Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет104/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

Н.Е.Щуркованың тәрбие түжырымдамасында
тэрбиені мәде- 
ниет тұрғысынан қарастырады. Тэрбиелік іс - эрекетті элемдік қоғам- 
дық кауымдастыкка кіріктірілуі арқылы ізгілендіру бағытын қолдайды. 
Тэрбие мазмұнында мэдени кұндылыктарды жүйелі түрде сабактасты- 
ка іске асыруды көздейді: табиғат элемі; адам өмірі; коғамдык өмір; 
тұлғаның ішкі жан дүниесі т.б. Тэрбие іс - әрекетінің нэтижесі - тұл- 
ғаның коршаған ортаға, мэдени құндылыктарға мақсатты бағытталған, 
өзін - өзі жетілдіруі деп бағалайды.
И.А.Зимняяның тәрбие түжырымдамасында
тэрбиені тұлға- 
ның әлемге катынасын қапыптастыру үдерісі тұрғысынан қарастыра- 
ды. Ғалым қарым - катынасты құндылықты қалыптастыру механизмі 
деп түсіндіреді. Адамның элемғе қатынасын қалыптастыру үдерісіне 
тэрбие жүйесінің 5 компонентін ұсынады: мұғалімнін тұлғасы жэне іс
- әрекеті; тэрбиелік ортада элеуметтік даму жағдаяттарды дұрыс ұйым- 
дастыру; ынтымақтастык; карым - қатынас; тәрбие субъектісінің бел- 
сенді іс - әрекеті.
И.М.Ильинскийдің тэрбие түжырымдамасында
ұрпақтар са- 
бақтастығы негізінде тәрбие беру мэселесі камтылады. Тұжырымдама- 
ның мазмұны тэрбие кеңістігін кұруға, тұлға мен когамның кызығу- 
шылыктарынын бірлігі, дүниетаным мен ізгілендіру құндылықгарына 
негізделеді. Тэрбиенің негізгі мақсаты табыска жэне жеңіске жетуге 
ұмтылатын, өмірге икемі бар, өзгермелі жағдаяттардан шыга апатын, 
жауапты, іскер, белсенді азамат - тұлғаны калыптастыру.
Жогарыдағы тэрбие тұжырымдалары үздіксіз білім беру жүйе- 
сіндегі тэрбие үдерісін жандандыруға іргелі үлес қосып отыр. Қазіргі 
таңда мемлекеттік деңгейдегі ұсынылған тұжырымдамаларды басшы- 
лыққа ала отырып, эр оку орны, білім беру мекемелері аймақтык ерек- 
шеліктерді негізге ала отырып өздерінің тұжырымдамалары бойынша 
жұмыс атқарулары да тэрбие жұмысын жандандыруға іргелі үлес 
косады.
4.8. 
Түлганы өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу
үдерісінің мазмүны.
Қазакстан Республикасы Білім жэне ғылым ми- 
нистрлігі ұсынған «Тэрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» еліміз- 
де оң метапэндік жэне тәрбиелік элеуеті бар «Өзін-өзі тану» рухани- 
адамгершілік білім беру бағдарламасы кабылданды деп атап көрсетеді. 
Багдарлама білім беру ұйымдарындагы тәрбие жұмысының барлық 
салапарын қамтиды жэне тиісінше іске асырылған жағдайда коғамда 
ұлтгық жэне жаппыадамзаттық құндылыктарды жаңғырту механизм- 
дерінің мыкты катализаторы рөлін атқара алады. Әлемдік білім беру 
кеңістігінде тэрбие теорияларының шабыттандыратын ең соңгы идея- 
лары қолданылған, халыктык педагогиканын көп гасырлық тэжірибе- 
сіне негізделген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағ-
175


дарламасынын аналогы жоқ. Ол балалар мен оқушы жастардың руха- 
ни-адамгершілік тәрбиесінін үздіксіздігін жэне сабақгастығын қамта- 
масыз етеді. Жалпыадамзаттық қүндылықтарға бағдарланған «Өзін-өзі 
тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ізгі ниетгі жэне 
адамгершілік касиеттері бар лайықты азамат тэрбиелеуге ықпал етеді.
Үздіксіз білім беру жүйесіне «Өзін - өзі тану» пәнін енгізу ар- 
кылы түлғаның “өзін-өзі тану”, “өзін-өзі бағалау”, “өзін-өзі жетілдіру”, 
“өзіне-өзі сену”, “өзін-өзі дамыту” сынды қасиеттерді менгерту, 
бойына сіңіру баса назар аударылуда. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру 
жүйесінде оқытылып жатқан «Өзін-өзі тану» пэнінің түлғаның рухани
- адамгершілік күндылықтарын қалыптастыруда маңызы ерекше. «Өзін
- өзі тану» пэні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым ми- 
нистрлігінің 2010 жылы 15 қаңтарда № 6 бүйрығымен 1-1 Ісыныптарға 
енгізілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 2012 жылы 
29 маусымында № 873 бұйрығымен «Өзін - өзі тану» пэнінің кешенді 
типтік бағдарламасы оку - әдістемелік құралдар білім беру жүйесіне 
енгізілді. Сонымен катар, Қазакстан Республикасы Білім жэне ғылым 
министрлігінің 2013 жылы 15 қаңтарда №11 бүйрығымен «Өзін - өзі 
тану» бойынша рухани - адамгершілік білім берудің республикапык 
кеңесі құрылды.
«Өзін - өзі тану» пэні тұлғаның бойындағы рухани - адам- 
гершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталады. Тұлға - бүл 
элеуметтік байланыстардағы жэне әлеуметгік катынаска түсетін адам, 
қоғам мүшесі, оған коршаған орта әсер етеді, ол саналы түрде адам- 
дармен жэне әлеуметтік құбылыстармен қарым - қатынас орнатады. 
Қабылдау қабілеті эр адамда эр түрлі, бірақ жеке түлға әлеуметтік ор- 
тада өзін дара үстайды жэне өз қарым - қатынастары үшін есеп бере 
алады. Қазақстанда тұлғанын рухани - адамгершілік білімін дамыта- 
тын «Өзін - өзі тану» пэнін үздіксіз білім беру жүйесіне енгізу үдерісін 
теориялық жэне практикалық түрғыда негізделді.
Бүгінгі бізге жеткен ауызша жэне жазба мүралардан қазақ елінін 
рухы биік халық болғанын аңғаруга болады. Рух дегеніміз адамнын 
ішкі жан дүниесі арқылы керініс бере отырып, бүкіл үлттың бойына 
сіңісті болатын асыл қасиет (туған жерге, елге, Отанға деген сүйіс- 
пеншілік, үлы бабаң аманаттаған жерді көзіңнің қарашығындай сақтау, 
тілге деген құрмет, ұлттық мэдениет пен дэстүрлерді білу, оның ама- 
нат ретінде үрпақтан - ұрпақка жалғастыру т.б.) тұрғысынан бағалауға 
болады.
Руханилық ұғымы педагогикалық сөздікте “Руханилық - түлға- 
ның екі фундаментальды кажетгілігі себептерінің жүйеде көрінуі: 
идеалды таным қажеттілігі мен “басқалар үшін” өмір сүру мен қызмет 
ету элеуметтік қажеттілігі. Руханилық категориясымен өмірді, өзін жэ- 
не өмірінің мақсатын және мэнін тану қажеттілігі астасады. Адам қан- 
шалыкты осы сүрақтарға жауап іздесе жэне табуға тырысса, сонша-
176


лықты рухани болады”, - деп атап көрсетуі де жоғарыда ғалымдардың 
рух, руханилық ұгымының мэнін нактылай түседі.
Кұндылык кез - келген түлганың бойында калыптасатын қа- 
сиеттердің негізгісі болып табылады. Қүңдылық түлға, топ, әлеуметтік 
ортада адамгершілік ұстанымдар, мақсаттар, мен белгіленген эдістері 
жэне көрсеткіштермен нақтыланады. Тұлға бойындағы кұндылыктар 
тұлғааралық карым - қатынаста, іс - эрекетте, мінез - кұлықга көрініс 
береді.
П.И. Пидкасистый құнды катынастарды тэрбие үрдісінін мазмү- 
ны ретінде ұсынады. Қарым - катынас - кез келген ұстаздың оқу - тэр- 
бие үдерісінің негізгі ұстанымы болуы қажет екені белгілі.
П.И. Пидкасистый құндылықтарды төмендегідей бөліп қарас- 
тырады: қүнды қатынастар - тэрбие үрдісінің мазмүны; адам қүндылық 
ретінде; өмір кұндылык ретінде; қоғам құндылык ретінде; еңбек 
қүндылык ретінде; табиғат қүндылық ретінде карастырады.
Белгілі ғалым Н.Е.Щуркова адам мен адамзат үшін жасалатын 
құндылықгар жүйесіне: адам, өмір, табиғат, қогам, жақсылық, ақикат, 
сұлулық, еңбек, таным, қарым-қатынас, ойын, еркіндік, бақыт, ар- ұят, 
тендік, әділеттілік, бауырластықты жатқызады.
Егемен еліміздің жастарын тәрбиелеуде эл-Фараби мұралары- 
ның да тәрбиелік маңызы аса зор. эл-Фараби артына үлкен педагоги- 
калык мүра қалдырып отыр. Ғүламаның еңбектерінде педагогика ғы- 
лымынын мэні мен мақсаттары, жалпы педагогикалык идеялары, ди- 
дактика проблемапары, педагогикалық идеяларының жаратылыстану 
гылымдарында пайдалануы, әл-Фарабидің тармактауы бойынша “Аза- 
матгык философия екі түрге бөлінеді: оның біреуі аркылы жақсы әре- 
кеттерді тудыратын жэне осы әрекеттердің себептерін анықтау қабіле- 
тін тудыратын жаксы әрекеттер мен мінез-құлықтарды танимыз. Осы- 
ның арқасында тамаша нәрселер өзіміздің қасиетімізге айналады. Бұп 
түр этикалык өнер деп аталады.
Екінші түрі кағидаларды, сол аркылы тамаша көркемдіке ие бо- 
лу, оны сақтай білу қабілетіне жететін қағидаларды біліп алуды кам- 
тиды. Бұл түр саяси философия деп аталады”.
Оның мұраты бойынша педагогикалық категориялар аркылы 
адам бақытқа жетуі керек. Олар аркылы адам білім мен кіршіксіз таза- 
лыкты менгеруі керек.
“эл-Фараби - педагогика философиясынын негізін салды”,- деп 
атап көрсеткендей, тәрбие философиясының негізін салушы да эл- 
Фараби болып табылады.
Ғұламаның “Білім мен тэрбие егіз“ деген ұстанымды үсына оты- 
рып, адам дүниеге келгеннен бастап бойына даритын 12 ізгі қасиетті 
ұсынады. Олар: денсаулық, ақылдылық, коғамдық істерге бейім, үғым- 
тал, шыншыл, ар-намысы жогары, есте сақтау кабілеті дүрыс, тілмар, 
енбекшіл, жалған нэрселерге жирене қарау, әділ, эділетгілерді сүю.
177


Бұл қасиеттер адамның бойында толық бола коймас дейді гұлама, бі- 
рак, мүмкіндігінше осы қасиеттердің дэндерін түлғаның бойына сіні- 
руіміз керек - деп, философиялык тұргыда зерделейді.
эл-Фараби тэрбиеде бірінші орынға мінез-қүлықты кояды, оны 
қалыптастыру үшін ерік, кайратты жетілдіруді қажет деп санайды. эл- 
Фараби трактаттарында адамның акылы, ойлау кабілеті, мэдени да- 
муы, ғылыми өсуі туралы, қоғамдык дамуды әлеуметтендіру жэне ізгі 
мемлекет ілімін жасайды.
Сократтың пікірінше, моральдық өлшемдер - обьективтік кұбы- 
лыстар. Ал жаксылык пен жамандықтың арасындағы айырмашылык 
салыстырмалы емес, абсолютті бағытта болады. Жаксылык жасағанда, 
ол жақсьшыкгың мэні неде екенін білген дүрыс. Егер адамдар жаксы- 
лыктардың да, жамандыктың да не екенін, олардың табиғатын түсініп, 
білетін болса, онда олар еш уақытта да жамандыкка бармас еді. Жа- 
мандыктың өзі жақсылықтың не екенін білмегендіктен болатын құбы- 
лыс. Олай болса, әдептілік дегеніміздің өзі - танып білудің салдары.
Шығыстын ғүлама галымы, философ әл-Фарабидің: «Жүрек -
басты мүше, оны тэннің ешкандай баска мүшесі билемейді, бүдан 
кейін ми келеді, бүл да басты мүше бірак мүның үстемдігі бірінші 
емес» - деген көзқарасымен сэйкес келеді. Абайдың он жетінші кара 
сөзінде ақьш, кайрат, жүрек туралы пікірін: «Осы үшеудің басын кос- 
пак менің ісім, бірак сонда билеуші жүрек болса жарайды», - деп біл- 
діреді. Бүдан біз, Абай мен эп-Фарабидің «Жүрек» туралы танымда- 
рыныц негізі бір екендігін көреміз. Абай, әділет, ізгілік, шапағаттың 
мекені, көзі: жүрек деп түсіндіреді, ал бойында ақылы мен қайраты ға- 
на бар кісі, үшеуінің (ақыл, қайрат, жүректің) басын қос деп, жүректі 
қосып, «соған билет (ақыл, кайрат, жүректі), «акыл, кайрат, жүректі 
сол басшылық етсін дегенінен «толымды адам (акыл, кайрат, жүректі)» 
калыптастыруды көздейді.
Абайдың осы танымын мына бір нақыл сөзі де растай түседі: 
«Ақыл, кайрат, жүректі бірдей үста, Сонда толык боласың елден бө- 
лек» - немесе «Үш-ак нэрсе адамның касиеті, Ыстык кайрат, нүрлы 
ақыл, жылы жүрек», -дегендегі түжырымдар ойы да адамгершілік ка- 
сиет еді.
Қай гасырда да болмасын тұлғанын рухани - адамгершілік кұн- 
дылықтарын қалыптастыру негізгі орында гұрғаны белгілі. Еліміз еге- 
мендік алғаннан бері коғамдағы рухани - адамгершілік мэселелерге 
байланысты үкімет тарапынан да, ғалымдар тарапынан да ғылыми 
ұсыныстар көптеп табылады. «Өзін - өзі тану» пэнін окытуда жоғары- 
дагы ғалымдардың тұжырымдары, идеялары пэннің теориялык түғыр- 
ларын айқындауға негіз болды.
Түлғаның бойындағы руханй кұндылыктарды калыптастыру, 
өзін - өзі тәрбиелеу мэселесі А.С.Макаренконың педагогиканың тео- 
риясы мен практикасында ғылыми тұргыда негізделген. Оның ұстаз- 
178


дық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі 
тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты ғылыми еңбектері элі де 
болса өзінің өзектілігін жойған жок. Оның тәрбиедегі апдына қойған 
неғізгі үстанымы түлғаның үжым арасындагы қарым - катынасы, алды- 
на койған талаптарды накты орындай білуі, өзін - өзі жетілдіруіне, 
үйымдастырушылык касиетінің дамуы негізғі орында түрды.
А.С.Макаренко жеке түлғаның сапалык касиеттерін калыптас- 
тыруды екіге бөліп, бірінші, барлык түлгаларға ортак сапалар болса, 
екіншісі, түлғаның даралық сапасын дамыту үшін оның кабілеттерін 
ескеру керектігіи карастырды.
А.С.Макаренко еңбеғінде, тэжірибесінде бүгінгі біз зерттеу ны- 
саны етіп апып отырған өзін - өзі тәрбиелеу мэселесі қиын балапарды 
тэрбиелеуде сол тұлғаға деген сенімі аркылы іске асырылып отырды. 
Адамды кұндылыктардың негізі деп қараса, еңбекті де негізгі кұн- 
дылык деп карады.
Жоғарыда П.И.Пидкаситый карастырған кұндылықтар жүйесі- 
мен ұштасып жатканы байқалады. Еңбек тұлғаның психикалық, руха- 
ни дамуының негізгі көрсеткіші деп бағалай отырып, еңбекті өмірдегі 
негізгі кұндылықтардың бірі, бала еңбекпен тікелей араласуы керек 
деген ұстанымды ұстады. Сонымен қатар, рухани - адамгершілік құн- 
дылыктарды калыптастыруда отбасы тэрбиесіиің маңызын ашкан көр- 
некті ғапымдардың бірі болып табылады. «Ата-аналар кітабы”, «Бала- 
ларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде отбасындағы бала 
тэрбиесінің накты жүйелі түрде дұрыс ұйымдастыру аркылы азамат 
түлға тәрбиелеудің мүмкіншілігі мол екенін практикалык тұрғыда дэ- 
лелдей білді.
Ресей ғалымы В.В.Воронов тәрбие үдерісінде тұпғаны калып- 
тастыру мэселесі бойынша зерттеуінде тұлғаның білімділігі, интеллек- 
туалды жэне дене дамуымен бірге дүниетанымдык көзкарасы мен 
адамгершілік тәрбиесін ұштастыра отырып жүргізгенде ғана жақсы нэ- 
тиже алатынымызға токталады. Тұлғаның рухани адамгершілік құнды- 
лығын калыптастыруда әдептің негізгі орын алатытына аса мэн берген. 
Ғалым адамгершілік тэрбиені тэрбиеленушілердің бойында адамгер- 
шілік білімді, сезімді жэне тэртіпті қалыптастырудағы педагогикалык 
іс -эрекет тұрғысынан қарастырады.
Дүниетанымдык көзкарас адамның санасындагы жаппы элемдік 
түсінікті нақтылайды және іс - әрекетінің бағытын айқындайды деген 
түжырымды бере отырып, эр жеке тұлғаның дүниетанымның қалып- 
тасуы көп кырлы, күрделі үрдіс олардың өмірлік ұстанымдары, наным- 
сенімдері, максат-мұраттары, таным принциптерін калыптастыртына 
аса мэн береді.
Оқушылардың рухани - адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі 
тану арқылы қалыптастыру дегеніміз - рухы биік, қайырымдылықгы,
179


ізгілікті, тазалық пен арлылықты өз бойына сінірген, елі мен жерін 
сүйетін, білімді менгерген түлга деп карастырамыз.
Қ.Б.Жарыкбаевтың «Психология» атты еңбегінде өзін - өзі тэр- 
биелеу мәселелері бойынша бір адам түйыктыктан, екінші адам орын- 
сыз ұялшакгыктын арылғысы келеді. Адамның өзін - өзі тэрбиелеуі 
оңайлыкпен қолға түспейді. Адамнын озін - өзі тэрбиелеу жан мен тэн- 
ді үнемі шыныктырып, жаггыктырып отыруды тілейді. Адам өзін - өзі 
тэрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға тозімділік, ерекше 
үстамдылык танытып, үзақ уақыт қажымай талмай ерінбей жалыкпай 
жүмыс істей білуге машықтануы керек.
Балаң жастагылардын арасында ой - армандарын күнделік беті- 
не түсіріп отыруы да адамның озін - озі тәрбиелеу ісінде психоло- 
гиялык жағынан қүнды қүжаттардың бірі. Күнделік аркылы өзімен - 
өзі мүндасып, сырласады.
Өзін - өзі тәрбиелеу мэселесі имандылық пен адамгершіліктің 
биік принциптерімен ылғида үштастырылса, жеке мүддені жүрт мүд- 
десімен орайластырып, туған халқы мен отбасына адал қызмет ету, 
оларға ылғида борыштымен деу секілді ізгі ниеттерден туындап жатса, 
онын осы саладағы тыныс - тіршілігі мазмүны да, жемісті болады, өйт- 
кені борыш пен жауапкершілік, парыз бен қарыз, ар - үят, намыс сезі- 
мінің болуы өзін - озі тәрбиелеу ісіне зор түрткі болып, кісінің қиын- 
шылықгарға төзуіне жэне оларды жеңе білуіне, әркез жарқыш да шат - 
шадымен өмір сүруге жету жолында күресіне демеу болып отыр деп 
атап корсетеді.
Ғалым адам бойындағы асыл сезімдер адапдық, шыншылдық, 
бауырымдьшык, ар үят, намыс, т.б., осынау асыл арман, аскақ мүратқа 
жетуге демейтін қуат болса, адамдар арасында кездесетін мінездегі 
міндер сараңдык, пайдакүнемдік, екіжүзділік пен мактаншактык, тэка- 
парлык, жалқаулық қызғаншақтық, біздің бүкіл тәрбиемізге, эсіресе 
озін - өзі тэрбиелеу ісіне кедергі келтіретін қырсық та жаман қасиеттер 
деп бағалайды.
Әсіресе үлтгық мінез, үлттык болмыс, ұлттық психологияны 
зерделей келе халкымыздың кеңжазира дапасы сиякты дархандығы, 
қонақжайлылығы, эр кез жақсылық жасауға, кол үшін беруге даяр тү- 
ратын қасиеттерін ерекше атайды».
Рухани құндылықтары калыптасқан тұлға ізгілік, кісілік, мей- 
рімділік, парасатгылық қасиеттері бойына сіңіре білген түлға.
Жаппы өзіндік танымға қазіргі танда галымдар өте жогары дең- 
гейде коңіл бшііп отыр. «Өзін-взі тану» терминдерінің түсіндірмелі 
сөздігінде өзін - өзі тануға байланысты ғылыми негіздері нақгы 
ашылып берілген:
Өзін-озі тану: тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асы- 
ру максатында өзі туралы 
нақгы 
білім алуға бағытталған шығарма- 
шылык іс-эрекеті;
180


Өзін-өзі тәрбиелеу: Жеке тұлғанын өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау, 
өзін-өзі бағалау жэне өзін-өзі бақылау арқылы өзінің жағымды қасиет- 
терін жетілдіруіне жэне жагымсыз әрекеттерінен арылуға бағытталған 
саналы, максатты бағытталған іс-әрекеті.
Өзін-өзі анықтау: Өзін-өзі бағалау дэрежесі; гұлғалық бағыты- 
ның мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін-өзі тұлға ретінде анық- 
тауы, оның элеуметтік-мэдени кұндылыктарға байланысты белсенді 
көзқарас ұстануы жэне осы арқылы өзінін өмір сүру мэнін аныктауы 
(болашаққа ұмтылу аркылы); кандай да бір проблемалык жағдайда 
өзіндік үстанымын аныктау мен бекіту бойынша жеке тандауын са- 
налы түрде жүзеғе асыру процесі мен нэтижесі; адамның ішкі еркін- 
дігіне ие болуының жэне оны көрсетуінің негізғі тетігі.
Өзін-өзі дамыту: Түлғаның рефлексия, жоспарлау, өзіндік даму 
нәтижелерін болжап білу сиякты психикалық көріністерінің негізінде 
жүзеге асатын өзін-өзі жетілдіру процесі.
Өзін-өзі түсіну: Табиғи, элеуметтік жэне түлғалык аспектілер 
бірлігінде субъектінің өзін-өзі түсіну мен қабылдау іс-эрекеттері.
Өзін-өзі іске асыру: Адамның өзініц түлғалық мүмкіндіктерін, 
қасиетгерін, баска адамдар арасындағы орнын саналы түрде дамыту 
процесі мен нэтижесі.
Өзін-өзі жігерлендіру: Жеке тұлғаның рухани жэне шығарма- 
шылық әлеуеті көрінісінің жоғары деңгейі, өзінің жеке түлғалык мүм- 
кіндіктерін толық аныктау мен дамытуға үмтылуы; мүмкіндіктердің 
шындыққа айналуы.
Өзіне-өзі қызмет ету - тазалық ережелерін сақгау, өзінің киім- 
кешегін күтіп кию, тамак эзірлеу, отбасы түрмысында қарапайым 
еңбек ету.
Өзін-өзі алдау - өзінін шектеулерін дәл түсіне алмағандықтан 
адамның өзін - өзі алдауы. Өзін-өзі алдайтын адамда өзін-өзі кабыддау 
қабілеті болмайды.
Өзін-өзі аңғару - адамның өз бойындағы жағымды-жағымсыз 
қасиеттерін көре, аңғара білуі.
Өзін-өзі билеу - адамның кез келген жағдайда ешкандай сезім 
ыкпалын ермей, ұстамдылык көрсетуі.
Өзін-өзі тексеру - субъектінің өз эрекеттері, психикалық 
үдерістер мен көңіл күйін жете үғынуы жэне бағалай алуы.
Өзін-өзі ұстау - сезімге эсер етіп, істі кері кетіретін жағдай- 
ларда, адамның өз эрекетін дұрыс жүзеге асыра алуга кабілеттілігі. 
Өзін-өзі үстауда осы іс-әрекетгі реттейтін психикалык үдерістерді 
саналы-еріктік үйымдастыру көрінеді. Өзін-өзі ұстай білу-адамның 
эмоциялық жене элеуметтік кемелділігіңің көрсеткіші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет