саттың диагностикасын жэне жеке түлганы тұтастай дамытатын педа-
гогикалық процесті обьективті бақылауын қажет етеді.
5.6.
Тярбие жұмысын жүзеге асырудың теориялық, эдіс-
темелік жэне технологиялық деңгейлері.
XVII ғасырда ең алгаш
технологияиың концептуалдық негізін Я.А.Коменский қалыптастыр-
ды. Оның басты принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, берік-
тілік, белсенділік аркылы сапаға жету, көрнекілік, теорияның тэжі-
рибемен байланысы, окушылардың жас ерекшеліктері мен дара ерек-
шеліктерін ескеру.
Оқыту технологиясы
сыныптық - сабақ жұмысын ұйымдас-
тыру арқылы іске асады. Оқыту технологиясыиың басты белгілері:
бір жас мөлшеріндегі оқушылардың тұрақты құрамы мен олардын
дайындық деңгейлері ескеріледі; жылдық жоспар мен оқу бағдар-
ламасы негізінде оқыту жүргізіледі; эр оқу пәнініц сабақгары тақы-
рыптарға бөлінеді; тұракгы сабақ кестесі жасалып, мұғалім оқуды
ұйымдастырады. Оқыту технологиясы тэрбие технологиясымен өзара
сабақтастықта іске асады.
Сыныптык сабак технологиясы оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйым-
дастырудың басқа формаларымен толыктырылады.
Тэрбие технологиясы сабақ үдерісі мен тэрбие үдерісінде катар
іске асырылады. Білім беру жүйесінде соцгы жылдары оқытудын
бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі түрлерімен оқытулармен бірге инно-
вациялық оқытулар жедел карқынмен тәжірибеге ене бастады. Жаңа
технологияларды пайдалану, сыни тұрғыда оқыту т.б. бүгінгі мектеп
үрдісінде маңызды орын алады. Инновация дегеніміз - дэстүрлі жэне
көпшілік тәжірибеден өзгеше, білім беру ісіне жаца тұрпатты көзкарас
пен катынас. Инновациялық окыту - окушылардын жаца жағдайларда
бірлесе әрекет жасау қабілетін дамытатын, білімді игерудін нақгы нэ-
тижеге бағытталған оқыту түрі болып табылады. Бұл, біріншіден, ғы-
лыми жэне мәдениеттану білімдерінің негізінде мақсатты бағытта
жобаланган оқу үрдісі болып саналса, екіншіден жеке тұлғаны дамы-
тудын болашағын жобалайтын жэне соны жүзеге асыруға дайындық
мақсатындағы бағытта ұйымдастыратын білім беру болып саналады.
Тәрбиелік жұмыстарды жүзеге асыруда
Достарыңызбен бөлісу: