Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет90/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

2.5. 
Педагогикалың тарихындагы тғрбие мақсаты туралы
ойлар.
Қазақстан Тэуелсіздікке қол жеткізген аз уакыт ішінде элемдік
145


қоғамдастыққа толық кұкылы жэне беделді мүше болды, элемдік эко- 
номикалық жэне мәдени кеңістікке белсенді түрде кіріге бастады, жас- 
тардың жаһандану процесіне кірігуі аясында қарқынды білім беру, ак- 
паратгық жэне мәдени өзара алмасуға белсенді қатыса алатынын көр- 
сетуі де XXI гасыр жастарының табыстылығы мен кұзыреттілігінін 
нэтижесі деп бағалауға болады.
Тэрбие үдерісін ұйымдастырудың эдіснамалық негіздерін ай- 
қындауда кай ғасыр, қай дэуір болсын тұжырымдамада камтылған ұс- 
танымдарды басшылыққа алғанын байқамыз: тұлгалық-бағдарлы көз- 
қарас, кұндылықгы (акснологиялық) көзқарас, құзыреттілік көзқарас, 
әлеуметтік көзқарас, антропологиялық көзкарас, гуманистік багыт мэ- 
дени сэйкестілік, табиғи сәйкестілік, этникалық т.б..
Тұлганың рухани кұндылыктарын қалыптастырудың тарихи ал- 
ғы шарттарын айқындағанда казак елі тэрбие мәселесіне аса мэн бер- 
генін көреміз. Сақ, гұн дэуірінен, Түркі қағанаты, Алтын орда тұсынан 
бастау алған тәрбие өз өзектілігін жойган жоқ.
ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Орта Азия, Қазақстан елдерінде ұлттық мэдениет, 
тэрбиенің бастаулары Әбу Насыр эл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, 
“Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” 
т.б., Жүсіп Баласағұнидің “Құдатғу білік” (“Құтты білік”), Махмұт 
Қашкари (XI ғ.) “Диуани лұғат ат-түрк” (“Түркі сөздерінің жинағы”), 
Ахмет Йугінеки (XII ғ.). “Ақиқат сыйы” атты дастаны, Ибн Синаның 
“Медицина ғылымының заңдары” (“Каноны”), “Саулық сақтау кіта- 
бы”, Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали 
Жалаиридің “Жаримат-ат тауарығы” т.б. ғұламалардың еңбектерінде 
негізгі орын алады.
Ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроиом, линг- 
вист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі Әбу Насыр эл-Фараби 
(870-950) Отырарда туып, білім апып, кейін Бұқара, Мерве, Хоране, 
Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқгы мұсылмандык 
шыгыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, 
латын, санскрит жэне т.б. тілдерін жетік меңгереді. әл-Фараби “Бақыт- 
қа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, 
“Азаматгық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не 
екендігін, оған жетудің жолдарын, өмірде ізгілік пен зұлымдықты 
ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұпымдықтан арылу қарастырады. 
Бақыт - кайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен 
тэн қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қа- 
білеті»,- дегенді айтады.
Түркістан өлкесінде дүниеге келген түрік элемінің ойшылы 
Қожа Ахмет Иасауи (1094-1167) болды. Онын “Дүнияуи Хикмет” атты 
дастанында дүниені танып білу - өзіңді-өзіңнің тану, бағалау, жетіл- 
діру дегенді білдіреді. Ақиқатқа жету, шынайы өмір. Адам өзін-өзі та- 
ну бұл өзіндік жетілу. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа,
146


жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік 
пен махаббат идеясын үсынады. “Өзін білгені - хақты (жаратушыны) 
білгені, қүдайдан қорқып ынсапқа келгені”.
Қазак хандығы жаңа мемлекет болып калыптасу барысында 
(1470-1731 жж.) тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр 
қасіреттерді, жойқын согыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен 
жойылып кете де жаздады. Жәнібек, Керей, Қасым, Есім, Хакназар, 
Тәуке, Абылай хандардың дипломатиялык ел билеу саясаттары мен 
жарғылары ерекшеленіп көзге түсті. Хандар халықтың бірлігі үшін ел 
ішіндегі сөзі куэлі, аузы дуалы билер мен ақын-жырауларды хан 
сарайы маңына топтастырды. Олар хандардың ел билеу саясатын кара 
халыкка түсіндіріп бакты.
Акын-жыраулар мен билер хан касында отырып, оларға ақылшы 
бола білді. Өздерінің өлең-жыр, толғауларымен халықгы хан айнала- 
сына топтастырып, ел мүддесін қорғауға, береке-бірлікке үйыткы бол- 
ды. Яғни олар ханға да, қара хапыққа да тәлімгер тэрбиеші, акылгөй 
үстаздык рөлді аткарып келді. Солардың ішінде эр ғасырдың көрнекті 
өкілдері: Майкы, Асан кайғы, Қазтуған, Мүхаммед Хайдар Дулати, 
Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тілеуқабылүлы, Әнет баба, Төле би, 
Қазыбек би, Әйтеке би, Жиембет, Актамберді, Доспамбет, Үмбетей, 
Бүқар т.б. жыраулар мүралары негізгі орын алады. Хандык дәуірдегі 
мәдени мүраның аса мол жэне бай түрі билердің шешендік сөздері мен 
акын-жыраулардын терме, толғаулары өзі сүрген гасырда да, казіргі 
таңда да тәриелік маңызы өте жоғары.
XVII ғасырдағы тэлімдік мэні зор жазба мәдени мүраның бірі -
“Жеті жарғы” атты заңдар жинағы. “Жеті жарғы” .- Тәуке ханның 
(1678-1718) түсында қабылданған қазак халқының дәстүрлі әдет-гұ- 
рып заңдарының жинағы қазак хадқының өмірлік мэселелерін барлық 
жағынан қамтыды. “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ес- 
кі жолымен” байланысты туындаған билік заңдарын түздіріп, оларды 
одан эрі жетілдіруге арналған жаңа заңдар жүйесін болып табылады.
Ал қазак халкының тарихы, рухани - мәдени қүндылықтарының 
даму тарихы В.В Бартольд, Г.Н Потанин, В.В Радлов, Ә.Диваев, Абай, 
Ы.Алтынсарин, 
Ш.Уәлиханов, 
М.Жүмабаев, 
А.Байтүрсынов,
Ж.Аймауытов, 
Н.Құлжанова, 
Ш.Алжанов, 
С.Қожахметов,
Х.Досмухамедов, С.Торайғыров, Н.Төрекұлов т.б. еңбектерінде ақиқат 
тұргысынан ғылыми негізделеді.
Ы.Алтынсариннің казак мектебінің негізін сапуда орны ерекше. 
Мектептерге оқу қүралдарын жазумен катар, тұлғаның рухани кұн- 
дылыктарын калыптастыруда “Мұсылмандық тұткасы” (“Шараит-ул- 
ислам”) кітабын жазды. Бүл кітаптың жазылуының негізгі себебі, 
ислам дінінің аяттарындағы адамгершілік, иманжүзділік, қайырымды- 
лық қағидаларын өзінің педагогикалық көзкарастарына негіздей оты- 
рып түсіндіруді көздеді.
147


Тұлғанын рухани кұндылыкгарын капыптастырудың тарихи 
алғы шарттары Абай Құнанбаевтың еңбектерінде жатыр. ¥лы акын- 
иың негізгі миссиясы «Толық адамды» қалыптастыру. Отыз төртінші 
қарасөзінде “адамнын туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері 
бәрі бірдей... Адам баласы анадан туғанда екі тұрлі мінезбен туады. 
Бірі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар тәннің кұмарлығы. 
Екіншісі - білсем екен деу - жан құмарлығы”... (жетінші, қырық үшін- 
ші сөз) деп ой түйіндей келе, “адам бойына жан қүмарлығы арқылы 
жиналатын нәрсенің аты ақыл, ғылым... ол талаптылыкпен ерінбей ен- 
бек еткен адамның қолына түседі...”, - тэрбиенің негізгі қағидаттарын 
береді.
“Ақыл - ардың сақтаушысы” дей отырып, адамгершілік тәрбие- 
нін негізгі бағыттарын көрсетеді. Үшін күресуді дэріптеген үлы 
ағартушы -
Ынсап, үят ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек кылмас ешкім қалап...
Терең ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, - деп кейбір жастардың іс- 
әрекетіне кейістік білдіреді, ар тазалыгын дәріптейді.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
Бес асыл іс көнсеңіз, - деп, ел камын ойлаган жастардың 
бойында қандай қасиеттердің болуы керектігін тізбектейді.
Шэкэрім Құдайбердіүлының «Үш анық» атты философиялық 
еңбегінде негізгі қағида адам алдындағы ар пәлсапасы. Тұлғаның 
бойындағы ынсап, әділет, мейірім - үждан деген адамның бойындағы 
негізгі қүндылықтың қалыптасатынын зерделейді. «Адам ақиқатты бас 
көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тірші- 
лік бар. Екі өмірге де керекті іс - үждан», - деп атап көрсетеді.
XX 
ғасырдың басында үлт зиялылары 
А.Байтұрсынов, 
М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Шоқай т.б. ұлттык білім 
мен тәрбие жүйесінің, зиялы қауымның негізін қалады. Зиялы кауым 
өкілдірінің негізгі миссиясы - бақытты зиялы ұптгы қалыптастыру еді.
М.Жұмабаев ұлттың бақытты болу үшін неге көңіл аудару керек 
екенін нақты көрсете білген ғалым. Ғапымның айтуынша «¥лт бақыты
- тэрбиеден мақсұт адамды һэм сол адамның, ұлтын асса, барлык 
адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі - эрбір адам бақытты 
болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі - эрбір ұлт бакытты 
болса, адамзат дүниесі бақытты”, - қоғам мүшелерінің бақытты болуы 
ұлт бакытының негізі екеніне токтапады.
М.Шоқай өзінің «Ұлттық зиялы» аталатын мақаласында зиялы 
деген үғымға «Ұлттық зиялы деп кімдерді атаймыз», - деп сұрак коя 
отырып, «ұлтгық зиялылыр катарына тек өз халқының саяси, экономи- 
калык жэне әлеуметтік дамуына қаптықсыз қызмет ете алатын адамдар 
148


ғана кіре алады», - деп ұлт зиялысынын өмірі ел мүддесімен өзара 
үйлесімді болғанын көрсетед.
Ж.Аймауытов жазушылығымен қоса казақ топырағында түңғыш 
педагогика, психология, көркемөнер ғылымдары саласында калам тар- 
тып, кұнды-кұнды ғылыми-зерттеу еңбектерін жазуымен, бірнеше 
оқулыктар мен оқу қүралдарының авторы болуымен дараланған ірі
Ж.Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындагы бағыт-бағдарын 
1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан эдеби жэне ғылы- 
ми-коғамдық “Абай” атгы журнапдың бас макаласынан аңғартады. 
Онда Аймауытов: “...қазақ сахарасында мыңмен жалгыз алысып, жапа 
шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген максаты халқын өнер-білім- 
ге, окуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді” -
деп жазады. Ол Абай ұстанған ағартушылық жолды тыныс-тіршілігін 
негізгі аркауы етіп алды.
Абай журналының 1918 жылғы 1,2 сандарында Аймауытовтың 
“Тәрбие” атты көлемді мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылы- 
ми тұрғыдан терең баяндалған.
Ж.Аймауытов “адам мінезінін, акыл-қайратының эртүрлі болуы 
тэрбиенін түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлык істеуі, 
өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылыктарды жасауы, 
тэрбиенің жетіспегендігінен” дейді. Ол тэрбиенің екі түрлі болатынын: 
дене тәрбиесі жэне жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін атап 
көрсетеді.
Аймауытов балаға эсер ететін нэрсе медресе (мектеп) жэне 
тәрбиеші (мұғапім) деп санайды.
Автор ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше 
тоқталады. “Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт жас 
күнде көрген өнеге. Ол өнеге эке-шешенін тэрбиесі аркылы калыптаса- 
ды. Ата-ананың берген тэрбиесі баланың мінезіне салған ізге байла- 
нысты. “Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деп атамыз казақ тауып 
айтқан. Балаға кайырымдылыкты, каталдықты, кішіпейілділікті, күйге- 
лектікті, шыншылдыкты, өтірікшілікті беретін кім? Ол, эрине, ата- 
ананын тәрбиесі. Баланың бойына басынан сіңірген мінезді қайта 
түзету киындык келтіреді. “Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді” деген 
сөз ата-ана тэрбиесінің күштілігін көрсетеді...” - деп автор бала мі- 
незін калыптастырудағы жанұя мүшелерінің, эсіресе эке-шешенін ык- 
палын айқын ашып берді. Ол отбасында теріс тәрбиеленген баланы 
кайта тәрбиелеудің үлкен қиындык келтіретінін айтады.
Ж.Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзык мінезді бапаның шы- 
ғуы немесе тэрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланын 
өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортанын, замандас, 
жолдас-жора, кұрбы-кұрдастың ыкпалынан, соларға еліктеуден бола- 
тынын дәлелдейді.
149


Тәлімгер-ғапым бала тэрбиесіне туған елдің әдет-гұрпы мен 
салт-санасының да белгілі мвлшерде эсер ететінін гылыми тұрғыдан 
дәлелдей тұскен. Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы 
өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан 
кемдік, жокшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы жасканшақ, 
бұйығы болады деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигі- 
зетін ықпалына тоқталады.
Ж.Аймауытов “Тэрбиенің негізгі мақсаты - мінезді тұзеу, адам- 
шылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу” деген қағиданы 
қуатгай келіп, “Баланы тәрбиелеу үшін эрбір тәрбиешінің өзі тэрбиелі 
болуы керек. Себебі, айтып ұктырғаннан гөрі, бала көргеніне көп елік- 
тегіш болып келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, 
іспен көрсету керек” - дейді.
Ж.Аймауытовтың педагогика ғылымы саласындағы жүйелі ой- 
пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылган “Тәрбиеші жетекші” 
атты еңбегінен жақсы байкалады. Бұл еңбекте Аймауытов “Баланы 
оқытудың белгілі ереже зандарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйе- 
сін тауып, біпімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негіз- 
гі бөлімі - дидактикаға ғылыми аныктама берген. Оның пікірінше, мұ- 
ғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін 
тірі адам болғандыктан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға 
болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңа- 
дан жаңаны табатын өнер... Дидактика мүғалімге жалпы жол-жоба 
көрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана 
нұскайды” - деп оқыту, білім беру эдісінің қатып-семіп қалған догма 
емес, үнемі ізденуден туатын іс-әрекет екенін дұрыс атап өтеді.
Психология саласында да өндіре еңбек етіп, артына көп мұра 
қалдырып кетті. Оның екі кітабы: “Психология” (376-бет, 1926 ж.), 
“Жан жүйесі жэне өнер тандау” (80-бет, 1926 ж.) осы ғылым саласы- 
нан жазылған түңғыш төл туындылар. Ж.Аймауытов “Тәрбиеге жетек- 
ші” (1924), “Комплексті оқыту жолдары” (1929), “Жаңа ауыл” (1930) 
дейтін еңбектерінде де психологиялық мэселелерге ерекше мэн берген.
Тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың тарихи 
алғы шарттарын айқындауда ғұлама галымдардың артына калдырған 
тэлімдік мұралары бүгінгі жастардың бойындағы рухани - адамгер- 
шілік құндылыктарды, білімді, білікті, тұлғаның бойындағы қүнды қа- 
сиетгерді қалыптастыруға мүмкіндігінің мол.
Қазақстанда педагогика ғылымының дамуына Ә.Сыдықов, 
Т.Тәжібаев, И.Сембаев, Қ.Бержанов, С.Мусин, 
И.Б., Мадин, 
Қ.Б.Сейталиев т.б. еңбектерін ерекше атауымыз керек.
Еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстанда білім берудің үлт- 
тық моделі қалыптасуда. Онда білім мен тэрбие берудің ұлттық дәстү- 
рін әлемдік білім кеңістігінде орын алып отырған өзгерістермен өзара 
байланыстыруға айрыкша көңіл бөлінуде.
150


XXI 
гасыр ғасырлар тогысында тұлғаньщ рухани кұндылык- 
тарын қалыптастырудың тарихи алғы шарттарын дамытуда казақ ға- 
лымдары игілікті шаралар атқарды. Белгілі ғалымдар С.Қалиев пен 
Қ.Жарықбаев түркі әлемінің ХІҮ ғасырлық тэлім - тәрбие мүрасын 
жинақтаған «Қазақ тэлім-тэрбие антологиясы” жарыққа шығуы үлттық 
мүрамызды жинақтап, бүгінгі үрпак тэрбиесіне күнды мұра етіп қал- 
дырып отырғаны белгілі.
С.Қалиевтің «ХУ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы 
педагогикалык ойлар», «Қазактың салт-дэстүрлері және демократ ағар- 
тушылар», «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен 
тарихы», «Қазақ тэлім-тэрбиесі”, «Этнопедагогика» т.б. еңбектері 
бүгінгі егемен еліміздің өркендеуіне қоскан іргелі үлес. Өзіне дейінгі 
тарихи мүраларды қайта жаңғырта отырып, ұлтгык, әлемдік білім мен 
тэрбие үдерісіне коскан педагогикалык тарихи, ғылыми еңбек деп 
бағалауға болады.
Халықтык педагогиканың ғылыми-теориялық негізін салушы 
ТМД 
кеңістігінің 
ғалымдары 
Т.С.Виноградов, 
А.Ш.Гашимов, 
А.Э.Измаилов, Г.Н.Волков, И.С.Кон т.б. халык педагоггикасы - ха- 
лықтың бала тәрбиелеу тэжірибесіне байланысты жинақтаған әдіс- 
тэсілдері, білім мен дағдылардың салт-дәстүрлердің жиынтығы деп 
қарастырады.
Халықтық педагогикасы бойынша зерттеу жүмысын жүргізген 
Қазақстандык ғалымдар Қ.Б.Жарыкбаев, С.Қ.Қалиев, Ж.Наурызбай,
С.А.Ұзақбаева, 
Қ.Бөлеев, 
К.Қожахметова, 
Ш.Майғаранова, 
Р.Қ.Дүйсенбінова, Ш.Джанзақова т.б. казак халкының тэлім-тэрбиелік 
мүрасына ғылыми талдау жасап жэне оларды тарих, этнография, 
фольклористика зерттеулерімен салыстыра келе үлттық мүра, ха- 
лықтык педагогика мен этнопедагогика үғымдарына түсінік береді.
Халықтық педагогика негізінде білім мен тәрбие беруді акаде- 
мик А.Э.Измаилов былай дейді: «... барлық анықтамаларда авторлар, 
халықгық педагогиканың обьектісі мен нысанасы тәрбие процесі деп 
есептейді. Дегенмен, халықтық педагогикада окыту процесініңде ала- 
тын орнының маңызы бадан да кем емес. ...Демек, халыктық педагоги- 
касының анықтамасын екі жакты бір түтас процесс ретінде бірмезгілде 
тэрбиелейді және оқытуда өз көрінісін табуға тиіс».
Этнопедагогиканы ғылым ретінде зерттеген алғашқылардың бі- 
рі - Г.Волков. Өзінің «Этнопедагогика» атты енбегінде халықтық пе- 
дагогикаға гылыми талдаулар жасай келе, чуваш халыктарынын этно- 
мәдени мүраларына жан-жақты сипаттама береді.
Кеңестік дәуірде, үлттык дэстүрлерді зерттеуге жол бермеген 
кездерде, қазақ халқының үлттық дэстүрлерін ғылыми негіздеген 
А.Мүхамбаева болып табылады.
Жоғарыдағы галымдардың зерттеулерін зерделей келе, ұрпақ- 
тан-үрпакка жалғасқан айтыс өнері, суырып салмалық шешендік өнер, 
151


мақалдар мен мэтелдерде халықтык тэрбиенің кайнар көздері, рухани 
мұрасы болып табылады.
Жеткіншек ұрпакты халықтык педагогика негізінде тэрбиелеу 
мэселері С.Ұзакбаеваның еңбегінде де көрсетілген. Ғалым халыктык 
педагогика идеяларын, ұгымдарын, эдіс-тэсілдерін, тэрбие кұралдарын 
жан-жакты зерттеп, он эстетикалык тэрбие беру бағытында пайдалану 
жолдарын ашып береді. «Халыктык педагогика, - дейді автор, - тәрбие 
мен окыту саласындағы халык бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, 
дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпактан-ұрпаққа ха- 
лык шығармашылығы аркьшы (поэтикалық, музыкалық, сәнді-колдан- 
бапы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дэстұрлер қалыптас- 
кан халықтык педагогиканың максаты - жас ұрпакты ата-бабалар тэжі- 
рибесінің ең жаксы мұраттарына тэрбиелеу». Ғалымның ғьшыми-зерт- 
теу еңбегінің ерекшелігі - халықтык педагогика негізінде эстетикалык 
тәлім-тәрбиеберудегі ауыз эдебиеті үлгілерін /шешендік өнер, айтыс 
т.б./ пайдалану мүмкіндіктерін көрсете білген.
М.Оразаев пен М.Смаилованың “Қазақгың салт-дэстүрлері” 
атты 8-9 сыныптарға арналған факультативтік курс бағдарламасынын 
максаты окушылардың жас шамасын ескере отырып, халкымыздың 
ұлттык ерекшеліктерін, сапт-дэстүрін окушылардың санасына сіңіруді 
көздеген.
Бүгінгі танда, халыктық педагогика негізінде жастарды тэрбие- 
леу мүмкіндіктеріне жолашылуымен катар, этнопедагогика ғылымына 
тэн өзіндік анықгамаларды, негізгі қағидаларды ғылыми тұрғыда тия- 
нактауда, этнопедагогика мен халықгық педагогика байланысын анык- 
тауда және оның кағидаларын оку-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану 
мүмкіндіктері мол.
Қазакстан Республикасы Білім заңы, Мемлекеттік білім бағ- 
дарламасы, орта мектептегі білім жэне тэрбие беру тұжырымдамалары 
негізінде мектептегі білім жэне тәрбие беру мэселелері қайта қаралып, 
осының нэтижесінде ұлттық негіздегі жаңа бағдарламапар, окулыктар, 
оку-эдістемелік нұскаулар жазылды.
Алғаш рет 1995 жылы Қазақстан Республикасы Білім жэне 
ғылым министрлігінің «Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында» отбасы, 
мектепке дейінгі, мектептегі тэрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұ- 
жырымдамада жас ұрпакка имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіш- 
тік, Отансүйгіштік, ерлік, эстетикалык тэлім-тэрбие беру мәселелері 
жан-жакты қамтылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет