«Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің 2011



Pdf көрінісі
Дата31.03.2017
өлшемі358,45 Kb.
#10974

 

 

«Тау-Кен Самұрық» АҚ 



Директорлар кеңесінің 2011 

жылғы «___»_________ 

шешімімен бекітілген 

№ _____ хаттама 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

«ТАУ-КЕН САМҰРЫҚ» ҰЛТТЫҚ ТАУ-КЕН КОМПАНИЯСЫ» 

АКЦИОНЕРЛІК    ҚОҒАМЫНЫҢ    ІСКЕРИ    ЭТИКА КОДЕКСІ   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана қ., 2011 жыл 

 


 

 

МАЗМҰНЫ: 



ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР .................................................................................................. 3 

  1-ТАРАУ. ІСКЕРИ ЭТИКАНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ ........ 3 

2-ТАРАУ ІСКЕРИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ НОРМАЛАРЫ ................................... 

1.  Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері   ............................................. 

2.  Жалғыз акционер .................................................................................................... 

3.  Мемлекеттік органдар ............................................................................................ 5 

4.  Еншілес және тәуелді ұйымдар .............................................................................. 5 

5.  Іскери әріптестер    ……………………………………………………………………5 

6.  Жұртшылық              ……………………………………………………………………...5 

 

3-ТАРАУ.  ҚОРДЫҢ  ЛАУАЗЫМДЫ  ТҰЛҒАЛАРЫ  МЕН  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ 

МІНДЕТТЕРІ     ............................................................................................................. 6 

 

4-ТАРАУ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ ....................................................................... 7 

1. 

Ақпараттардың құпиялылығы ............................................................................ 7 



2. 

Мүдделер қақтығысы .......................................................................................... 7 

3. 

Сыбайлас жемқорлық және басқа да құқыққа қарсы әрекеттер   ...................... 8 



4. 

Корпоративтік мәдениет ..................................................................................... 9 

5. 

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау   .............................. 9 



6. 

Жұртшылықпен байланыс .................................................................................. 9 



7. 

Бақылау шаралары............................................................................................... 10 



5-ТАРАУ. ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ ................................................................. 11 

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................ 11 

1-ҚОСЫМША................................................................................................................ 12 

РАСТАУ .......................................................................................................................... 12 

2-ҚОСЫМША ............................................................................................................... 13 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

1. «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамының осы іскери этика кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 

Халықаралық  Еңбек  Ұжымының,  Жарғының,  Қоғамды  корпоративтік  басқару  және  өзге  де 

ішкі  құжаттарының  талаптарын  ескере  отырып,  Қазақстан  Республикасы  заңнамаларының 

ережелеріне  сәйкес  әзірленді  және  Қоғамның  барлық  қызметкерлері  басшылыққа  алатын 

ережелер мен қағидалардың жиынтығынан тұрады.   

2. Осы  Кодекстің  мақсаты  іскери  Қоғамдағы  корпоративтік  мәдениетті  дамыту  және 

мінез-құлықтың  үздік  тәжірибесін  қолдана  отырып,  мүдделі  тұлғалармен  тиімді  өзара 

іс-қимылды орнату болып табылады.   

3.  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  күнделікті  өмірде  ұшырасып 

отыратын корпоративтік және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін Жалғыз акционермен, 

Қоғамның  лауазымды  тұлғаларымен  және  қызметкерлерімен,  өзге  де  мүдделі  тұлғалармен 

және  жұртшылықпен  толықтай  өзара  қарым-қатынаста    Қоғам  осы  Кодекстің  талаптарын 

қолданады және ұстанады.   

4.  осы Кодексте мынадай түсініктер мен терминдер пайдаланылады: 

 

Іскери  этика  —  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  басшылыққа  алатын 

іскери мінез-құлықтың этикалық қағидалары мен нормаларының жиынтығы; 

Лауазымды тұлғалар — Директорлар кеңесінің мүшелері, Қоғам Басқармасының мүшелері; 

Жалғыз акционер — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы; 

Мүдделі  тұлға  —  құқығын  іске  асыру  заңнамамен  және  Жарғымен  көзделген,  Қоғамның 

қызметімен байланысты тұлға; 



Кодекс — «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы іскери этикасының кодексі; 

Кадрлық  саясат  жөніндегі  комитет  —  Қоғам  Басқармасы  жанындағы  тұрақты  жұмыс 

істейтін  және  Қоғамның  іскери  этика  кодексімен  бекітілген  іскери  этика  қағидаларын  және 

қызметкерлердің  мінез-құлық  ережелерін  бұзу  фактілері  бойынша  белгіленген  тәртіппен 

өтініштерді қарайтын консультативтік-кеңесші орган; 



Мүдделер  қақтығысы  —  Қоғам  қызметкерінің  немесе  лауазымды  тұлғаның  жеке  мүддесі 

олардың  өзіндік  лауазымдық  міндеттерін  әділ  атқаруға  ықпал  ететін  немесе  ықпал  етуі 

мүмкін ахуал; 

Корпоративтік  мәдениет  —  бұл  Қоғам  үшін  өзіндік  құндылықтар,  қағидалар,  мінез-құлық 

пен қарым-қатынас нормалары; 



Қызметкер  —  Қоғаммен  еңбек  қарым-қатынасында  тұрған  және  еңбек  шарты  бойынша 

жұмысты тікелей орындайтын тұлға; 



Қоғам — «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы. 

 

1-ТАРАУ.    ІСКЕРИ ЭТИКАНЫҢ    ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ    МЕН    ҚАҒИДАЛАРЫ   

1.1. 

Қоғамның негіздік корпоративтік құндылықтары мыналар болып табылады: 

  Кәсібилік   

  Патриотизм 

  Мөлдірлік 

  Парасаттылық   

  Жауаптылық   

  Әділдік 

  Адалдық   

1.2.  Қоғамның  қызметі  іскери  этика  мен  мінез-құлық  ережелері  талаптарын  сақтауға 

құрылған Қоғамның және барлық мүдделі тұлғалардың қарым-қатынасына негізделген. Өзара 

міндеттемелерді сақтау — сындарлы жұмыстың қажетті шарты. 

 

2-ТАРАУ.    ІСКЕРИ ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ЭТИКАЛЫҚ НОРМАЛАРЫ   

 

2.1. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері   

2.1.1. Қоғам өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды: 

  адам құқығын сақтауды және құрметтеуді қамтамасыз ету; 

  оның мүдделі тұлғалармен қарым-қатынасының барлығы өзара тиімді болуына ұмтылу; 

  қызметкерлерді  бағдарламалық  оқыту  мен  кәсіби  дамыту  бағдарламаларына  сәйкес 

өзіндік білім алуға және кәсіби дамуға тырысатын қызметкерлердің кәсіби біліктілігін көтеру 

үшін бірдей жағдай жасау; 

  біліктілік деңгейіне, орындайтын жұмысының күрделілігіне және сапасына, қызметкерлер 

жұмысының  тиімділігін  бағалау  нәтижелеріне  байланысты,  Қоғам  қызметкерлеріне  еңбегі 

үшін сыйақы төлеуді қамтамасыз ету; 

  нәсілі,  діні,  ұлты,  жасы,  саяси  және  өзге  де  белгілері  бойынша  кемсітуге  жол  бермеу; 

кадрларды іріктеу мен жылжытуда кәсіби қабілетін, білімі мен машығын есепке ала отырып, 

тек қана біліктілік талаптарға сәйкестігі негізінде жүзеге асыру; 

  қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  қызметкерлердің  қауіпсіздігін  және  еңбегінің  қорғалуын 

қамтамасыз  ету  үшін  барлық  шараларды  қабылдау,  сондай-ақ  қызметкерлер  үшін  қауіпсіз 

еңбек жағдайын жасау; 

  заңнамамен және Қоғамның ішкі құжаттарымен белгіленген көлемде құпия ақпараттарды 

жарияламауды қамтамасыз ету; 

  лауазымды  тұлғалар  мен  Қоғам  қызметкерлері  арасында  шиеленіс  туындаған  жағдайда 

ашық және сенімді сұхбат үшін жағдай жасау; 

  іске  асуы  Қоғам  үшін  оң  әсер  беретін,  қызметкерлердің  бастамашыл  идеялары  мен 

ұсыныстарын бағалау және көтермелеу; 

  барлығына  бірдей  мүмкіндіктерді  міндетті  түрде  қамтамасыз  ету  жағдайында,  жекелеген 

заңды тұлғаларға және қызметкерлерге қандай да бір артықшылықтар мен жеңілдіктер беруге 


заң негізінде басқаша жол бермеу; 

  аталған  процестің  кез  келген  кезеңінде  шешімдер  қабылдайтын  лауазымды  тұлғадан 

бастап,  кез  келген  қызметкерге  дейін  мүдделер  қақтығысының  туындауынан  азат  шешімдер 

қабылдау үшін жауапты болу. 

 

2.2. Жалғыз акционер 

1. 

Жалғыз  акционердің  бейнесі  әзірлеуге  және  іске  асыруға  Қоғам  жауап  беретін, 

Қоғамды дамыту стратегиясының өзегі болып табылады..   

2. 

Жалғыз 


акционермен 

өзара 


қарым-қатынас 

жүйесі 


Қазақстан 

Республикасы 

заңнамасының,  Жарғының,  Қоғамды  корпоративтік  басқару  кодексінің  және  өзге  де  ішкі 

құжаттарының  талаптарына  сәйкес  мөлдірлік,  есеп  беруге  міндеттілік  және  жауаптылық 

қағидаттарына негізделген. Қоғам Жалғыз акционерге қатысты белгіленген рәсімдерді нақты 

сақтайды. 



3. 

Қоғам  мен  Жалғыз  акционер  арасында  ақпарат  алмасу  тәртібі  заңнамамен,  Жарғымен 

және Қоғамның ішкі құжаттарымен реттеледі.   

 

2.3. Мемлекеттік органдар 

2.3.1.  Қоғамның  мемлекеттік  органдармен  өзара  іс-қимылы    Қазақстан  Республикасы 

заңнамасының,  Жарғының,  Қоғамды  корпоративтік  басқару  кодексінің  және  өзге  де  ішкі 

құжаттарының  талаптарына  сәйкес,  тараптардың  тәуелсіздігі  негізінде,  мемлекеттік 

органдардың тарапынан да, сондай-ақ Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің 

тарапынан  да  сыбайлас  жемқолық  пен  өзге  де  құқыққа  қайшы  әрекеттерді  болдырмау 

қағидаттары сақтала отырып жүзеге асырылады. 

 

2.4.   Еншілес және тәуелді ұйымдар   



1. 

Қоғам  еншілес  және  тәуелді  ұйымдармен  өзара  қарым-қатынасты  Қазақстан 

Республикасы  заңнамасының,  Жарғының,  Қоғамды  корпоративтік  басқару  кодексінің  және 

өзге  де  ішкі  құжаттарының,    еншілес  және  тәуелді  ұйымдар  жарғыларының  талаптарына 

сәйкес жүзеге асырады. 

2. 

Еншілес  және  тәуелді  ұйымдар  өздерінің  бизнесті  жүргізу  ерекшеліктерін  ескеретін, 

алайда  осы  кодексте  мазмұндалған  іскери  этиканың  негізгі  қағидаттарына  қайшы  келмейтін 

іскери этиканың өзіндік кодекстерін қабылдайды.   

 

2.5. Іскери серіктестер 

2.5.1.Қоғам  заңдылық,  адалдық  және  тиімділік  қағидаттарымен  шарттардың  ережелеріне 

сәйкес  өздеріне  міндеттер  қабылдағаны  үшін,    іскери  серіктестермен  өзара  тиімділік, 

мөлдірлік және   

толық жауапкершілік қағидаларымен әрекеттеседі.     

2. 

Қоғам  іскери  серіктестермен  бірге  шарттардың  ережелерін  сақтайды  және  оларға 

қатысы бойынша өз міндеттемелерін орындайды. 

3. 

Таурларды,  жұмыстарды,  қызметтерді  таңдауды  Қоғам  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы  заңнамасы  мен  ішкі  құжаттардың  талаптарына  сәйкес,  ашықтық  негізінде 

жүзеге  асырады  және  тауарлардың  қолайлы  бағасына,  сапасы  мен  жеткізу  жағдайына, 

сондай-ақ    контрагенттің  жағымды  іскери  беделіне  артықшылық  беру  негізінде  жүзеге 

асырады. 



4. 

Қоғам 


өзінің 

қызметінде 

іскери 

серіктестеріне 



негізсіз 

жеңілдіктер 

мен 

артықшылықтар жасауға жол бермейді.   



 

2.6. Жұртшылық   

1. 

Қоғам  жұртшылық  алдындағы  өзінің  әлеуметтік  жауапкершілігін  жете  түсінеді  және 

бизнес секторға әлеуметтік жауапкершілікті енгізу жөніндегі қағидаттарды ұстанады. 

2. 

Қоғам  дене  тәрбиесі  мен  спортты,  білімді,  мәдениетті  және  өзге  де  әлеуметтік  сала 

түрлерін дамытуға бағытталған бағдарламаларда қолдауға тырысады.   

3. 

Қоғам  қоғамдық  қатынастарды  жетілдіру,  қоршаған  ортаны  жақсарту  мен  тіршілік 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында  (қоғамдық,  үкіметтік  емес  және  басқа  да) 

ұйымдармен сындарлы қарым-қатынастар орнатуға ұмтылады.   



4. 

Беделі  күмәнді  заңды  және  жеке  тұлғалармен  ынтымақтастықтан  бас  тартуға  Қоғам 

өзіне міндеттеме алады.   

5. 

Қоғам экология мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастамаларды қолдайды. 



 

3-ТАРАУ. ҚОҒАМНЫҢ    ЛАУАЗЫМДЫ    ТҰЛҒАЛАРЫ    МЕН 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ    МІНДЕТТЕРІ   

3.1. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері міндетті: 

• 

мемлекеттік  рәміздерге  –  Мемлекеттік  Туға,  Мемлекеттік  Елтаңбаға,  Мемлекеттік 



Әнұранға құрметпен қарауға; 

 

корпоративтік символикаға құрметпен қарауға; 



 

көпшілік  қабылдаған  моральдық-этикалық  нормаларды  сақтауға,  мемлекеттік  тілге 

және басқа да тілдерге, халықтардың дәстүрлері мен әдет-ғұрпына құрметпен қарауға; 

 

әдепті және сыпайы болуға; 



 

парықсыздыққа және дөрекілікке төзбеуге; 

 

әріптестерге,  егер  бұл  қызметкердің  құзыретіне  кіретін  болса,  қолдау  мен  көмек 



көрсетуге; 

 

жәрдемі үшін, егер ол толық көлемде көрсетілмесе де әрқашан алғыс айтуға; 



 

өзгенің пікіріне ілтиаптты болуға; 

 

сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етуге, уәдені орындауға; 



 

өзінің қателіктерін жасырмауға/мойындауға; 

3.2.  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  Қоғамның  кодексіне  қатысты 

өздеріне мынадай міндеттемелер қабылдайды: 

• 

осы  Кодексте  белгіленген  іскери  этика  мен  мінез-құлық  қағидалары  талаптарын  жіті 



зерделеуге,  түсінуге  және  адал  орындауға.  Келіскен  жағдайда,  Қоғамның  лауазымды 

тұлғалары  мен  қызметкерлері  тиісті  нысанды  (1-қосымша)  толтыруға  және  жаднаманы 

(2-қосымша) басшылыққа алуға тиісті; 

 

өзінің  лауазымдық  функциялары  мен  міндеттерін  адал,  кәсіби,  тиімді  және  адал 



орындауға; 

 

мәртебесі 



мен 

лауказымына 

қарамастан, 

өзіне 


қабылдаған 

міндеттемелерді 

жауапкершілікпен атқаруға; 


 

Кодекс талаптары бұзылған жағдайда, 4.2,-тармақтың қағидаларын басшылыққа алуға; 

 

іскери  этика  мен  мінез-құлық  ережелерінің  қағидаларын  бұзу  мәселелері  бойынша 



тексерулер жүргізу кезінде көмек көрсетуге; 

 

4.1.-тармақта көрсетілен ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен рәсімдерін сақтауға; 



3.3. Қоғамның лауазымды тұлғалары: 

 

Кодекс талаптарына сәйкесетін басқарушылық шешімдер қабылдауға; 



 

жеке өнегесімен Кодекс талаптарын ұстанатындығын көрсетуге; 

 

Қоғамның  ортақ  миссиясы,  ұжымдық  құндылықтары  мен  қағидалары  бар  командаға 



біріккен бағыныстылар арасында корпоративтік рухты құруға уақыт бөлуге; 

 

Бағыныштыларға кеңес беруге және тәлімгерлік етуге тиісті; 



3.4.   Лауазымды тұлғалардың міндеттері: 

 

шешімдер қабылдау. Шешімдер ашықтық және әділдік қағидаларына негізелуге тиісті; 



 

құпиялылық нормаларын бұзбай және Жалғыз акционердің шешімдері мен  Қоғамның 

ішкі құжаттарын есепке ала отырып, шынайы ақпараттарды бір біріне уақытында беруге; 

 

Қоғам  қызметкерлері  іскери  этика  мен  мінез-құлық  ережелері  талаптарының 



сақталмауына  алаңдаушылығын  еркін  білдіретін  мәдени  мінез-құлықты  қалыптастыруға. 

Жеке  өнегесімен  іскери  этика  мен  мінез-құлық  ережелері  талаптарының  сақтауын 

көтермелеуге. 

3.4.1.  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  іскери  этика  мен  мінез-құлық  ережелері  талаптарын 

бұзумен байланысты жағдайлардың алдын алу, анықтау және шешу жүйесін құруға жауапты 

болады. 


 

4-ТАРАУ. МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ 

4.1.          Ақпараттардың құпиялылығы 

1. 

Қоғамның  құпия  ақпараттары  болып,  Қоғамның  ішкі  құжаттарына  сәйкес  осыған 

жатқызылған ақпараттар танылады. 

2. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлерін  ақпараттардың  құпиялылына 

қатысты  Қоғамның  ішкі  құжаттарымен  міндетті  түрде  таныстыружүргізіледі.  Лауазымды 

тұлғалар мен қызметкерлер міндеттерін орындаған кезінде аталған қағидалар мен рәсімдерді 

сақтауға тиісті. 

3. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары мен  қызметкерлерінің  қолында  бар  құпия  сипаттағы 

кез  келген  ақпараттар  құпия  сақталуға  және  егер  Қазақстан  Республикасының 

заңнамаларында тікелей өзгеше көзделмеген болса, өзінің жауапкершілігімен өңделуге тиісті.     



4. 

Қоғамның  қызметкерлері  құпия  ақпараттарға  рұқсатсыз  қол  жеткізудің  және  қол 

жеткізуге  тиісті  емес  өзге  қызметкерлердің,  сондай-ақ  үшінші  тұлғалардың    құпия 

ақпараттарды  жария  етуінің  алдын  алу,  сондай-ақ  деректердің  жоғалуы  мен  жойылуын 

болдырмау    туралы қамқорлық етуге тиісті. 

5. 

Ақпараттардың  құпиялылығын  сақтау  қағидасының  немесе  жүйенің  немесе 

қондырғының  қауіпсіздігін  бұзу  туралы  мәліметтер  алынған  кезде,  қызметкер  бұл  деректер 

туралы басшыға шұғыл хабарлауға тиісті. 

 

4.2. 

Мүдделер қақтығысы 


1. 

Мүдделер  қақтығысын  болдырмау:  Қоғамның,  оның  қызметкерлерінің  және  Жалғыз 

акционердің  мүдделерін  қорғауды  қамтамасыз  ету  үшін  маңызды  шарт  болып  табылады. 

Қоғамның барлық қызметкерлері мүдделер қақтығысынан ада ашық, уақытылы және барабар 

шешімдер қабылдауға жауапты болады. 

2. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  мүдделер  қақтығысын  болдырмау 

мақсатында мыналарға міндетті: 

 

мүдделер  қақтығысын  немесе  осындай  қақтығыстар  көрнісін  тудыруы  мүмкін  кез 



келген әрекеттен және қарым-қатынастан аулақ болуға; 

 

басқарылатын  немесе  отбасы  мүшелеріне  тиесілі  заңды  тұлғаларға  артықшылықтар 



жасаудан қалыс қалуға; 

 

Қоғаммен  байланысты  мәмілелерге,  шарттарға,  жобаларға  кез  келген  коммерциялық 



немесе өзге де (тікелей немесе жанам) қызығушылықтар туралы немесе басқа да мәселелерге 

байланысты Қоғамның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен жедел хабарлауға; 

 

Басқа  ұйымдарда  жұмыс  істейтіндігі  және/немесе  тұрақты  (негізгі)  жұмыс  орнының 



өзгерістері туралы (қызметі, кәсіпкелік қызметі т.б.) уақытылы хабарлауға; 

 

Қоғамның  тобына  кірмейтін  шеткері  ұйымдарда  жұмыс  істеуге  немесе  директорлар 



кеңесі  мүшесі  лауазымына  орналасуға  өзінің  келісімін  бермей  тұрып,  құзыретіне  сәйкес 

Директорлар 

кеңесінен/Қоғамның 

басқармасынан/Қоғам 

Басқармасы 

төрағасынан 

белгіленген тәртіппен рұқсат алуға; 

 

Қоғамның  тобына  кірмейтін  шеткері  ұйымдарда  жұмыс  істеуге  немесе  директорлар 



кеңесі  мүшесі  лауазымына  орналасуға  өзінің  келісімін  бермей  тұрып,  құзыретіне  сәйкес 

Директорлар  кеңесін/Қоғамның  басқармасын/Қоғам  Басқармасы  төрағасын  белгіленген 

тәртіппен уақытында хабарландыруға; 

 

шешілуі  қызығушылық  тудырып  отырған  мәселелерді  талқылауға  және  дауыс  беруге 



қатысуға; 

 

Қоғамның  ресурстарын,  зияткерлік  меншігін,  жабдықтары  мен  байланысын 



(корпоративтік почтаны және компьютерлік бағдарламаларды  қоса алғанда) жеке мақсатына 

пайдаланбауға; 

• егер қызметкер шешімнің дұрыстығына күмән келтірсе, тікелей басшысымен кеңесуге. 

4.2.3.  Егер  іскери  этика  мәселесіне  қатысты  өтініштер  тиісті  дәрежеде  қаралмайтын  болса 

және/немесе  талқылау  нәтижесінде  құптауға  тұрарлық  жауап/шешім  табылмайтын  болса, 

онда  оны  жоғарыдағы  абзацта  тізбеленген  кез  келген  тұлғаға/органға  жөнелтуге  болады. 

Қоғам  жұмыс  орнында  қалыптасқан  жағдайларды  шешу  кезінде  тексерілген  деректер  мен 

шынайы ақпараттарды басшылыққа алады. 

 

4.3. 



Сыбайлас жемқорлық пен құқыққа қайшы өзге де әрекеттер   

1. 

Мүдделі  тұлғалар  тарапынан  да  және  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен 

қызметкерлері  тарапынан  да  қисынсыз  пайда  мен  артықшылықтарды  алу  мен  сақтап  қалу 

мақсатындағы  сыбайлас  жемқорлық  пен  басқа  да  құқыққа  қайшы  әрекеттерді  болдырмау 

үшін барлық күш-жігерін салады. 

2. 

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  тұру  жөніндегі  тікелей  міндеттер,  Қоғамда  басшылық 

қызмет  атқаратын  лауазымды  тұлғаларға  жүктеледі.  Қоғамның  қандай  да  бір  қызметкерінің 

қандай да бір сыбайлас жемқорлық құқығын бұзуы ашылған жағдайда, аталған қызметшінің 

әрекеті үшін оның өзінен басқа, оның басшысы да жауапты болады.   


3. 

Қоғам қызметкерлері оларға белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзу оқиғалары 

туралы басшылықтың назарына жеткізуге міндетті.   

4. 

Қоғамның  еншілес  ұйымдарының  басшы  және  маңызды  лауазымдарына  тағайындау, 

еншілес  ұйымдардың  жарғыларына  және  Қоғам  Басқармасының  шешімдеріне  сәйкес, 

сондай-ақ  Қоғамның  Басқармасы  жанындағы  Кадрлық  саясат  жөніндегі  комитеттің 

ұсыныстары ескеріле отырып, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 

5. 

Қоғам  мүдделі  тұлғалардан  іскери  этика  мен  мінез-құлық  қағидасының  осы 

нормаларын сақтауды талап етеді.   

4.3.6. Мыналар: 

-  өздеріне  тиісті  функцияларды  орындамайтын  заңды  тұлғалардан  және  ұйымдардан, 

өздерінің функционалдық міндеттерін атқарғаны  үшін ақша,  қызмет түріндегі және басқа да 

формадағы    сыйақы; 

 өзінің  функциясын  орындаумен  байланысты  немесе  жұртшылық  таныған  әдептілік  және 

қонақжайлық  нормаларға  сәйкес  немесе  символдық  ықылас  белгілерін  және  символдық 

кәдесыйларды есепке алмағанда немесе хаттамалық және өзге де ресми іс-шараларды  өткізу 

кезінде сыйлықтар немесе қызметтер қабылдауға тыйым салынады. 

Ақшаны,  қызмет  түріндегі  және  өзге  де  формадағы  жоғарыда  тізімделген  сыйақыларды 

қабылдаудың кез келген әрекеті сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекет ретінде қаралады.   

 

4.4. 



Корпоративтік мәдениет   

4.4.1. Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Іскери этика кодексінің талаптарын 

ұғына  отырып,  өзге  де  әріптестерімен  іскери  этика  принциптері,  іскери  мінез-құлықтың 

қабылданған қағидалары бойынша  өздерінің білімдерімен бөлісуге,  іскери этика талаптарын 

сақтап және заң бұзушылықтардың алдын ала отырып, Қоғамдағы корпоративтік мәдениеттің 

дамуына үлес қосуға тиісті. 

4.4.2.  Қоғамның 

лауазымды 

тұлғалары 

мен 


қызметкерлері 

корпоративтік 

рухты 

қалыптастыруға және Кодекс талаптарын сақтауды мынадай тәсілдермен қолдауға тиісті: 



 

бағыныштылармен жеке түсінік беру кездесулері; 

 

өзіндік үлгі көрсету. Өзінің мінез-құлқын қызметкерлер үшін үлгі ретінде пайдалану; 



 

талаптарды  сақтау  жұмыс  орнындағы  тиімділіктің  міндетті  факторы  болып 

табылатынын жалпы көпшіліктің түсінуін қамтамасыз ету. 

3. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  өзінің  қызметтік  міндеттерін 

орындаған кезеңде киім кюдің іскери стилін ұстануға тиісті. 

4. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  сұхбат  жүргізген  уақытта  әдепті 

және ізетті сөйлесуге тиісті. 

5. 

Қоғамның  барлық  қызметкерлері  корпоративтік  ойын-сауық  немесе  спорттық 

іс-шараларға қатыса алады. Сондай-ақ, мақсаты қызметкерлер арасында корпоративтік рухты 

көтеру болатын іс-шараларды өткізу жөнінде өздері ұқсыныстар енгізе алады. 

4.4.6.  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  Қоғамның  құжат  айналымы 

жөніндегі қағидаларын сақтауға және барлық тиісті құжаттарды ойдағыдай сақтауға міндетті. 

Қоғамның барлық қызметкерлері өзінің жұмыс орнын ұқыпты және талғамды түрде сақтауға 

тиісті.   

 


4.5. 

Қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны сақтау   

1. 

Қоғам  осы  саладағы  заңнамалық  талаптарға  сәйкес  қауіпсіздікті,  еңбектің  қорғалуын 

және қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етеді. 

2. 

Қоғам  өзінің  қызметкерлері  үшін  қауіпсіз  еңбек  шарттарын  және  осы  саладағы 

заңнама талаптарының қызметіне сәйкес  қамтамасыз етеді.  Қоғамның лауазымды тұлғалары 

мен  қызметкерлері  қауіпсіздік  техникасы  мен  еңбекті  қорғау  саласындағы  стандарттар  мен 

қағидаларды бұлжытпай орындауға тиісті.   

3. 

Қоғам  қоршаған  ортаны  қорғау  қағидаларын  ұстанады,  өзінің  еншілес  және  тәуелді 

ұйымдарын  энергия  үнемдеу  технологияларын,  қалдықсыз  өндірісті  енгізуге,  қалдықтарды 

қайталап өңдеуге ынталандырады. Осы мақсатта Қоғам аталған факторларды инвестициялық 

шешімдер және жеткізушілермен келісімдер жасаған кезде ескеруі мүмкін.   

4. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  өзінің  іс-қимылын  қоршаған 

ортаға  ықпалды  және  оған  әсерді  барынша  азайту,  мысалы    энергия  үнемдеу,  қағаз 

тасымалын пайдалануды барынша азайту тұрғысынан бағалауға тиісті. 

 

4.6. 

Жұртшылықпен байланыс 

1. 

Қоғам  көпшілікпен  және  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  қарым-қатынаста  жоғары 

этикалық  стандарттарды  сақтауды  қадағалайды.  Қоғам  күмәнді  ақпараттардың  таралуына, 

басшы қызметкерлердің жұрт алдында сөйлеген сөздерінде, көпшілікпен байланыс жөніндегі 

өздерінің  ақпараттық-жарнамалық  материалдарында  деректерді  жасыруына  және/немесе 

бұрмалауына жол бермейді. 



2. 

Интернетті  қоса  алғанда,  Қоғам  атынан  көпшілік  алдында  сөз  сөйлеу,  Қоғамның 

оқиғаларына бұқаралық ақпарат құралдарында түсініктеме беру немесе Қоғам атынан қандай 

да  бір    мәлімдеме  жасау  құқығына  Қоғамның  осыған  уәкілетті  лауазымды  тұлғалары  мен 

қызметкерлері ғана құқылы. 

3. 

Қоғам  атынан  сөз  сөйлеген  кезде,  қызметкерлер  көпшілік  мойындаған  кәсіби 

мінез-құлық пен іскери этика нормаларын сақтауға, тек қана шынайы ақпараттарды таратуға, 

сондай-ақ құпия ақапараттардың жариялануына жол бермеуге міндетті. 



4. 

Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  қызмет  бабы  мен  Қоғамның 

қызметі мәселелері бойынша өзінің пікірін көпшілік алдында білдіруге тиісті емес, егер ол: 

 

Қоғам    қызметінің негізгі бағыттарына сәйкеспейтін болса; 



 

қызметтік ақпаратты ашатын болса; 

Қоғамның  лауазымды  тұлғаларының  атына  этикаға  жатпайтын  сөздерден  тұратын 

болса. 


 

4.7.            Бақылау шаралары 

1. 

Қоғамның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері Кодекс талаптарын қатаң сақтауға 

және Кодекс талаптарының кез келген бұзылуы туралы хабарлауға міндетті. 

2. 

Қоғамның лауазымды тұлғалары Қоғамның стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін, 

іскери  этиканың  негіздік  құндылықтары  мен  қағидаларын  есепке  ала  отырып  іскери  шешім 

қабылдайды және өзінің алдына қойылған міндеттердің іске асуы үшін толық жауапкершілік 

атқарады.     

3. 

Қоғамның  тиісті  тұлғалары  тұжырымдамаға  сәйкес  іскери  этика  талаптарын  бұзумен 



байланысты проблемаларға мыналар арқылы үн қатуға міндетті: 

 

Жағдайды түзеу мен кемшіліктерді жою жөнінде уақытында шаралар қабылдау; 



 

заңнамада 

белгіленген 

тәртіппен 

тәртіптік 

сипаттағы 

пәрменді 

шаралар 


қабылдау/ұсыну; 

 

Қоғамның 



тиісті 

құрылымдық 

бөлімшелерімен/органдарымен, 

оларға 


тиісті 

мәліметтерді бере отырып консультация өткізу. 

Аталған  әрекет  Қоғамның  ішкі  тәртібіне  сәйкес  рәсімделуге  тиісті:  бекітілген  есептілік 

нысанын толтыру және есепке алу жазбаны жүргізу. 

4.7.4.  Қоғам  Кодексті  ашық  талқылауға  дайын  қызметкерлерді  көтермелейді  және  оны 

жетілдіру жөніндегі кез келген сындарлы ұсыныстарға оң көзқараста болады. 

4.7.5.  Кодекс  талаптарына  қатысты  және/немесе  жұмысы  барысында  этикалық  мәселелері 

туындаған мәселелер бойынша, сондай-ақ Кодекс талаптарын бұзу, сыбайлас жемқорлық пен 

өзге  де  заңға  қайшы  әрекет  дектері  бойынша  Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен 

қызметкерлері,    сондай-ақ іскери және мүдделі тұлғалар мыналарға жүгінуге міндетті: 

 

тікелей  басшыға,    омбудсменге  немесе  Ішкі  аудит  қызметіне;  Корпоративтік  хатшы 



қызметіне  (лауазымды  тұлғалардың  іскери  этика  қағидаларын  және  мінез-құлық 

тұжырымдарын бұзу деректері Қоғам Директорлары кеңесімен қаралады); 

 

Қоғам  қызметкерлерінің  бекітілген  іскери  этика  талаптарын  бұзу  оқиғалары 



анықталған  жағдайда,  материалдар  шешім  қабылдау  үшін  Қоғамның  кадрлық  саясат 

жөніндегі  комитеті  қарауына  жолданады.  Қарау  нәтижесі  мен  қабылданған  шешім 

Қоғамның  кадрлық  саясаты  жөніндегі  комитеті  шешім  қабылдаған  күннен  бастап  3 

(үш)  жұмыс  күні  ішінде  өтініш  берген  тұлғаға  хабарланады.  Қоғамның  кадрлық 

саясаты  жөніндегі  комитеті  Кодекс  талаптарының  бұзылғаны  туралы  мәліметтерді 

қараудың құпиялылығына кепілдік береді. 



 

5-ТАРАУ. ОМБУДСМЕН    ИНСТИТУТЫ 

5.1. 

Омбудсменнің құқығы мен міндеттері   

 

Омбудсменді Қоғамның директорлар кеңесі 2 жылда 1 рет тағайындайды. 



 

Омбудсменнің  негізгі  функциясы  Кодекс  ережелерін  сақтамау  мәліметтерін  жинау, 

қызметкерлерге  және  лаауазымды  тұлғаларға  Кодекстің  ережелері  бойынша    кеңес 

беру,  Кодекс  ережелерін  бұзу  бойынша  дауларды  қарауға  бастамашы  болу  және оған 

қатысу. 

5.2. 

Омбудсмен құқылы: 

 

келіп түскен өтініштің негізінде және өзінің бастамасы бойынша Кодекс ережелерінің 



бұзылуын анықтау жөніндегі рәсімдерді өткізуге; 

 

Кодекстің  сақталмауы  мәселелері  бойынша  қызметкерлерге,  лауазымды  тұлғаларға 



үндеу тастауға; 

 

Қызметкерлерге,  лауазымды  тұлғаларға  Кодекс  ережелерін  түсіндіруге  және  түсінік 



беруге. 

5.3. 

Омбудсмен міндетті: 

 

Кодекстің  бұзылуы  мәселелері  бойынша  дауларды  қарау  рәсімдерін  өткізу  кезеңінде, 



қызметкерлерді  (еңбек  заңнамасымен  белгіленген  рәсімдер  шеңберінде)  қорғауды 

қамтамасыз  етуге,  мәжбүрлеп  жұмыстан  шығару  оқиғалары  туындаған  жағдайда, 

бастамашы болу себептері бойынша осындай істерді қарауға; 

 

Кодексті сақтамауға қатысты мәселелерді қарау кезінде қатысуға; 



 

Кодексті сақтамауға қатысты мәселелер бойынша Қызметкерлер, Лауазымды тұлғалар, 

сондай-ақ Мүдделі тұлғалар өтініштерінің есебін жүргізуге; 

 

Қоғам  қызметкерлеріне  олар  өтініш  жасаған  жағдайда  5  (бес)  жұмыс  күні  ішінде 



Кодекстің ережелеріне түсініктеме беруге; 

 

Кодексті  сақтамау  мәселелері  жөніндегі  дауларды  қарауда  тәуелсіздік  пен  алдын  ала 



жазғырмауды сақтауға; 

 

Кодекс  ережелерінің  бұзылу  фактілері  бойынша  өтініш  жасаған  Қызметкердің, 



Лауазымды 

тұлғалардың 

құпиялылығын 

(құпия 


қалуды 

тілеген 


жағдайда)   

қамтамасыз етуге. 



 

6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ 

1. 

Қоғамның Директорлар кеңесі өзектендіру және жетілдіру мақсатында 2 жылда бір рет 

осы  Кодекстің  талаптарын  қайта  қарайды  және  жетілдіреді,  ол  қандай  жағдайда  іске 

асырылып  жатқанын  саралайды,  сондай-ақ  қажет  болған  жағдайда  Комитеттің 

ұсыныстары  мен  кеңестерін  есепке  ала  отырып,  оған  өзгерістер  және/немесе 

толықтырулар енгізеді. 



2. 

Кодекстің іске асуын тәжірибеде қолдану мақсаты үшін қабылданған тиісті ұсыныстар 

белгіленген  тәртіппен  Қоғам  Басқармасының  қарауына  енгізілуі  және  онымен 

бекітілуі мүмкін. 



 

  «Тау-Кен Самұрық» акционерлік 

  қоғамының Іскери этика кодексіне   

1-қосымша 

 

 



Нысан 

Осы  формуланы    «Тау-Кен  Самұрық»  акционерлік  қоғамының  Іскери  этика 

кодексімен белгіленген іскери этика тұжырымдары мен мінез-құлық қағидаларын Сіз    назар 

салып 

оқығаныңызды, 

түсінгеніңізді 

және 

адал 

ұстанатыңызды 

растау 

үшін 

пайдаланыңыз. 

Қоғамдағы  еңбек  және/немесе  лауазымдық  қызметтерді  атқару  басталған  сәттен 

бастап,  сондай-ақ  есепті  кезеңнен  кейінгі  бірінші  айдың  15-іне  дейін  жыл  сайын  берілетін   

толтырылған және қол қойылған растау-нысаны Қоғамдағы еңбек қатынастарын орындау 

мерзімі ішінде Қоғамның әрбір қызметкерінің жеке ісінде сақталады.     

 

 



РАСТАУ 

Тілеуіңізді берсін, осы нысанды толтырып қолыңызды қойыңыз және оны басылған күйде 

төменде келтірілген координаттар бойынша жолдаңыз. 

 

 



 

 

Қоғамның қызметкерлері: 



Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Қонаев к-сі, 12/1, Тау-Кен Самұрық» 

акционерлік қоғамы, Адами ресурстарды басқару департаменті   

 

 



 

Директорлар кеңесінің мүшелері: 

Қазақстан Республикасы 010000,    Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 19, 

«Самұрық-Қазына» АҚ 

Қоғамдағы  еңбек  және/немесе  лауазымдық  қызметтерді  орындауды  бастаған  сәттен  бастап, 

Сіз  «Тау-Кен  Самұрық»  акционерлік  қоғамының  Іскери  этика  кодексімен  (бұдан  әрі  – 

Қоғамның  Іскери  этика  кодексі)  белгіленген  іскери  этика  тұжырымдары  мен  мінез-құлық 

қағидаларын назар салып оқуға, түсінуге және адал ұстануға міндеттісіз. 

Сіздің растауыңыз 

(Тиісті ұяшықтарға белгі соғыңыз) 

         

Мен, Қоғамның Іскери этика кодексін оқығанымды және түсінгенімді растаймын. 

         

Мен,  Қоғамның  Іскери  этика  кодексінде  белгіленген  іскери  этика  тұжырымдары  мен 

мінез-құлық қағидаларын адал ұстануға міндеттенемін. 

         

Мен,  Қоғамның  Іскери  этика  кодексінде  белгіленген  іскери  этика  тұжырымдары  мен 

мінез-құлық  қағидаларын  Қоғамдағы  еңбек  және  /немесе  лауазымдық  міндеттерімді 

атқару  мерзімі  ішінде,  ең  аз  дегенде  жылына  бір  рет  оқығаныма,  түсінгенімді 

растайтыныма және ұстанатыныма келісемін. 

 

Тілеуіңізді берсін, қолыңызды қойыңыз 

 

АТЫ-ЖӨНІ 

 

                    Қолы 



Күні 

 

«Тау-Кен Самұрық» акционерлік 



  қоғамының Іскери этика кодексіне   

2-қосымша 

 

ЖАДНАМА 

 

Іскери этика мәселері бойынша күдік туындаған 

кезде қалайша әрекет жасау керек? 


1. Қоғамның  лауазымды  тұлғалары  мен  қызметкерлері  Қодекстің  ережелерін, 

сондай-ақ Қоғамның өзге де ішкі  құжаттарын ұғынуға және әрқашан оларды ұстануға тиісті. 

Кодексті  сақтамайтындар  өзін,  өзінің  әрітестерін  және  Қоғамды  тәуекелге    душар  етеді. 

Жасалатын іс-әрекеттердің этикалық жағы туралы әрқашан ұмытпау керек.     

2. Өз 

әрекетінің 



дұрыстығына 

сенбеген 

жағдайда, 

әрбір 


адам 

кеңеске/консультацияға/кепілдемеге  жүгіне  алады,  алдымен  өзіне  мынадай  қарапайым 

сұрақтар қою керек: 

 

  Алаңдаушылық туғызып отырған әрекеті заңды ма?   



  Ол Кодекске сәйкесе ме? Ол Қоғамның құндылықтарына сәйкесе ме?     

  Ол Қоғамды қандай да бір тиімсіз тәуекелдерге душар етпей ме?   

  Ол біздің міндеттемелерімізге сәйкесе ме?   

  Этникалық қақтығысқа апарып соғатын басқа да жағадайлар бар ма?   

  Осы әрекет туралы өзгелер біліп қойса, ыңғайсыз сезім билемей ме?   

  Осының өзі дұрыс па? 

3. Қандай  да  бір  сыйлық  немесе  іс-шара  орынды  бола  ма,  оны  анықтау  үшін  өзіне 

мынадай сұрақтар қою қажет:   

  Сый  тартушының  пиғылы:  «әдеттегі  Сыйлық  немесе  іс-шара  қандай  мақсатты 

көздейді:  әдеттегі  ықылас  белгісін  таныта  ма  немесе  іскери  шешімнің 

шынайылығына ықпал жасау ма?»; 

  Бағасы және жиілігі: «аталған сыйлық немесе іс-шара қарапайым және жиі емес пе 

немесе,    қарсы міндеттемелерді талап етпей ме?»; 

  Заңдылығы:    «сыйлық  немесе  іс-шара  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 

қайшы келмей ме?»; 

  Мөлдірлік:  «бұл  туралы  басшылыққа    немесе  қоғамның  сыртындағы  басқаларға 

белгілі болса, ұят болмай ма?». 

Бұл  ретте,  сыбайлас  жемқорлық  үшін  жағдай  тудыратын  құқық  бұзушылықтар, 

сондай-ақ  құқыққа  қайшы  игіліктер  және  артықшылықтармен  байланысты  сыбайлас 

жемқорлық құқық бұзушылықтар  үшін, ол  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 

жауапты болатынын әркім түсінуге тиісті. 

4. Нақты тұлғаның немесе толықтай Қоғамның этикалық мінез-құлқына ықпал етуі 

мүмкін шешімдер қабылданған кезде, мынадай әрекеттерге ұсыныс жасалады:     

  Әрекет  етпес  бұрын  ойлану  және  өзіне  жоғарыда  тізімделген  сұрақтарды  қою 



қажет.   

  Қоғамның көпшілік қол жетімді құжаттарының және Қазақстан Республикасы 

Заңнамаларының тиісті нормаларын зерделеу. 

  Мәселелерді шешудің нұсқаларын және олардың зардаптарын қарау.   

  Бұның кімге әсер ететінін ойлану. 

  Өзіңнің жауапкершілік деңгейіңді анықтау.   

  Іске қатысты барлық деректермен, құжаттармен және ақпараттармен танысу.     

  Тәуекелдерді және оларды төмендету тәсілдерін бағалау.   

  Ең үздік іс-қимыл жолын ойластыру.   

  Өзгелермен кеңесу.   

  Кодексте  және  Қоғамның  өзге  де  ішкі  құжаттарында  мазмұндалған  барлық 

ережелер есепке алынғанына көз жеткізіңіз. 



  Жинақталған тәжірибені саралау және өзгелермен бөлісу.   


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет