежеде кездеседі. Оның ен әлсізіп эпизона дейді. Мұнда альбит, хлорит, серпентин, тальк, серицит, актинолит, эпидот, кварц минералдары кездеседі. Екінші орташа метаморфизмды мезозона деп атайды. Мұнда орта плагиоклаздар, анарлар, амфиболдар, слюдалар (биотит, мусковит), кианит, ставролит сияқты минералдар кездеееді. Үшінші — ең күшті метаморфизмды катазона деп атайды. Мұнда негізді плагиоклаздар, пироксендер, анарлар, кордиерит, силлиманит, шпинель сияқты минералдар болады.
Гнейстер — көбінесе кварц, дала шпаты және слюдалардан тұратын тақталанған жыныстар. Гнейс кұраушы минералдар оның тақтасына қарай реттеліп, қабаттар құрап іріктелген. Соның салдарынан кейде оның жол-жол таңдайлы түрлері болады. Ортогнейстер кебінесе граниттен немесе сол құрамды жыныстан пайда болады. Гранит пен гнейске ортақ түрлерін гарнитогнейс деп атайды. Парагнейстер көбінесе аркоз кұмтастарынан пайда болады. Гнейстер көбінесе ерте замандардағы тау жыныстары арасынан жиі кездеседі. Оларды кұрылыс материалы ретінде қолдануға болады. Кристалдытақ татастар . Тақтатастардыд метаморфтық кристалды түріне кіретіндер — слюдалы, хлоритті, талькты тақтатастар. Олардың құрылысы тақталы, кристалды келеді, парақтары сол тақтасына қарай жазылған. Осы минералдардын, түріне қарай слюдалы тақтатас хлоритті тақтатас , талькты тақтатас деп атайды. Сонымен қатар олардың арасында басқ а минералдардың да едәуір қоспалары болады. Мысалы, слюдалы тақтатаста кварц, дала шпаты, анар, турмалин, кейде графит, хлоритті тақтатаста магнетит ,актинолит, эпидот, альбит т. б. кездеседі. Осы тақтатастардың кейде араласқ ан түрлері де ұшырасады. Кварцит — кварц түйіршіктерінің кварцті цементпен біріккен, сонымен қатар түтас кварцтан тұратын метаморфтық тығыз тау жынысы. Ол өте берік, өңдегенде әдемі тегістелетін қатты жыныс. Кварцит құрылыс ісінде қолданылады. Кварциттер арасында кейде темір рудалары (гематит, магнетит) болады, оларды темірлі кварцит дейді. Кривой Рогтың, Курск облысының және Карсақпайдың темір кендері осындай темірлі кварциттен тұрады . Оның қайталама кварцит аталатын бір түрі бар. Ол — көбінесе майда кварц түйіршіктерінен құралған, қышқыл магмалық жыныстардың метасоматикалық алмасуынан пайда болған жыныс. Осы алмасуда гіайда болған, қайталама кварциттермен тығыз байланысты кендер Қазақстан жерінде көп кездеседі. Мысалы, Коңыраттың мыс кені, Семізбүғы корунд кені т. б. Роговиктер — микрокристалды шыны сияқты ақшыл сұр қатты тыгыз жыныс. Оның құрамында кварц, биотит, ортоклаз, магнетит, пироксендер, амфнболдар болады. Роговиктерді сазды тақтатастар мен жасыл түсті эффузивтердің гранитпен кездескен контактылық метаморфизмынан жаралады деп есептейді. Кей жерлерде роговиктер арасында түсті метал кендері де кездеседі. Мысалы, Алтайдағы полиметалл кендері көбінесе осы роговик арасынан табылады. Яшма. Кұрылысы және жаратылысы жағынан роговикке жақын яшма атты метаморфтық жыныс бар. Бірақ мұның минералдық құрамы көбінесе квард пен халцедоннан тұрады. Оның арасында аздаған гематит, эпидот, хлорит кездеседі. Яшманың әдемі түсті түрлерін көркемдік істерінде қолданады . Яшма Оралда, Қазақстанда (Алтайда) көп кездеседі. Скaрн — қоңырқай түсті, ірі кристалды контактылық метаморфизмда пайда болатын жыныс. Оның минералдық құрамы құрделі және өзгермелі келеді. Скарн минералдарына көбінесе анарлар, пироксендер, кальцит, магнетит, волластонит, эпидот т. б. жатады. Скарн арасында кейде едәуір ірі кендер: магнетит (Магнитогорск), мыс сульфиды (Урал), вольфрамит, шеелит, молибденит (Кавказ, Алтай, Орта Азия) кездеседі. Амфиболит көбінесе амфиболдар мен дала шпаттарынан тұратын метаморфтық тау жынысы. Құрамында анарлар, эпидот, пироксендер және биотит болады. Амфиболит габбромен диориттердің метаморфизмынан жаратылады, кейде магнезитті мергельден пайда болуы мүмкін. Метаморфизмның күшті жерінде амфиболиттер көбінесе ірі кристалды, тығыз, түсі қара қоңыр болып келеді; метаморфизмның әлсіз зонасында тақталанған қара сүр түсті болады. Амфиболиттер көп тарағам тау жынысы емес, олар тек слюдалы тақтатастар мен гнейстер арасында шағын денелер түрінде кездеседі. Мрамор — біркелкі кристалл түйіршікті, ізбестастың өзгеруінен пайда болған тығыз жыныс. Оның құрамы ылғи кристалды кальциттен тұрады, кейде арасында аздап кварц, анар, пироксен, дала шпаты кездеседі. Метаморфизм күшті әсер ететін жердегі мрамор ірі кристалды, сарғыш қызғылт түсті келеді; онан қашықтаған сайын майда кристалды кегілдір сұрғылт түске айналады. Мрамор қ ұрылыста, орнамент жасауда, көркемдікке, скульп- тура жасауда қолданылады. Мрамор кендері әсіресе Оралда, доломиттен шыққан бір түрі Карелияда, Кавказда, Қазақстанда т. б. жерлерде кеп кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет