Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет105/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

4.9. 
Оқушының өмірлік өзін - оіі анықтауы. Тулганы злеу-
метпгік белсенділігі.
Қогамдағы күрделі өзгерістер мектеп қабырға- 
сынан шығатын оқушылардың түлғалық сипатына мынадай талаптар
181


кояды: өз денсаулыгын сақтап нығайтуда салауатты өмір салтын өмір- 
лік ұстанымнын кұрамдас бөлігі ретінде тануы тиіс; өз құқыгын қоргай 
білуі, түрлі өмірлік қиындықтарды жеңе білуі кажет; өмір сүру қағи- 
дасы мен оның үстанымдарын білуі шарт; өмірінің мәнін, өзінің өмір- 
лік үстанымын, өзініц өмірмен байланысын аныктуы кажет; әр адам- 
ныц қоғам алдындағы жауапкершілігі, өз сезімінін басқалардың өмірі- 
не ықпалын түсініп, белгілі қоғамдық тәжірибені игеруі тиіс. Қорыта 
келе, окушы жастар элеуметтік қатынастардыц мэдениетін меңгеріп, 
оны өмір талабына сәйкес жетілдіріп отыруы, өз өмірін күруға дайын 
болуға бағытгалады.
«Әлеумет» термині («элеуметтік») (лат. зосіаііз - қоғамдык) 
қоғамдық өмірмен байланысты жэне адамдар арасындағы карым-ка- 
тынастарды білдіреді. 
Әлеумет
- адамды қалыптастыратын орта; адам- 
ның айналасындағы түрлі топтар мен бірлестіктер, ұйымдар мен ме- 
кемелер, қозғалыстар; адамның өмір бойы онымен тығыз байланысты 
ортасы; кеңістік - заттық, мэдени, рухани - өз белсенділігін жүзеге 
асырады. 
Әлеуметтендіру
- адамның өмір бойы айналадағы ортамен 
әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени кұндылык- 
тарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы жэне мүмкіндіктерін өзбетін- 
ше қоғамда жүзеге асыруы.
Әлеуметтік тәрбие
-
әлеуметтендірудің негізі.
Әлеуметтік 
тэрбие өз мэнінде максатты бағытталған тэрбие іс-эрекеті, яғни адам 
өмірімен байланысты қоғамдық тэрбие. Оны коғам (мемлекет), элеу- 
меттік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, элеуметтік т.б. 
ұйымдар), адамның өзіндік элеуметгік факторлары тұрғысынан қарас- 
тыру қажет.
Бұл тақырыпта мынадай мәселелер әлеуметтік тэрбие мемлекет 
(қоғам) түрғысынан; элеуметтік институтгар жэне оның субьектісі ре- 
тіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тэрбиесі қарастырылады:
1) Әлеуметтік тэрбиенің мағынасы - баланы жасанды ортаға 
емес, шынайы өмірге, ең алдымен, бірінші орында оның әлеуметтік 
күш-қуатын жэне жан дүниелік элеуетін қогамдық өмірге дайындау. 
Мемлекет (қоғам) түрғысынан элеуметгік тэрбие азамат қалыптасты- 
руға бағытталады.
2) Әр кезеңдерде философиялық жэне педагогикалық ағым- 
дар, жеке педагогтар мен философтар элеуметтік тэрбие идеясын алға 
мақсат етіп койган. Ол еңбектер элеуметтік педагогика теориясының 
негізіне апынып, тек XIX ғасырдың соңында ғана коғам оны кабылда- 
ды. XX ғасырдыц басында ол идеялар Ресейде әлеуметгік тэрбие тү- 
рінде дами бастады.
3) Әлеуметтік тэрбиенің мэні мен мазмұнын түсінудің екі жо- 
лын қарастыруға болады.
Әлеуметтік тәрбие (В.В.Зеньковский, Н.Н.Иорданский т.б.) ба- 
гытын қоғамдық-мемлекеттік деп атауға болады, өйткені оны жүзеге
182


асыратын мемлекет жэне мектеп. Олар коғамдык өмірді жэне мемле- 
кетті жетілдіру болып саналады. Өскелең ұрпактын тәрбие жүйесін 
жетілдіре отырып, оны коғамды озгерту кұралына айналдырады. Мә- 
дениетті жэне тэрбиелі ұрпак, өзі өмір сүріп отырған коғамды жағым- 
ды даму бағытына өзгертеді. Қазіргі жалпы білім беретін мектеп 
тэрбие институты ретінде мынапарды камтиды:
- білім беретін жэне тэрбиелейтін мекеме, тәрбиені оқыту қыз- 
меті арқылы жүзеге асырады;
- оку үдерісінен тыс уақытта педагогтардын окушылардың өмі- 
рін үйымдастыруы;
- элеуметтік-психологиялық топтардағы (жалпы мектеп жэне 
соның ішіндегі кішігірім топтар) педагог үйымдастырмаған окушылар- 
дын еркін қарым-қатынастары.
Мектептегі тэрбиені осылай бөліп көрсету арқылы оқушылар- 
дын өзара эрекеттесу белсенділіктері жүзеге асырылып, жеке тұлға- 
лык сапалары жетілдіріледі.
Мектеп ашык элеуметтік жүйе ретінде мынадай жүмыс түрле- 
рін үйымдастырады:
- мектептің отбасымен қатынасын кенейту;
- мектептің қосымша білім беру ұйымдары, мәдени жэне баска 
да әлеуметтік институттармен бірлескен іс-эрекеттерін үйымдастыру;
- педагогтардың ұйымдастыруымен оқушыларды қоғамдык ор- 
тамен байланыстыру, мысалы, мектеп түлектері, ардагерлер, мэдениет 
жэне спорт қызметкерлері;
- педагогикалык ұжымның көмегімен өзге балалар шығарма- 
шылык ұйымдарымен біріккен іс-шаралар ұйымдастыру;
- сабак пен сабақган тыс іс-шараларды мектептен тыс орындар- 
да жүргізу: шеберханалар, зертханапар, табиғат аясында.
Осындай бағытта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет