Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет122/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

Педагогикалық білім университеттері
ата - аналармен күрделі жұмыс формаларын ұйымдастырады. Тәрбие 
теориясынан дэрістер оқылып, семинар сабақтар жүргізіледі.
Ата-аналарды мектеп өмірінің түрлі кырын түсіну үшін бала 
тәрбиесі жөніндегі 
жылдық қорытынды конференцияларга қатысты-
ру
ұйымдастырылады. Онда отбасында шешімін таппай келе жатқан 
мәселелер қаралады. Ең маңызды тақырыптың бірі - отбасында бала- 
ны еңбекке тэрбиелеу, т.б.
Мектеп есігінің ашық күндері
тоқсанньщ соңына қарай өткізіле- 
ді. Оған мектеп арнайы салтанатты түрде дайындалады.
Оны өткізу багдарламасы:
Акт залында ата-аналарға арнапған концерт 30 минут шама- 
сында, І-ХІ сынып окушыларының белсенді мүшелерінің қатысуымен 
жүргізіледі. Мектептегі ең жақсы сынып жэне үздік оқитын жеке оқу- 
шылардын аттары аталады.
Әр сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі. Оқушылар 
ата-аналарға қандай жетістіктерге жеткені туралы айтып, өздері жаса- 
ған сувенирлерін тапсырады.
Түрлі тақырыпқа арналған, оқушылар қолымен жасалған көрме- 
ні аралап, ондағы оқушылардың қолымен жасалған дүниелерді көреді.
Спорттық жарыс ұйымдастырылып, марапаттау сыйлықгары 
тапсырылады.
Ата-аналар окушылармен көркемсуретті фильМдер көреді.
212


Мектепте ата-аналарға арналып өткізілетін конференция тақы- 
рыптары эр түрлі болуы мүмкін.
Сынып ата-аналарының жинапыстары -
ата-аналармен жүргі- 
зілетін дәстүрлі жұмыстың бір түрі. Жиналыс накгы мәселені шешуге 
бағытталуы тиіс. Мысалы, «Бала алдындағы киындыктарды жою не- 
месе оны шешу баланы тәрбиелеуге көмектесе ме? Қарапатын мәселе 
ата-аналардың қызығушылығын арттырып, оларға ой тастауы керек.
Жеке ата-аналармен жұмыс жүргізу:
отбасымен танысу, олар- 
ға педагогикалык тапсырмалар беру. Ата-аналарға бала тәрбиесіне 
байланысты педагогикалык консультация жүргізу. Консультация ба- 
рысында мынаны ескеру керек: ата-аналардын бала тәрбиесіне ынталы 
болуын колдау, отбасына педагогикалық көмек көрсетуге даяр болу, 
нақты сүрақтарға ұсыныстар беру.
Сынып жетекшісі ата-аналардың педагогикалык эдептілікті мек- 
теп окушыларының бойына сіңіруде педагогикалық оқуды дұрыс және 
ғылыми түрде жүйелі үйымдастырудың маңызы зор. Осымен байла- 
нысты жоғары сынып оқушыларына ата-апалык міндет пен кұкықты 
арнайы курс ретінде оқыту арқылы олардың педагогикалық сауатты- 
лығын арттыруға, сөйтіп оқушылардың бойына мейірімділік, кайы- 
рымдылық, ізеттілік, келешек ата-аналық жауапкершілік сезімдерін 
күн ілгері ұялатуға тура келеді.
Сынып жетекшісі отбасымен педагогикалық жэне психология- 
лык тұрғыдан байланыс орнатуы тиіс.
Біргнші ереже.
Мектеп пен сынып жетекшісінің ата-анамен 
байланыс орнатудағы басты кадамы ата-ананың беделін көтеретін іс- 
шараларды белгілеу. Ешкашан сынып жетекшісі ата-анаға сын ескерт- 
пе жасап, өзін онан жоғары ұстауына жол бермеуі керек. Сынып 
жетекшісі мен ата-ана арасындағы түсіністік байланыс қана біріне-бі- 
рінің арасындағы сенімін, кұрметін арттырып, өзара тэжірибе алмасуға 
мүмкіндік береді. Ең бастысы сынып жетекшісі мен ата-ананың 
түсіністік карым-катынасы окушыны жауапкершілікке, койылған 
талапты орындауға, азаматтық борышын өтеуге дайындайды.
Екінші ереже.
Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндігіне сенім арту, 
педагогикалык мэдениетін көтеруге жэне тәрбие ісіне белсенді арала- 
суына қолдау көрсету. Ата-ана психологиялық тұрғыдан бала тәрбие- 
леу талаптарына үнемі дайын болуын есте ұстауы қажет.
Үшінші ереже.
Отбасының ішкі өміріне араласпау. Сынып же- 
текшісі ресми адам болғандықтан, отбасының ішкі дүниесінен хабар- 
дар болуы мүмкін. Кәсіби білікті сынып жетекшісі үнемі от басында 
пайда болған мәселені шешуге көмекке келуі тиіс. Оның мейірімділігі 
мен жақсылығы жүректен шығуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет