Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет72/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

Темперамент
деп жеке адамның қылығы мен түрлі әрекет- 
терінен көрінетін дара өзгешелігін атайды. Психология ғылымында 
темпераментті төрт типке бөліп сипатгайды:
Холерик - эмоциялык қызуы шапшан, күшті болады. Бірақ сезім 
жүйелері ауытқып тез көтерілетін шыдамсыз, өкпелегіш жэне ашу- 
ланғыш болып келеді.
Сангвиник - эмоциялық қызуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақ- 
танбайды, ол қызулы, жеңілтек келеді, бір немесе бірнеше іске бірдей 
кіріседі, іс үстінде тез суып, бастаған істі аяқсыз калдырады. Уәдені 
көп беріп, кейде оны орындаудан бас тартады.
Меланхолик - эмоциялық қызуы шабан, тұрақты. Ол момакан, 
тұйық, жасканшақ, мінезі баяу, көңілі жабыркау, кейде үрейленіп 
жүреді. Өзін ұжымнан оқшау ұстайды, іске бірден кіріспейді, бастап 
кетсе аяктап шығады.
Флегматик - эмоциялык қозуы әлсіз. Ол байсалды, сылбыр 
мінезді, орнықты, кісімен араласпайды, тыныштықты сүйеді, іске баяу 
кіріседі, бірақ тиянакты орындайды.
Бапа денесінің өсіп-жетілуінің негізгі көрсеткіштері: бойының 
өсуі, салмагының артуы, бұлшык етінің шыныгуы, ұлғаюы. Өсіп, 
дамып келе жаткан организмде болатын барлық өзгерістерді нерв 
жүйесі мен секреция бездерінің қызметі реттеп отырады. Олардың 
ішіндегі ең маңыздысы - орталық нерв жүйесі. Өйткені, адамның 
психикалық эрекеттері осы орталык нерв жүйесіне байланысты 
болады.
4.5. 
Балалардың 
психофизиологиялық 
әркелкі 
дамуы.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңда мемлекеттік саясат 
негізінде ец алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық 
дамуы жеке адамнын дарындылыгын таныту»,- деп атап көрсеткендей 
дарындылык тұлганың акыл-ойы, танымы, сана, окуы, шығармашы- 
лык, тұлғаралық қатынаста жэне психомоторлык қызметтерінде 
көрініс береді.
Акселерация
биологиялык фактор, әлеуметтік жағдайлардың 
жақсаруы, урбанизация (қалалардың өркендеп өсуі) факторы, елдің 
миграциялық өсуі, транспортпен байланысты қатынастың дамуы, ра- 
диотолқындардың жэне географиялық климаттык жағдайлардың өзге- 
руі сияқты мэселелерді камтиды. Сондыктан, білім беру мен тэрбие 
жұмысынын мазмұны, әдісі, жұмыс факторлары акселерация құбылы- 
сының ерекшеліктеріне сай кұрылуы керек (мысалы, баланы алты 
112


жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене жэне психикалық дамуында ай- 
кындалган күрделі өзгерістердің бірі - организмнің жедел дамуы. Бұл 
қүбылыстарды акселерация (лат.- жедел) деп атайды. Акселерацияға 
тэн ерекшелік: баланың бойының, салмағының, бұлшық етінің жедел 
түрде өсіп жетілуі.
Тэрбие - бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықган 
тэрбие - баланы қалыптастырудағы негізгі күш.
Дарынды адамдарга тэн қасиеттер: зейінділік, жинакылық, тұ- 
рақтылық, эрқашан қызметке дайын болу; мақсатка жетуде акылга сай 
табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен 
сапыстырғанда интеллекттік деңгейі жогары. «Дарындылык» — бүл 
адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек- 
тесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Дарындылық пен қабілет- 
тілің түсініктері бір - біріне өте жақын үғымдар. «Қабілеттілік, - деп 
атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу 
мүмкіндігі». Қабілеттілік түлғаның іс - әрекеттің бір сапасына, нақты 
бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бүл түлғаның 
бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс - әрекетінен, тәрбиелік қа- 
рым-катынасынан, зеректік, тапқырлық, байқагыштық қасиеттерінен 
еркін көруге болады. Қабілетсіз түлға болмайды. Қабілеттің өзі жалпы 
жэне жэне арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара 
түлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө- 
рініс береді. Ал, арнайы қабілет эсіресе өнер адамдарында, айтыскер 
ақындардың суырып салмалығы, композитор, энші, суретші т.б. атауға 
болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша ка- 
білеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр- 
сетуі. М.Горький «адамдағы дарындылык қасиеттің туа бітетіні, жүре 
пайда болатыны да болады. Туа бітетіні түқым қуапаушылык. Бүл 
биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарын- 
дылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді.
В. 
Крутецскийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер де- 
ген ұғымды жеке психикалық касиеттер деп түсінсек, онда дарын- 
дылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтыгының бірлігі 
деуге болады»,- деп түжырымынан дарындылық қабілеттіктің жиын- 
тығы екенін, іс-эрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам 
қабілетінің дамуының жоғары деңгейі дара ерекшелік деп бағалауға 
болады.
Талант (гр. Іаіапіоп — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен 
ауыспалы мағынада — қабілетгер денгейі) — қабілеттердің ең 
алдымен, арнайы қабілеттердің дамуынын биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық эркелкі дамуы олардың тем- 
пераментіне, қабілетіне, дарындылығына, талантына т.б. тікелей 
байланысты болады.
113




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет