Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


коммуникативтік құзіреттілік



Pdf көрінісі
бет244/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   282
коммуникативтік құзіреттілік
деп аталады. 
Өзін өзі тексеруге араналған сұрақтар: 
 
1.
Оқыту сапасын диагностикалауға талдау жасаңыз.
2.
Бақылаудың түрлері, оқу жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау 
жүйесін ашып көрсетіңіз.
3.
Тесттік және рейтингтік бақылау, тесттердің типтеріне тоқталыңыз.
4.
Бағалау үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сипаттаңыз 
5.
Бағалау үдерісіне оқушылардың қатысуы және өзара әрекеттестігі: бірін-бірі 
бағалау, өзін-өзі бағалау, бағалау пікірі түсініктерін сипаттаңыз. 
13-тақырып. 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ 
ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУ 
 
13.1 Белсенді танымдық іс-әрекет ұғымы. 
Білімді меңгеру ұзақ 
уақытты керек ететін күрделі үдеріс. Таным үдерісі туралы тео-риялық 
түсініктемені таным теориясы береді, онда бейнелеу тео-риясының алатын 
орны ерекше. Бұл теорияға сай объективті дүниені тану үдерісі адамның 
сана-сезіміндегі шындық құбылыстар бейнесінің ерекше үлгісі болып 
табылады. 
Таным
дегеніміз сыртқы құбылыстардың адам санасында бейне-ленуі. 
Танымның мақсаты – жеке тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың 
бейнеленуі.
Танымдық белсенділік
- оқушының іс-әрекетінің, оқу-тәрбие 
үдерістерінде тұлғаның іс-әрекетінің сапасы. 
Г.И.Щукинаның 
анықтауынша,
оқушыныңтанымдық 
іс-әре-кетін
белсендіру
– оқу мен оқытудың қалыптасып қалған түрле-ріне деген 
инерцияны жеңуге, мұғалім мен оқушының тиімді бірлескен танымдық іс-
әрекеттеріне бағытталған үдеріс. 
Танымдық іс-әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой 
әрекеті.Оқу, білім алу – адам жеке басының танымдық әрекетінің ерекше 
түрі. Оқи жүріп, білім негіздерін меңгере отырып, олар өздерін қоршаған 
дүниені таниды. 
Мектептің міндеті – оқушыларға құндылықтар жүйесін дары-тудың 
үдерісі 
кезінде 
танымдық 
іскерлікті 
оқушының 
талабына 
сай 
қалыптастырып, олардың мектеп қабырғасында ғылыми танымның 
әдістемелері туралы мағлұмат алуларына жағдай жасап, осы бағытта оқу-
тәрбие үдерістерін ұйымдастыру. Егер оқушылар жеке тұлғаның


314 
құндылық бағдарының мәнін, маңыздылығын ұғынса, білсе, жеке тұлғаның 
құндылық 
бағдар 
үдерісінің 
ерекшеліктері 
мен 
заңдылықтарын, 
компоненттерінің маңыздылығын, жеке тұлғаның құндылық бағдарын 
меңгеруге қажетті іс-әрекеттердің маңыздылығын түсініп, соны мең-геруге 
қажетті білім негіздерін игерсе, онда танымдық іс-әрекеттің тиімділігінің 
артқаны.
Бұл оқушыларға өздерінің болашағы туралы, болашақ маман-дығы 
туралы, бастапқы мағлұматтар алып, өз мүмкіндігін пайдалана білуіне
білімнің пайдасы мен маңызын саналы түрде ұғынып, түсі-нуіне көмектеседі. 
Білімді меңгерудің басты көрсеткіштері оқушы-лардың алған білімдерін 
жалаң түрде қайталап айтып берулерімен анықталмайды, сол алған 
мазмұнына орай өз пікірлерін ортаға салып, ойларын ашық білдіруді, жалпы 
өзінің көзқарасын анық батыл түрде білдіріп, өз бағасын беруі болып 
табылады. 
Мектеп іс-тәжірибесінде білімді формальды түрде, яғни нем-құрайлы 
меңгеру жиі кездеседі. Оқушы ғылыми фактіні біле тұра, оны саналы түрде 
түсініп, ұғынбайды, ғылым оқушы үшін бұл жағдайда жеке тұлғалық мәнге 
ие болмайды, жай құбылыс ретінде қалып қояды. Білім мен оны саналы 
түрде сезінудің арасындағы мұндай алшақтық білімнің маңыздылығын, яғни 
құнын түсіреді, білімнің маңыздылығы оның абстрактілі күйде болуының 
салдарынын пайда болады. Оқушы білімді жай, уақытша қажеттілік деп 
санаса, онда білімнің маңыздылы-ғы төмендейді. Ал егер де оқу әрекетін 
басқа іс-әрекеттермен (шығар-машылық, болжамдық, танымдық қырым-
қатынас, бағалау) байланыс-тырса, онда «білсем», «маған керек», «маған 
қажет» сияқты мотив-терге ұласатыны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет