Тауарларды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Тапсырыс берушінің өңірі Шарттың нөмірі шарттың күні Бұдан әрі «Тапсырыс беруші»


 Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата13.10.2024
өлшемі81,04 Kb.
#147942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
contract project 10761007

Шарттың қолданыс мерзімі және бұзу талаптары
8.1 Шарт қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 2023-12-31 дейін қолданылады.
8.2 Егер Өнім беруші банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса, Тапсырыс беруші кез келген
уақытта Өнім берушіге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп біржақты тәртіпте Шарт талаптарын
орындаудан бас тарта алады. Бұл жағдайда Шарттың талаптарын орындаудан бас тарту тез
арада жүзеге асырылады, және Тапсырыс беруші егер Шарттың талаптарын орындаудан бас
тарту ешқандай залал келтірмейтін немесе салдарынан Тапсырыс берушіге қойылған немесе
қойылатын қандай да бір әрекеттерді жасауға немесе санкцияларды қолдануға құқықтарды
қозғамайтын шартта Өнім берушіге қатысты ешқандай қаржылық міндет көтермейді.
8.3 Шарт талаптарын бұзғаны үшін қандай да бір санкцияларға зиян келтірместен Тапсырыс
беруші осы Шарттың 7.4-тармағының талаптарын ескере отырып, Өнім берушіге
міндеттемелерін орындамағаны туралы жазбаша хабарлама жіберіп
1) егер Өнім беруші Шартта көзделген мерзімде немесе Тапсырыс беруші ұсынған осы
Шарттың ұзартылған кезеңі ішінде тауар жеткізе алмаса;
2) егер Өнім беруші өз міндеттемелерін орындай алмаса, осы Шартты толық немесе ішінара
бұза алады.
8.4 Шарт мынадай фактілердің бірі анықталған жағдайда кез келген кезеңде оның бұзылуы
туралы талапты қамтуы тиіс:
1) оның негізінде осы Шарт жасалған сатып алуға қатысты Заңның 6-бабында көзделген
шектеулердің бұзылуының анықталуы;
2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Өнім берушіге Заңда көзделмеген қолдауды
көрсету;
3) Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі өткенге дейін қызмет көрсетілген
жағдайды қоспағанда, Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді соманы енгізбеу жолымен Шарт
жасасудан жалтарса кез келген кезеңде оның бұзылуы туралы талапты қамтуы тиіс.
8.5 Шартты одан әрі орындау орынсыз болған жағдайда оны тараптардың келісімі бойынша


бұзуға болады.
Шарт жоғарыда көрсетілген мән-жайларға байланысты жойылған кезде Өнім беруші Шарт
бойынша бұзылуға байланысты бұзылған күнге іс жүзіндегі шығындар үшін ақы талап етуге
құқылы болады.
9 Хабарлама
9.1 Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа жіберетін кез келген хабарлама төленген
тапсырыс хатпен немесе телеграмма, телекс, телефакс не веб-портал арқылы жіберіледі.
9.2 Хабарлама жеткізілгеннен кейін немесе көрсетілген күшіне ену күні (егер хабарламада
көрсетілсе), осы екі күннің қайсысы кеш келетініне байланысты күшіне енеді.
10 Форс-мажор
10.1 Егер Шарт талаптарының орындалмауы форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып
табылса, Тараптар оның толық немесе ішінара орындалмауы үшін жауапкершілік көтермейді.
10.2 Егер Шартты орындауды кешіктіру форс-мажорлық жағдаяттардың нәтижесі болып
табылса, Өнім беруші өзінің Шарттың орындалуын қамтамасыз етуінен айырылмайды және
Шарт талаптарының орындалмауына байланысты тұрақсыздық айыбын төлеуге немесе оны
бұзуға жауапты болмайды.
10.3 Шарт мақсаттары үшін «форс-мажор» Тараптардың бақылауына бағынбайтын және
күтпеген сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамти алады, бірақ тек
олар ғана емес: соғыс қимылдары, табиғи немесе дүлей апаттар және басқалар.
10.4 Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде Өнім беруші тез арада Тапсырыс берушіге
осындай жағдаяттар мен олардың себептері туралы жазбаша хабарлама жіберуге тиіс. Егер
Тапсырыс берушіден басқа жазбаша нұсқаулықтар келіп түспесе, Өнім беруші Шарт бойынша
өз міндеттерін мүмкіндігінше орындауды жалғастырады және форс-мажорлық жағдаяттарға
байланысты емес Шартты орындаудың баламалы тәсілдерін іздейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет