Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет151/183
Дата25.07.2023
өлшемі5,12 Mb.
#104790
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   183
Байланысты:
педагогика-таубаева

10.1. 
Қазіргі сабақтың теориясы. Сабақ
- нақты бағдарлама 
мен сабак кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық 
жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада бе- 
рілетін білім жэне тәрбие негіздерін қамтиды. Мүғалімнің жаңа са- 
бакгы жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық жэне кітаппен өзді- 
гінен жүмыс істеуі, оқушылардың жазу меи сызу жұмыстары, лабора- 
ториялық жұмыстар, тэжірибе көрсету жэне экскурсия жүргізу тапап 
етілді.
20-шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формапарын 
үйымдастыру басты бағыт болып саналды. 1919 жылы П.П. Блонский 
оқушылардың оқу жүмысын студиялық жүйе түрінде үйымдастыруды 
ұсынды. Мектепте оқытылатын тақырыптарды ол бірнеше циклге бөл- 
ді. Жұмыс сыныпта емес, кабинет-зертханаларда немесе «өмірдің 
өзінде» жүргізіледі. Мұғалім сабақта оқушыларға нұсқау беріп, қажет 
болса көмектесетін еді. Сабақ мұғалімнің мектеп жоспары мен бағдар- 
ламасы негізінде жасаған оқу жоспары мен багдарламасы бойынша 
жүргізіледі. Сынақ пен емтихан жүргізілмейді. П.П. Блонскийдің сту- 
диялық жүйесініц мықгы жэне әлсіз түстары болды. Мыктылығы оқу- 
шынын өзбетінше белсенді жұмыс жүргізіп, сабақгы ұжыммен бірге 
игеруінде болды. Әлсіз тұстары - мұғалім рөлініц төмендігі жэне 
гылымныц негіздері жүйелі окытылмады. Сөз эдістеріне назар ауда- 
рылып, оның сабақга білім беруде маңызды құрал екені айтылды.
Зерттеушілік эдісті қолдану шекарасы туралы эр түрлі пікірлер 
болды. Мэселен В.В. Гурьянов, зерттеушілік эдістің шынайы қолда- 
ныс табатынын мектептегі өлкетану жүмысымен байланыстырды. Ал, 
М.Н. Скаткин зертгеушілік әдісті жаратылыстану, химия, қоғамтану 
пэндеріне кең ауқымда қолдануға болатынын көрсетті.
50-шы жылдардың екінші жартысында оқушылардың ақыл- 
ойын дамыту бағыты дамыды. Осы кезеңде окушылардың өзбетінше 
жүмысына жаңаша көзқарас дами бастады, ол кеңестік дидактикада 
60-шы жылдардың ортасында көрінді.
40-50-шы жылдары оқу-тэрбие үдерісіндегі сабактың орны 
анықталды: сабақ - мектептегі окытудың негізгі ұйымдастыру фор- 
масы. Сабақ мұғалімнің жұмысын нақгылардырады, оның басшылы- 
ғымен жүйелі білім, білік, дағды беріледі, уақыт үнемді пайдаланы- 
лады, оқушылар аз уақыт мөлшерінде білім, білік, дағдыны игереді. 
Сабақта түрлі әдістер қолданылып дүниеге ғылыми көзқарасты қа- 
лыптастыру, теория мен практикалық әрекетті байланыстыру мүмкін- 
дігін жүзеге асырады. Бүл қагида И.Т. Оғородников пен П.Н. 
Шимбирев, И.Н. Казанцев, М.А. Данилов, Б.П. Есипов пен Д.О. 
Лордкипанидзе еңбектерінде дамытылды.
261


Сабактын кұрылымына сабактың бөліктері мен оларға бөліне- 
тін уақыттагы оны жүргізу тэртібіне назар аударылды.
Дидактика сабактың нақты қүрылысын, сабақгың кұрылымдык 
бөліктерін, олардың бір-біріне тэуелділіктері мен байланыстарын та- 
лап етті. Ғылым мен практикаға 
«аралас сабақ»
термині енгізілді. Б.П. 
Есипов аралас сабактың кұрамын аныктады: өткен сабакты қай-талау; 
жаңа такырыпты түсіндіру; оқылатын қүбылыстың маңызды және нақ- 
ты фактыларын қарастыру; оқушының такырыпты қалай игергенін 
тексеру; оның білімін бекіту, білігі мен дағдысын дамыту. Сонымен, 
сабактың төрт элементтік жүйесі (үй тапсырмасын тексеру, жаңа ма- 
териапды өту, бекіту жэне үй тапсырмасы) бекітілді.
Осы элементтерге эмбебаптык сипат берудің жағымсыз тістары 
да болды - төрт элементтік жүйені сақгау, жиі нүсқашылдық пен 
формалистікке, бір типтілікке жол берді. Педагогикалық теория мен 
педагогикалық практика осы қалыптан шығудың жолдарын, яғни са- 
бақтың типтері мен классификациясын іздестірді. 1952 жылы С.В. 
Иванов «Сабақтардың типтері үлкен өзекті мэселе, сыныптық-сабақ 
формасының баска элементтермен өзара байланысының ара катына- 
сының зандылықтарын анықтау керек. Осы мәселенің дүрыс шешімін 
табу теория мен практика үшін маңызды»,- деп жазды. Ғылымға са- 
бақты классификациялаудың өлшемдерін анықтау кажеттігі пайда 
болды. Ондай өлшемдер ретінде дидактикалык мақсат пен міндеттер, 
сабақты оқыту эдістері, оқу материалдарының түрлері алынды. Сабақ- 
ты таным үдерісінің зандылықгарына, оқу үдерісінің логикасына, оқу- 
шылардың бүрынғы дайындығына негізделген классификация өлшем- 
дері қарастырылды.
Д.О. Лордкипанидзе сабакты гносеологиялық, психологиялық, 
эдістемелік және жалпы педагогикалық үстанымдар бойынша жікте- 
ді. Осылардың ішінен жалпы педагогикалық жэне жалпы дидактик- 
калық үстанымдарды негізгі деп санады. Осы кағида алғаш рет Б.П. 
Есиповтың еңбегінде, сонан кейініректе П.Н. Груздев, И.А. Каиров, 
И.Т. Огородников, М.А. Данилов еңбектерінде дамытылды. Осы ка- 
былданган классификация бойынша жаңа материалды түсіндіру, кай- 
талау жэне жаттыгу, білімдг тексеру жэне багалау сабактары жэне ара- 
лас сабақ деп жіктелді.
Сабақгың қүрылымын қайта қарастыру мәселесіне (50-шы 
жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың басындагы) липецкілік 
мүғалімдердің тэжірибесі түрткі болды, олар аралас сабақтың қүрамды 
бөліктері, жалғыз оқыту формасы дегеннен бас тартты. Липецкілік 
мүғалімдер оку үдерісінде окушылардың алға жылжуын үнемі бекітіп, 
бүрынғы апған білімдерін тереңдетуді іске асырды.
Сабақтың құрылымын жетілдіру мэселесі үжымдық жэне жеке 
жүмыс формаларын зерттеуді талап етті. Сыныпта фронтальдык жұ- 
мыстан басқа топтык жэне жеке жүмыс жүргізу кажеттігі белгілен-
262


ді. Педагогикалык әдебиеттерде сабақта топтық жұмыстар жүргізу мэ- 
селелері талкыланып, оның білім беру жэне тәрбиелік міндетгерді ше- 
шудегі тиімділігі аныкгалды (Х.И. Лийметс, Е.С. Рабунский, 
И.М.Чередов).
Дидакт галымдар сабактың тиімділігін анықтауды қолга алды.
Э.И. Моносзон «сабактың негізгі сапалык өлшемі түрлі тэсілдер мен 
әдістерді қолдану емес, оқушынын білімді, тәрбиелік деңгейді игеруі, 
қойылған мақсатқа жетуі»,- деп көрсетті.
Профессор Р.Г. Лемберг педагогиканың теориялык жэне прак- 
тикапық маңызы бар мәселелері туралы көптеген еңбектер жазды. Ол 
еңбектердің ішінде бастауыш білім беру мәселелері де қамтылган. 
«Бастауыш мектептегі сабақ», «Сабақ методикасынын мэселелері», 
«Дидактикалық очерктер», «Мектеп окушыларын жалпы дамыту жү- 
мыстары», «Сабақты кұру мэселелері», «Сабақта білім беру мен бі- 
лімді пысықтау», «Мектептегі оқыту эдістері» атты еңбектерінде са- 
бақтың тақырыбы мен мазмұнының ішкі бірлігі, жаңа материалдың 
сабақтагы рөлі мен маңызы, сабақта жаттыгулар жүргізудің жолдары, 
білімді есепке алу мен материалды пысықгаудың жаңа түрлері ұсы- 
нылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет