педагогиканың негізін калаушылардың бірі, неміс педагогы И.Ф.
Гербарт алғашқылардың бірі болып «тәрбиелейтін окыту үрдісі» деген
ұғымды гылыми айналымга енгізеді. Оның «Мен тәрбиені оқыту үрді-
сінсіз көз алдыма елестете апмаймын, және керісінше, тәрбиелік ық-
палы жоқ оқытуды да оқыту деп мойындамаймын» - деп айткан сөз-
дерінің астарында адамның әр іс-әрекетінің адамгершілік кағидала-
рына негізделу қажеттілігі өзектендіріледі.
Окушының жан-жақты дамыған гүлғасын қалыптастырудағы
тэрбие мен оқытудың ара қатынасының ерекшелігін зерттеуде Ресей
ғалымдары К.Д.Ушинскийдің, П.Ф. Каптеревтің, С.Т.Шацкийдің,
П.П.Блонскийдің, М.М. Рубинштейннің, А.С. Макаренконың үлестері
зор болды.
Белгілі педагог П.Ф.Каптерев («Педагогикалық үрдіс», 1905ж.)
педагогикалық үрдісті тұлғаны жетілдіру үрдісі ретінде сипаттай келе
оның шыгармашылық мәніне баса назар аударуды талап етеді. Осы
идеяға негізделе отырып, ғалым педагогты окушынын өзін-өзі дамыту
үрдісінде көмек көрсететін қызметшісі болуы керек деп тұжырым-
дайды. Осыдан педагогикалық үрдісте окушының өзіндік дамуына,
оның санасынын табиғи еркін жетілуіне кедергі келтірмей, қысым жа-
самай, тек дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп отыратындай ізгілік қатынас-
тың орнатылуының маңызы түсіндіреді.
1970
жылдардан
бастап
Ю.К.Бабанский, М.А.Данилов,
В.С.Ильин,
В.М.Коротова,
В.В.Краевский,
Б.Т.Лихачев
сынды
ғалымдар педагогикалық үрдістін тұтастыгын камтамасыз ететін білім
беру тетіктерін іздестіру, оның құрамдас бөліктерінін өзара үйлесімді
қызметтерін камтамасыз ету мәселесіне байланысты көптеген ғылыми
зерттеулер жүргізеді. 1980 ж. Ю.К.Бабанский жоғарғы оку орындарын-
да оқытылатын оқулықтар мазмұнына осы тұгас педагогикалық үрдіс
ұғымын енгізеді. Ал кеңес одағынан кейінгі кезенде осы мәселенің
зерттелуі В.А.Сластениннің педагогикалық мектебінде жалғасын таба-
ды.
Қазақстандық педагог Н.Д.Хмель тұгас педагогикапық үрдістің
зандарын, зандылыктарын, принциптерін жүйелей келе, осы үрдістің
кұрамдас компоненттерінін өзара байланыстылығын мұгалім мен
окушының қарым-қатынас жүйесі арқылы моделдейді.
Мұғалімдердің педагогикалық технологияны тиімді қолдана
алулары олардын
Достарыңызбен бөлісу: