Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



бет124/226
Дата28.03.2023
өлшемі0,69 Mb.
#76984
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   226

Екінші бағыт – рухани-адамгершілік тәрбие. Бұл бағыттың мақ-саты: Қазақстандық қоғам өмірінің нормалары және дәстүрлерімен, жалпыадамзаттық құндылықтармен келісілген, тұлғаның рухани-адам-гершілік және этикалық ұстанымдарын, адамгершілік қасиеттерін жә-не көзқарастарын қалыптастыру.


Үшінші бағыт – ұлттық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: тұлға-ны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тіліне және мемлекеттік тілге құрмет, қазақ халқының, Қазақстан Республикасын-дағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәр-биелеу кеңістігін қалыптастыру.
Төртінші бағыт - отбасы тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты:бала тұлғасын қалыптастыруда ата-аналарды оқыту, олардың рөлін кө-теру және психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – еңбек, экономикалық және экологиялық тәр-бие. Бұл бағыттың мақсаты: тұлғаның еңбек дағдыларын, экономика-лық пікірі мен кәсіби өзін-өзі анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру. Табиғатты сақтауда белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; табиғатқа аялы қарым-қатынасын, оның байлығын еселеу ұмтылысын қалыптастыру; балалар мен жастарда экологиялық сауат-тылықтың «экологиялық санасының» жоғары деңгейін, табиғат пен қо-ғамның экоэволюциясын қабылдау қабілетін дамыту және күнделікті өмірде оларды басшылыққа алуы үшін жағдай туғызу.
Алтыншы бағыт -көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие.Бұл бағыттың мақсаты: білім беру ұйымдарының білім беру кеңістігін тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруінің көпмәдениетті ортасы ретінде құру, тұлғаның қоғамдағы жалпымәдени мінез-құлық дағдыла-рын қалыптастыру, оның өнердегі және болмыстағы эстетикалық ны-сандарды қабылдау, меңгеру және бағалау әзірлігін дамыту.
Жетінші бағыт - зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі. Бұл бағыттың мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкінді-гін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын дамытуды қамта-масыз ететін уәждемелік кеңістік құру; балалар мен жастардың тұлға-лық ұстанымдарын жандандыру, ақпаратпен жұмыс жасауда функцио-налдық дағдыларын, ақпараттық өзара әрекеттесуде этикалық норма-лары мен құндылықты мақсаттарын қалыптастыру.
Сегізінші бағыт - дене тәрбиесі, салауатты өмір салты. Бұл бағыттың мақсаты: салауатты өмір салты, дене дамуы және психоло-гиялық денсаулық сақтау дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру, ден-саулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігі үшін кеңіс-тік орнату.
Тұжырымдамада көрсетілген тәрбие бағыттары бойынша ғылы-ми - зерттеу жұмыстары ҚР, алыс және жақын шетел ғалымдары, еліміздегі зерттеулер, ғылыми еңбектерінде тәрбиенің негізгі бағытттарын, тәрбие үдерісінің өзіндік ұстанымдары мен тәрбиенің қоғамда атқара-тын қызметіне қарай, өзіндік ерекшеліктері жан-жақты зерттелген. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде тәрбиені мәдениет тұрғысынан да қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет