Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет22/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   282
шағын жинақталған 
мектеп
– 
сынып-жинақтамалары 
аралас 
және 
оқу 
сабақтарын 
ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім 
беретін мектеп,“ деп атап көрсетілген. 
Шағын жинақталған мектептердің ерекшелігі мұғалімге бірнеше 
пәнді қатар жүргізуге, кейде мұның үстіне мектепті басқару міндеттерін де 
қоса атқаруға тура келеді. Шағын кешенді мектептербастауыш, негізгі және 
жоғары болып үшке бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25 ақпандағы 2000 жылғы № 300 
қаулысына сәйкес шағын кешенді мектепті ұйымдастыруда қамтылатын 
оқушы саны былайша белгіленген: 
1)
5 және одан да жоғары бала болса - бастауыш саты; 
2)
41- ден жоғары оқушы болса - бастауыш және негізгі саты; 
3)
81-ден жоғары оқушы болса - жалпы орта білім беретін оқу 
мекемесі. 
Шағын 
жиақталған 
мектептерде 
білім 
беру 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік жалпы орта білім стандарттарына, базистік 
оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. 
ХХІ ғасырдың басында Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін
әлемдік білім кеңістігіне қосу ұлттық экономикалық даму үдерісінің
негізінде іске асырылды. Қазақстан Республикасының жалпы орта білім 
беру жүйесін, 12 жылдық мектепті әлемдік білім кеңістігіне сәйкестендіре 
отырып көшіру негізгі реформалардың бірі болып отыр. 
Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесінің 12 жылдық мектеп
жүйесіне көшуі бүгінгі әлемдік білім кеңістігіне енудің бірден-бір жолы 
болып табылады. Әлемдік деңгейде білім беру жүйесіне зер салатын болсақ, 
білім беру жүйесі 12 және 13 жылдықтан тұрады. Мысалы, Ұлыбританияда 
12-13 жыл, Франция, Испания, Польша, Жапонияда –12 жылдық, Италия, 
Швеция, Германияда –13 жылдық білім беру жүйесі бойынша білім беріледі. 
Еуропалық кеңес қабылдаған декларацияда әлемдік орта білім беру 
жүйесі 12 жылдық білім беруді қамтамасыз етуді көздеп отыр. Егер кейбір 
елдерде орта білім беру 12 жылдан кем болса, онда білімді жоғары білім беру 
жүйесінде толықтыруды қажет етеді. Жалпы орта білім берудің құрылымы 
– бастауыш (1-4-сынып), негізгі (5-9-сынып), жоғары (10-11,12) сынып. 
Жалпы білім беретін 12 жылдық мектепте тұлғаның білім, білік және 
дағдыларын қалыптастырумен қатар, кәсіби бейімділікті қалыптастыру 
басты орын алады. 
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі интеграциялық 
үдерістердің мақсаттарыжоғары білім алуға мүмкіндік берудің алғы шарты 
ретінде 12-13 жылдық мектептегі оқыту жүйесіне көшу; оқу мерзімі 4 жыл 


20 
және мамандық сипаттамасы еңбек нарығы сұранысын қанағаттандыратын 
және әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын “бакалавр” дәрежесі бар 
жоғары білім беру; “магистр” және “доктор” дәрежелері бар білім беру
барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне EuropeanCredіtTransferSystem 
(ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау қызметтерін
қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап тұрғысынан 
мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйе арқылы білім беру. 
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша кредиттік 
оқытудың іргелі жүйелері бар. Олар: Еуропалық жүйе -ESTS, американдық 
жүйе-USCS, британдық жүйе-CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық 
мұхиты кеңістігіндегі жүйе -UCTS. Қазақстанда білім жүйесін негізінен 
Еуропалық кредиттік жүйеге /ESTS/ енудің алғашқы қадамдары іске асты. 
Еуропалық кредиттік жүйе бойынша Еуропадағы Ұлыбритания, Франция, 
Испания, Германия, Италия т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған
кредиттік 
оқыту 
жүйесі-білім 
беру 
жүйесінің 
Лиссабондық 
конвенцияның(1997ж. және Болон декларациясының(1999 ж.) Ережелерінің 
негізгі 
ұстанымдарын 
басшылыққа 
алып 
жасалынды. 
Қазақстан 
Республикасы алдына қойған негізгі мақсаты - кредиттік оқытудың 
Еуропалық жүйе (ESTS) негізінде білім беру.Әлемдегі 1200-ден аса 
университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі 
негізінде іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет