М.Тәнікеев, Б.Төтенаев, Ж. Бөжиг т.б.
4.4.
Тярбиенің заңдылықтары.
Заңдылык ретінде біз тәрбие
ұрдісіндегі тұракты құбылысты карастырамыз, оны іске асыру кезінде
жеке тұлганың дамуында жэне калыптасуында әсерлі нәтижелерге қол
жетеді. Тэрбие процесініц бірнеше ерекшеліктері бар. Олар педагоги-
калық зандылық ретінде көрініс береді.
Заңдылык дегеніміз - коғамнын мақсаттары мен міндеттеріне
сай келетін, заң аясынан шықпайтын кұқықтық эрекеттер мен құ-
кыктың орындалуына саналы тұрде жету.
Тэрбиенің педагогикапык зандылығын объективтік, жеке адам-
ның еркіне бағыныссыз, тэрбие үдерісінде өзіндік түракгы қасиеті бар
көрініс деп білеміз.
Зандылыкты айқындау дегеніміз педагогикалык үдерісті (идеал-
дық) мүлтіксіз жоспарлау, сөйтіп тәрбиені бақылап, баскарудың ғылы-
ми жүйесін тэжірибеге енгізуге байланысты атқарылатын іс-әрекет.
Тэрбие жұмысының зандылықтарына баланың үнемі жетілуі,
даму жағдайында болуы; тәрбие мен дамудың бірлігі жэне өзара бай-
ланыстылығы; тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі жэне өзара
байланыстылығы т.б. жатады.
Тәрбие ісінің қогамның әлеуметшік-экономикалық қажетін
өтеуге сай келуі,
оның демократиялық принципті іске асыруы, адам
құқығын қорғау мәселелері мен тығыз байланыстылығы.
Осы замангы тарихи жағдайларға байланысты халықаралык
қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып та-
былатын жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамның негізгі құқыгы,
бостандығы ашылып көрсетілген ("Б¥Ұ адам кұқығының жалпыға
бірдей декларациясы", "Бала кұкықтарының Конвенциясы") құжаттар-
ды жасады. Олар осы замангы тэрбиенің теориясы мен методоло-
гиясымен, тэрбиенің мұраттарымен рухани қүндылықтарының үлгісін
жасауға жаңаша бағыт белгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: