Тауар Саясаты – кәсіпорынның маркетингілік қызметінің құрамдас бөлігі. Тауар Саясаты тауарлардың сұрыпталымын (түр-түрін) шығару саясатын, жаңа тауарлар жасап, өндіріске жіберуді, тұтынушылық сұранысын жоғалтқан немесе жоғалта бастаған тауарларды өндірістік бағдарламадан шығаруды, тауарлардың үлгілерін көбейту, буып-түю, безендіру, елең еткізерлік атау, әсем тауар белгісін табу мәселелерін қамтитын кешенді ұғым болып табылады. Тауар Саясатында нарықтық жаңа тауарлар жасау тұжырымдамасын айқындау басты мақсат ретінде көзделеді.
Тауар саясаты тауар ассортиментін қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерін жасау, сана және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өмірлік циклін талдау, тауарлық белгілерді пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы .
Тауар саясаты тауар ассортиментін қалыптастыру бойынша олардың жаңа түрлерін жасау, сана және бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өмірлік циклін талдау, тауарлық белгілерді пайдалану, буып-түю, орау, таңбалау және сервистік қызмет көрсету бойынша шешім қабылдауды қажет ететін фирманың көп факторлы қызмет көрсету аумағы .
Пайдалану мерзімі бойынша тауарлар қысқа мерзімде және ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар деп бөлінеді. Қысқа мерзімдегі тауарларды бір немесе бірнеше рет пайдалануға болады.Оған материалдық бұйымдарды (сабын, нан, сыра,т.б.)жатқызуға болады.Ал ұзақ мерзімдік тауарлар бірнеше жылдар бойына (тоңазытқыш,автомобиль, кір жуғыш машиналар т.б.) қолданылады.
Түпкі тұтынылуына байланысты тауарлар тұтыну тауарлары және өндіріске арналған тауарлар деп бөлінеді. Тұтыну тауарларына негізгі тұтынушының қолдануы үшін сатып алатын тауарлар жатады. Олар-күнделікті сұранымдағы, алдын-ала таңдалынатын,ерекше сұраныстағы және пассивті сұраныстағы тауарлар деп бөлінеді.
Күнделікті сұраныстағы тауарлар-бұл тұтынушылар ойланбай-ақ, әрі еш қиындықсыз, жиі сатып алатын кең тұтынудағы тауарлар мен қызметтер. Оларға нан, сабын, тіс пастасы сияқты тауарларды жатқызуға болады. Әдетте бұл тауарлар арзан әрі оларды күнделікті сатып алуға болады.
Алдын ала таңдалынатын тауарлар күнделікті сұранымдағы тауарларға қарағанда жиі сатып алынбайды, тұтынушы тауарды таңдау және сатып алу процесінде олардың безендірілуіне басты назар аударып, қасиеттерінің өзара үйлесімділігін салыстыра қарайды. Мұндай тауарларға жиһаздар, киімдер, электроника түрлері және т.б.жатады.